+2 дауыс
60.5k көрілді
қазақ тілінен 4-сынып олимпиадалық тесттер керек еді

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ тілі Олимпиада 4-сынып

Қазақ тілі олимпиада сұрақтары
2-4 сыныптар
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
А)   37                             Ә)    42
Б)   12                             В)    36
2. Қара деген сын есімге қарсы мәндес сын есімді белгіле:
А)   ақ;                            Ә)    жоғары;
Б)   алыс;                       В)    қызыл;
3. Қате жазылған сөзді тап:
А)   жию;                           Ә)    жою;
Б)   қиу;                             В)    жантаю;
4 . Мәтін түрлерін ата:
А)   Әңгімелеу,   сипаттау, пайымдау:
Ә)   Әңгімелеу,     мәтін,   пайымдау:
Б)   Әңгімелеу,     негізгі ой, пайымдау:
В)    Әңгімелеу,  тақырып, пайымдау:
5 . Біріңғай үш буынды сөз қатарын көрсет.
А)   гүл, құс, ағаш;            Ә)    оқушы, бүлдірген;
Б)   қарсақ, тиін, түлкі;    В)    аю, қарға, бұғы;
6 . Бір буынды сөзді көрсет.
А)   аққу;                          Ә)    тиін;
Б)   елік;                            В)   құс;
7. Не істеді? Қайтті? –қай сөйлем мүшесінің сұрағы?
А)   Бастауыш.                           Ә)    Баяндауыш.
Б)   Тұрлаусыз мүше.     В)   Сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.
8.  Сөйлемді белгіле:
А)   Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Ә)  Ұшып кетті.
Б)   Құстар
В)   Жылы жаққа
9. Сағат деген сөзде дауысты дыбыс саны:
А) 1                                Ә)    2
Б)  3                               В)    4
10. Сұраулы  сөйлемнің соқына қойылатын тыныс белгісі:
А)   леп белгісі;                             Ә)    сұрақ белгісі;
Б)   нүкте;                                      В)    үтір;
11. Б,в,г,ғ,ж,з дауыссыздары:
А) қяң;                       Ә) қатаң;
Б) үнді;                      В) үнсіз;
12. Тасымалдауға болмайтын сөздер қатарын көрсет:
А) дала, орман, тауық;                Ә) сүт, қия, сөз;
Б) оқулық, өлең, буын;            В) жазушы, жазғы, тұтқа:
13. Тақырып дегеніміз:
А) бір бөлімнің аты;
Ә) мағынасы бірдей екі не одан көп сөз;
Б) мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні;
В) бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем:
14. Бас әріппен жазылған сөзді тап:
А) Тараз;          Ә) Таразы;           Б) Ақпан;            В)Шілде.
15. Сын есім дегеніміз не?
А) Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер;
Ә) Заттың атын білдіретін сөздер;
Б) Заттың санын білдіретін сөздер;
В) Заттың қимылын білдіретін сөздер.
бул тест оте жаксы екен
0 дауыс
1-ә,2-а,3-б,4-в,5-ә,6-в,7-ә,8-а,9-ә,10-ә,11-ә,12-ә,13-б,14-а,15-а
0 дауыс
2-4 сынып ережелер жинағы

 

Дыбыстар. Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.

Дыбыстар

 

                                             

                                                                                                                                                                           

Дауыссыз дыбыстар

 

Дауысты дыбыстар: а,ә,о,ө,е,ұ,ү,і,ы,и,у,э

 

                                                                                                                                   

                                                                                                                      

Қатаң дауыссыздар:              қ,к ,п,ф,т,с,ш,ч,ц,щ,х,һ

 

                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

            Тасымал

Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынын келесі жолға бөліп жазуды тасымал деп атайды.

Мынандай жағдайларда тасымалдауға болмайды:     

Бір дауысты әріпті жол соңында  жазып, қалғанын тасымалдауға болмайды. Мысалы: а-та , ә-зір, ө-нер
Сөздің ең соңғы бір дауысты әріптен тұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы: арми-я, ке-ю, си-я
Бір буыннан тұратын сөздер тасымалданбайды.

