+3 дауыс
10.9k көрілді
Жалпы, ұл балаларға қандай сыйлықтар ұнайды. Оларға қандай сыйлықтар берген жөн?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
http://podborpodarka.ru/podarki/parnu/

http://helpster.ru/page.php?id_n=599
Қазақша ақпараттарда жоқ емес қой, бар!!
Құдайға шүкір орысша түсінеміз қазір 21 ғасырдамыз
+3 дауыс
Ручка!!!!!))))) сырты әдемі, жақсы жұғатын ручкала алғанды жақсы көремін өзім)
Ручканның дұрыс жұқпай қалуы қатты қиналтқан сыңайлы ғой сені)))))))
аха)) .........
+3 дауыс
Ескіде біз қыздарға туылған күндеріне айна, тарақ сыйлап, шаштарынан тартатынбыз. Қиқарларымыз. Ал қыздар бізге әтір, қолорамал, қолдарымен еңбек пәнінде тігілген оюлы-өрнекті кестелерін сыйлайтын. Ал қазіржағдай өзгерді … Кемелдендік. Бақуаттандық. Қыздар бізге қазір Арманидің қымбат галстугінен бастап, Балдесарринидің әтіріне дейін сыйлайтынды шығарды… Ал біз оларға айна, тарақ сыйлап, шаштарынан тартамыз. Қиқарларымыз… Әжуа әжуамен ғой, ал даталы күндерде бір-бірімізге сыйлық ұсыну дәстүрі өміршең боп қала берері сөзсіз. Жігіттер қыздарға не сыйлау керегін көп ретте біле бермейді, қыздардың өздері сыбырлайды. Пыш-пыш етіп. Құлақтарына. Осылайша нәзікжынысты өзіне қалаулы презентті нұсқап алдырта алады. Ал жігіттер пыш-пыштасуға келгенде нөл! Айту – өліммен тең. Не қаларынайту. Не қыларын айту. Оған… Ал өзіне сюрприз керек. Біліп көр не сыйлауың керегін. Қыз-келіншектерге сыйға не тарту турасында гәп көп те, ердікі елеусіз қалады. Сондықтан қыздар тарапынан осы «ілім» саласында вакуум орнап қалу қаупі бар. Қауіп-қатердің алдын-алуға құлықтысіздің блогыңыз, олай болса, ерадамның өзіне не сыйлануына қарсы болмауы мүмкін екенін тізіп көруге талпынып көрсін: • Не көп, бутик көп. Біреуіне барып маркасы танымал XL көйлек, оған қосып, сіздің талғамыңыздың оңай емес екенін күшейту үшін, көйлектің түр-түсімен үндесетін галстук аласыз. Бұл сіздің бутикте басықалғыр сәнқой екеніңізді білдіреді. Тиісінше, соңыра ол да сізге сыйлық сыйларда сізгешамамен қандай сапада зат сыйлауын білетін болады. Өзіңізге не тілесеңіз, оған да соны тілеңіз. Картинаны толықтыру үшін топли да ала саламын деп тыраштанбай-ақ қойыңыз. Ер адам топлиды өзі алғанды жақсы көреді. Шүйлікпес жерге килікпеңіз. Бұл – ереже! • Не көп, парфюмерлік салондар көп, аяқ алып жүргісіз. Маусымның соңғы үздік үлгілері санатынан “212 Men”, “Lacosta”, “Hugo Boss”, “Kenzo”, “Givenchy” сынды иіссулар ешқашан шықпайтынын ойға түйіп алғайсыз. Айтпақшы, есте болсын: ерлер ешқашан оларға сыйланажақ сияпаттың қышыр-қышыр қағазға не басқа да аппликациялық көркемөнер туындысымен апталғанын қаламайды. Ол еңбегіңізді қатты бағалай қояды деп сенбеңіздер. • Жұмыс икемі мен форматына келіңкіресе жұмсақтеріден «иленген» портфель, не болмаса дәл сондай шикізаттан әзірленген портмоне сыйлаңыз. Функционалдық сипаттарына аса мән беріңіз. Сіздің қамқоршы екеніңіз бірден білінеді. • Сағат. Әдемі сағат. Әдемі швейцариялық сағат. Әншейін әдемі швейцариялық сағат. Сағатының кіші тілі де, үлкені де озбайтыны, ләжі болса. Қапсырмасы міндетті түрде темірден болмаса да, жұмсақ терілісі болса да жарайды. Бұл сыйлық әсіресе оның сізге үйленуге ұсыныс жасауы тым кейінге шегеріліп бара жатса өзекті болады. • Бейқытайmade нәски. Мүмкін болса, бес-алты пар. Қолыңызбен материалын ұстапкөріңіз, қатты қалың емесі, жұмсағы, аяққа мамықтауы жақсы. Сізге оның проблемалары қызықсыз емесекенінің көрсеткіші. Қайбір шұлық болмасын, бір-екі киіліп, жуылғасын тозады. Ер адам әр киісте жаңасын кигенді ұнатады. Сізге ұнамды болуы үшін. • Егер еріңізде ақылы спутниктік антеннасы бар болса, оған білдіртпей абоненттік төлем қабылдау орталығына барып, ақылы футбол арналарын қостыртыңыз. Алдын-ала бір жылға ақысын өтей салыңыз. Сіз оның қызығушылықтарынабей-жай қарамайсыз деген нышан бұл. Бұл ишаратыңыз сізге деген үрмет пен құрметтіңбаяғысынан бірнеше еселене түсуіне себепкер боп жатса, таңқалмаңыз. • Банктан алған несиесі бар болса, оған білдіртпей, бес-алты айдың қайтарым төлемін өтеп тастаңыз. Оған чекті көрсетіп жатып, оның жүзіндегі қуаныш калейдоскопының құбылу құбылысын бақылауды ұмытпассыз. • Англияға қысқамерзімді туристтік жолдама сатып әперіңіз. Бір кіслік. Ия, жалғыз өзі барсын. Сергіп қайтсын. Алғанда да, жолдамаға қосарлатып «Манчестер юнайтедтің» бір матчына билетті де алдыртыңыз. Бұнсыз жолдама қажетсіз. Мәнсіз. Бұл сіздің ер адамның жанды төшкілерін мүдірмей дөп басатын көріпкел қасиетіңіздің айшықты көрінісі болады. Сыйлық деген жақсы ғой. Кім жек көрсін. Жылтыраған үлде мен бүлдеге көбі құмар. Бірақ оны қуантып жүрудің басыбайлы амалдары тек осы келтірілгендермен шектелмесін де түртіп алғайсыз. Негізі, біле білсеңіз, сіздің оны күніге күліп қарсы алып, күліп шығарып салуыңыздың өзі ең үлкен сыйлық! Мәлiмет көзi: http://www.nurgisa.kz/?p=956 және мынаны да қараңыз http://massaget.kz/15-suir/1347
...рахмет...
+2 дауыс

МЕн сағат деп жауап берер едім.

...рахмет...
+3 дауыс
менде сағат дейтін едім,себебі қазіргі таңда моды болды
...рахмет...
0 дауыс
Осы ұлдарға келгенде түк таппаймыз ғой əйтеуір
0 дауыс
Әркімнің жас ерекшелігіне қарап аламын. 7-8 жастағы балаларға компютерлік ойындар ұнайды. 16-18 жастарға модадағы заттар ұнайды. Ересек адамдарға әтір, сағат дегендер
...