Ең қиын деген сабақтардан 7 немесе 8 сыныптардың кітаптарынан бастап дайындалған жөн. Және мынадай түсінік бар: "әйтеуір бір пәннен қай жерін шала - пұла не аз білсең, оқымасаң дәл сол жерден сұрақ келеді" дейтін. Сондықтан білмейтін тарауларыңды бірінші оқып,миыңа құйып аласың. Тест жаттау қиын, оңайы: төменгі сыныптардан бастап қайталаған. Қиын пәндер бірінші, қиын сұрақтар бірінші болып есте қалуы керек. Тарихтан ойға келмейтін сұрақтар келетін болады, қанша жақсы оқысаң да 15-балдан асыру мүмкін болмайды дейді. Мүмкін, онлайн тесттерден дайындалсаң, сұрақ кітапшаларын алсаң мүмкін асырармыз, ә, 2014 түлектері?