Мысалы: бұлт, төрт, салт, жұрт, құрт, қарт, өрт,ант, қар, сүт

Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды.

Мысалы: ТМД, БҰҰ, ОҚО   

Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды.

Мысалы:  А. Құнанбаев, М.О.Әуезов

Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөздерден бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы: 18 м, 56 см,12 кг
Дауыссыз й,у дыбыстары дауысты дыбыстардың ортасында келсе  онда й мен у келесі буынның алдыңғы әрпі болады.

Мысалы:  қа-йық, са-уын, ке-йін, та-уық

Тасымалданған қатардағы буын дауысты дыбыстан   

      басталмауы керек. Мысалы: дыб-ыс, қос-ымша бұлай тасымалдауға       

      болмайды.    Дұрысы: ды-быс, қо-сымша немесе қосым-ша    

 

 

Буын

Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады.

Ашық буын. Бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе  дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын буынды ашық буын дейміз. Мысалы: а-та, ә-ке, қа-ла, та-ма-ша
Тұйық буын. Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды тұйық буын дейміз. Мысалы: от, ұн, ант, ұлт
Бітеу буын. Екі жағында дауыссыз дыбыс тұрып ,ортасында дауысты дыбыс болатын буынды бітеу буын деп атаймыз.
Мысалы:  көл, қар, гүл, қант, бұлт, қарт, жұрт

Дұрыс жазып үйренеміз!

Дауыссыз дыбыстырдың бір-біріне ықпал етіп , өзара үндесіп айтылуын  дыбыс үндестігі деп атайды.

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады. Мысалы: әуе, уақыт , Зәуре
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады. Мысалы: улап-шулап, ушықты ,ту, су, улы, сусын, келу
Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы оқы-оқу, тасы-тасу,бекі-беку,телі-телу
И дыбысының алдында ы,і естілгенімен ,олар жазылмайды.                          Мысалы: киім, сирек
И-дауысты, й дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: Жиек, би, ит, Иса. Й дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай,қайыс
Сый, тый және бұлардан тараған сөздерде тек ый жазылады: сый, сыйлық,сыйды,тый,тыйым
Сөзде йа дыбыстары естілгенмен ,жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая, ұя , сая, таяқ , қияр, қоян , қия, қиял,бояу,саяхат
Сөзде йу дыбыстары естілгенімен ,жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады. Мысалы: аю, қою, ою, сарғаю ,есею
П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе ,п дыбысы б-ға айналады: кітап- кітабы, талап-талабы
Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе ,қ дыбысы ғ-ға айналады: қабық-қабығы, бұршақ-бұршағы
Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе ,ол г-ге айналады:  елек-елегі, кірпік –кірпігі, бүйрек-бүйрегі
Сөз басындағы л,р әріптерінің алдынан ы,і естілгенімен ,олар жазылмайды: лақ, рет, рас

 

 Сөз-заттың сапаның қимылдың ,санның атауы. Мысалы: ай,үш,әдемі

Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Мысалы: ине –тігу құралы, кірпінің инесі, ағаштың инесі
Дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағыналары бір-бірінен алшақ сөздерді омоним сөздер (айтылуы бірдей мағыналары әртүрлі сөздер)  деп атайды. Мысалы: ара –жәндік, ара- ағаш кесетін құрал

Айтылуы әртүрлі,мағыналары бір –біріне жақын сөздерді  синоним сөздер( мағынасы жуық сөздер) деп атаймыз . Мысалы:әдемі,сұлу,ажарлы
Бір-біріне қарама қарсы мәнде айтылатын сөздерді антоним сөздер  (мағынасы қарама-қарсы сөздер) деп атаймыз.   Мысалы: ақ-қара, ұзын-қысқа

 

Сөз құрамы

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз. Қосымша жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.

      Мысалы: жұмыс - жұмыс+шы , ойын – ойын+шық  

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

      Мысалы: жұмыс – жұмыс+та, ойын – ойын+ға

Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ алдымен, жалғау жұрнақтан кейін жалғанады.

    Түбір+ жұрнақ+ жалғау

    Мал +   шы     +  лар  

    Дәрі +   гер      +  ді

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз: ер+лік, тату+лық, жұмыс+шы
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: домбыра+шы+лар, аспаз+шы+лар
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса ,оған жалғанатын қосымшалар да жәіәшке болады: сурет+ші+лер, іс+мер+лер
Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап-кітабы, құрық-құрығы,әріп-әрпі
Бір түбірден жасалған сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз. Мысалы: кітап+ша, кітап+хана+шы, кітап+хана

 

    

 

 

Синтаксис сөйлем түрлерін, олардың жасалу жолдарын, сөз тіркесі мен , сөйлем мүшелерін, олардың мағыналары мен жасалу жолдарын қарастырады.

 

Сөйлем

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.  Сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы , сұраулы , лепті сөйлем болып бөлінеді
Бірдеңенің жайын хабарлау, баяндау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.

Мысалы: Оқушылар мектепке барды.

Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлеммді сұраулы сөйлем деп атайды. Сұраулы сөйлемнің соңына ? белгісі қойылады. Мысалы: Сенің атың кім? Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары бөлек жазылады: Апаң үйге келді ме?
Адамның көңіл –күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. Мысалы:Ауа-райы қандай жақсы!
Сөйлем құрылымына қарай жай сөйлем  және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді
Бір ғана  тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем деп атайды: Қыс түсті.  Балалар шаңғы тепті.
Жай сөйлем жалаң және жайылма сөйлем болып екіге бөлінеді.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Айгүл биледі. Самат ұйықтады. Атам ауырды.
Құрамында тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы: Айгүл әдемі биледі. Самат ұзақ ұйықтады. Атам қатты ауырды.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Қатира келді, мені мектепке ертіп кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлем мүшелері

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы,басқа сөздермен байланысқа түсіп , тіркес құрайтын             сөздерді сөйлем мүшелері деп атаймыз.

Мысалы:     кім?      немен?      не істеді?

                     Айдын   бормен     жазды.

Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді. Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды.    Мысалы: келді, барды

Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды. Мысалы: келе жатыр, бара жатыр.

Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп ,бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз.Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. Мысалы: Аулада ақ, қызыл, сары, көк гүлдер жайқалып тұр.                                                                 Сөйлемде бірыңғай мүшелер санамалап оқылады.Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мысалы: өзендер, көлдер-жердің берекесі. Өзен,көлдер –жердің берекесі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері ма, па,пе, та,те,да,де, мен шылаулары арқылы да жасалады.
Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз. Мысалы: тұнық су, екі оқушы

    Қимыл ,іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? сұрақтарына жауап береді.  Мысалы: Боран соқты.  Ауылдан   әкесі   келді.
Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: Әсем    биледі.      Жаңбыр    жауды.

Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса,бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады. Әмір –күйші.  Алматы- сәулетті қала.
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Мысалы:  Асан келді
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер деп аталады.Оларға: қандай? кімге? нені? қанша? қайда? т.б сұрақтар қойылады:  Асан ауылдан кеше келді.
Сөйлем мүшелері мағынасына қарай өзара байланысып айтылады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

     Шешем    отты      көсеумен       қозғады.

 

 

 

Сөз таптары                  

                                         Зат есім

Заттың атын білдіретін сөзді зат есім деп атаймыз.Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? сұрақтары қойылады.    Мысалы: кеме , әже, ағаш, нағашы.
Адамдарға қатысты сөздерге кім? кімдер? жануарлар мен заттарға не? нелер? Деген сұрақтар қойылады.   
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары,жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.   Жалқы есімдер әрқашан бас әріппен жазылады. Мысалы: Айжан, Шымкент ,Шаян, Алатау, Ақтөс , Есіл
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. Мысалы: кітап, өзен, аққу, оқушы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не?сұрағына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата,құс,түйе
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі деп атайды: аталар, құстар, түйелер
Зат есімнің көпше түрі –лар,-лер, -дар,-дер,-тар,-тер  жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар көптік жалғау деп аталады. Мысалы: бала+лар , доп+тар, гүл+дер
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атаймыз.

    Мысалы: жер,ана,көз

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атаймыз.Мысалы: бай+лық, кезек+ші, дос+тық
Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауды тәуелдік жалғаулар деп атайды. Тәуелдік жалғаулар үш жақта ,жекеше,көпше түрде айтылады.

                            Зат есімнің тәуелденуі

жақ

Жекеше

жалғауы

Көпше

жалғауы

І

Менің қалам

-м,-ым,-ім

Біздің қаламыз

-мыз,-міз,

-ымыз, -іміз

ІІ

Сенің қалаң

-ң,-ың,-ің

Сендердің қалаларың

-ң,-ың,-ің

 

Сіздің қалаңыз

-ңыз,-ңіз,     

- ыңыз,-іңіз

Сіздердің қалаларыңыз

-ңыз,-ңіз,     

- ыңыз,-іңіз

ІІІ

Оның қаласы

-ы,-і, -сы,-сі

Олардың қалалары

-ы,-і, -сы,-сі

 

 

 

Зат есімнің жіктелуі

Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда , оған І, ІІ жақта жіктік жалғауы жалғанады. Жіктік жалғаулар  баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанады.

жақ

Жекеше

жалғауы

Көпше

жалғауы

І

Мен оқушымын

-мын,-мін

-бын,-бін,

-пын,-пін

Біз оқушымыз

-мыз,-міз

-быз,-біз

-пыз,-піз

ІІ

Сен оқушысың

-сың,-сің,

 

Сендер оқушысыңдар

-сыңдар,

-сіңдер

 

Сіз оқушысыз

-сыз,-сіз

Сіздер оқушысыздар

-сыздар,

-сіздер

ІІІ

Ол-оқушы

-

Олар- оқушылар

 

Зат есімнің септелуі

 Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды. Зат  есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі деп атаймыз.

Септіктер

Сұрағы

Жалғаулары

Мысал

Мысал

Атау септік

Кім? не?

-

Дәрігер

Доп

Ілік септік

Кімнің ? Ненің?

-ның,- нің,    -дың,- дің,   -тың,-тің

Дәрігердің

Доптың

Барыс септік

Кімге ? Неге?

-ға,-ге,-қа,-ке

Дәрігерге

Допқа

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

Дәрігерді

Допты

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да,-де,-та,-те

Дәрігерде

Допта

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

-нан,-нен,- дан,-ден,      -тан,-тен

Дәрігерден

Доптан

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

-мен,-бен,-пен

Дәрігермен

Доппен

Атау септіктегі сөздер негізінен бастауыш болады.Қалған септік жалғаулары жалғанған сөздер сөйлемде тұрлаусыз мүшелер болады.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде ерекшеліктер болады. І, ІІ жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте –а,-е жалғаулары жалғанады.
ІІІ жақ тәуелдеулі зат есімдер септелгенде төмендегі септіктерге мынандай септік жалғаулары жалғанады:                                                          Б.С –на, -не :   досына, дәптеріне

Т.С –н  :           досын ,дәптерін

Ж.С  - нда,-нде:  досында, дәптерінде

   

 

      Етістік

Заттың қимылын ,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік деп атаймыз. Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті ?  деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: өсті, ойнады, биледі, ұйықтады, жазды, оқыды

Етістіктер дара және күрделі болып бөлінеді. Дара етістік бір сөзден тұрады. Мысалы: келді, оқыды, көрді,жазды
Күрделі етістік екі , үш сөзден тұрады. Мысалы: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр , жүзіп бара жатыр

Етістік  негізгі және туынды болып бөлінеді.
Түбір сөзден  болған  етістікті негізгі етістік деп атаймыз.

    Мысалы: оқы , жүр, күт, ки

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті  туынды етістік  деп атаймыз.Мысалы: ақыл+дас, ой+лан, әк+те
Етістік болымды (ойна, оқы) және болымсыз (ойнама,оқыма) болып екіге бөлінеді.
Болымсыз етістік болымды етістікке –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: жұл+ма, бұз+ба

                       

                                  Етістіктің жіктелуі

Етістікке іс-әрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанады. Мысалы: жүрмін,жүрсің,жүр.

Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейді.

                                Етістіктің шақтары

Етістік іс -әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Соған орай етістіктің үш шағы болады: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ етістіктер іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді. Осы шақ етістіктері не істеп жатырмын? не істеп жатырсың? не істеп жатыр? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: жазып отырмын.
Өткен шақ етістіктері іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіреді: оқыды, келіпті, ағытты. Өткен шақ етістіктері не істедім? не істедің?                не істеді? сұрақтарына жауап береді.
Келер шақ етістіктері іс-әрекеттің алдыңғы уақытта болатынын білдіреді. Мысалы: егемін, егесің,егеді. Келер шақ етістіктері не істеймін? не істейсің? не істейді? сұрақтарына жауап береді.

 

 

 

 

 

Сын есім

Заттың түрін, түсін,сапасын,көлемін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.  Мысалы: қызыл , тәтті, әдемі,ұзын ,биік, кең, аласа, тар, ащы
Сыни есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Түбір сөзден  болған  сын есімді негізгі сын есім  деп атаймыз.

    Мысалы: таза, әдемі

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді  туынды сын есім  деп атаймыз. Мысалы: өнер+лі   , күш+ті
Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім деп атаймыз. Мысалы: қалың –жұқа , ащы – тәтті, жұмсақ – қатты.
Сын есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Дара сын есім бір сөзден тұрады.Мысалы: көк , қою, ұзын
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек – бөлек жазылады. Мысалы: ақ сары, көк ала.

 

Сан есім

Заттың санын, ретін  білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: бес, жеті, екінші, алтыншы.
Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді.
Есептік сан есімдер заттың дәл санын білдіріп,неше? қанша? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: екі, бес,мың  алты жүз
Реттік сан есімдер заттың рет санын білдіріп нешінші?,қаншасыншы? деген  сұрақтарға жауап береді. Олар есептік сан есімдерге -ыншы,-інші ,   - ншы,-нші жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бес+інші,алты+ншы
Сан есімдер дара және күрделі болып екі түрге бөлінеді.
Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Мысалы: бір, мың, жүз

Күрделі сан есімдер екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек –бөлек жазылады. Мысалы: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, мың тоғыз жүз бес.

 

 

 

 

 

Есімдік

Зат есім , сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді                есімдік дейміз. Есімдіктер: мен ,сен,ол, біз,  өзі ,бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім,ешқашан, әрқайсысы т.б
Мен біз,сен, сіз ,ол сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдіктері жіктеледі,септеледі.

А.с    мен , ол                             Ж.с    менде, онда

І.с     менің, оның                       Ш.с   менен, одан

Б.с    маған, оған                        К.с     менімен, онымен

Т.с    мені, оны

 

Үстеу

Іс-әрекеттің мезгілін ,мекенін,сын –қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз. Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Кемел кітапты тез оқиды. Алмас кеше келді. Айгүл сыртта тұр.
Қашан? Қашаннан? сұрағына жауап беретін үстеулерді мезгіл үстеулері деп атаймыз. Мысалы: Таңертең барамын. Жаздай демаламыз. Мезгіл үстеулері: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, күндіз, күні-түні, қысы-жазы, күні бүгін, күні кеше, күн ара,ала жаздай т.б
Қайда? Қайдан? сұрағына жауап болатын үстеулерді мекен үстеулері дейді.  Мысалы: Су  жоғары көтерілді. Ат ілгері жүрді.                                         Мекен үстеулері: ілгері, әрі,бері,әріде,әрмен,жоғары,төмен, жолшыбай, алды-артынан, одан –бұдан, сонда. т.б

Қалай? Қайтіп? Қалайша? сұрағына жауап болатын үстеулерді сын қимыл үстеулері дейді. Мысалы: Ол тез оқиды. Әжем ақырын сөйледі.  Сын қимыл үстеулері: бірден, бірдей, бірге, осылай, осылайша, сөйтіп, өйтіп, бірте- бірте, жатпай-тұрмай, ойлай – ойлай, бет алды, қаннан қаперсіз.

 

Одағай

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл – күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді. Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Бәрекелді, өнерлі бала екенсің! Ойпырай, ит қауып алған жоқ па?!

 

 

 

Шылау

Толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді ,сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздерді шылаулар деп атаймыз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын шылаулар: мен ,бен, пен, және.
Күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін шылаулар: да,де,та,те

Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да,де,та,те шылаулары- ның арасына үтір қойылады. Мысалы: Асан да, Үсен де,  ерте келді.

Сұраулық мағына үстейтін шылаулар: ма,ме,ба,бе,па,пе.

Қайталанған ма,ме,па,пе,ба,бе шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: Бүгін кезекші Сәуле ме, Дархан ба?

Сөзге үстеме мағына беретін шылаулар: үшін, дейін, шейін, туралы.  Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді. Мысалы: Жұмысыңды күзге дейін бітір.
Шектеу, даралу, өтініш мағыналарын үстейтін шылаулар: қой,ғой, ғана, қана, -ақ. Қой,ғой шылаулары өзі қатысты сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш болады.  Мысалы: Көрші үйге барып келе ғой.
-ақ шылауы өзі жалғанған сөзінен дефис арқылы бөлініп жазылады.   Бұның жөн-ақ

            Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.

Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады. Мысалы: Бүгін барма. Қаламың бар ма? Суға тиме. Үсен ертең келе ме?
Да,де, та,те шылау болса ,атау септіктегі сөзбен байланысады да , бөлек жазылады. Мысалы: Күн де жылынды, көк те шықты.
Да, де,та,те жатыс септік жалғауы болса ,өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады.
Мен,бен,пен шылау болса , бөлек жазылады. Мысалы: Қағаз бен қалам алады.
Мен, бен,пен көмектес септік жалғауы болса ,өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады.  Мысалы:  Мен әкеммен сөйлестім.

 

Еліктеу сөз

Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар: еліктеуіш сөз, бейнелеуіш сөз.

* Дыбысқа еліктеуден болған сөздерді еліктеуіш сөздер деп атаймыз.              Мысалы: сырт-сырт, пыс-пыс, тарс-тұрс, даң-дұң. Бұлақтың сылдыры, иттің ырылдауы, зеңбіректің гүрсілі.

* Табиғаттағы түрлі құбылыстардың бейнесін елестетуден пайда болған сөздерді бейнелеуіш сөздер деп атайды. Мысалы: маң-маң, жарқ-жұрқ

Елең етті, алшаң басты.

 

Қыстырма сөз

Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін , бірақ  өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды. Мысалы: Мүмкін , ол ерте келіп қалар.

 

[Подпись: Қыстырма сөздер мағынасына қарай]                   

                 түрі

      мысалы

Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіреді

Амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай

Сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді

Сөз жоқ , бәсе, рас, әрине, шынында

Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді.

Меніңше, сіздіңше, оның пікірінше,т.б

Долбармен ғана немесе сенер сенбестікпен айтылғанын білдіреді

Сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім

Алдыңғы айтылғанға қорытынды жасау үшін жұмсалады.

Олай болса, демек, сөйтіп,  сонымен, қысқасы, айтпақшы, т,б

Ойды санамалап дәлелдеу үшін жұмсалады

Біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында

 

Сөз тіркесі

Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз: тұнық су, екі оқушы, сауатты жаз. Жасалуы: Зат есім + зат есім , сын  есім + зат есім,  сан  есім + зат есім,  зат есім + етістік

                                       негізгі мағынаны білдіреді;

Сөз тіркесінің                анықтайды.

екінші сыңары

                                           арқылы сөз тіркесінің бірінші

                                           сыңарына сұрақ қоямыз

                           

Сөз тіркесінің                 екінші сыңарының негізгі мағынасын

бірінші сыңар                  анықтай, дәлелдей түседі.

 

*  Орын жағынан әбден қалыптасқан,құрамы өзгертуге келмейтін,бәрі тұтасып бір мағына білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі болатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Мысалы: Көзді ашып жұмғанша (жылдам), қоян жүрек (қорқақ). Тұрақты сөз тіркесі ойды көркем, әсерлі жеткізуге көмектеседі.

 

Күрделі сөз

Екі немесе  одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз.                

             Мысалы: бозторғай, Сарыарқа, ата-ана, теміржол

Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді  біріккен сөздер        

           дейміз. Олар бірігіп жазылады. Мысалы: алабота(шөп аты) ,  

           балқарағай

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі           

            ауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыағаш, Сарыарқа

Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер  деп                  

            атайды. Жазуда қос сөздің арасына сызықша қойылады. Мысалы:                

            мая-мая, әке-шеше, құрал-сайман, көре-көре.

Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы  

            арқылы жасалады. Мысалы: айта-айта, ар-ұят, киім –кешек.

 

Қайталама қос сөздер

Қосарлама қос сөздер

Бір сөздің қайталауынан жасалған қос сөздер: күрт-күрт, шөре-шөре

Екі сыңарының да мағынасы бар қос  сөз: құрбы-құрдас, тау-тас

Бірінші сыңарына қосымша жалғану арқылы жасалған қос сөз: бетпе-бет

Бір сыңарының мағынасы жоқ: бала-шаға

Екі сыңарына да қосымша жалғану арқылы жасалған қос сөз: үйді-үйіне

Екі сыңарының да мағынасы жоқ: ығы-жығы

Бірінші сыңары  күшейткіш буын  арқылы жасалған қос сөз: сап-сары

Қысқарған сөздер

Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады. Мысалы: ҚР, БҰҰ, педкеңес. Бұлар қысқарған сөздер деп аталады.

Қысқарған сөздің жасалу жолы

Мысал

Қосымшаның жалғануы

Сөздердің бастапқы дыбыстары алынады

ҚХР, ҚР

БҰҰ-ға,             АҚШ-тың

Бірінші сөздің алғашқы буынына екінші сөз өзгертілмей қосылып жазылады

медколлеж

Педколлежге

педкеңеске

Сөздердің бастапқы буындары алынады

Ұжымшар,кеңшар

ұжымшарға

Бірінші сөздің бастапқы буыны мен қалған сөздердің бастапқы дыбыстары алынады

ҚазМУ, ҚазҰПУ

ҚазМПУ-да,

 

Өлшем атаулары

Кг,см, мм

Кг-нан, см-ге

 

Қаратпа сөз

Тілде біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз деп атайды. Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды.  Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.Мысалы:  Шынар, сабаққа барасың ба?

 

Мәтін

  Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтіннің басы ,негізгі бөлімі, соңы болады. Мәтін 3 түрлі болады: әңгімелеу мәтіні (не істеді?) , сипаттау мәтіні (қандай?), пайымдау мәтіні (неліктен?). Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мағыналық және грамматикалық жағынан өзара байланысты болады.
  Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау. Тақырып –мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой –автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір –бірімен тығыз байланыста болады.
Әңгімелеу мәтіні (Не істеді?) Бір нәрсе жөнінде баяндайды.,хабарлайды. Әңгімелеу мәтіні мына төмендегіше құрылады:

Басталуы (оқиғаның басы)      оқиғаның дамуы    оқиғаның шарықтау шегі       оқиғаның нәтижесі

Пайымдау мәтіні (Неліктен?) бір нәрсе жөнінде неліктен солай айтылғаны жөнінде дәлелдейді.

Дәлелденетін пікір    себебі     дәлелдеу пікірі    сондықтан    қорытынды

Сипаттау мәтіні (қандай?)   белгілі бір заттың ,құбылыстың белгілерін көрсетеді,қандай екенін сипаттап суреттейді.                              белгі        белгі
...