0 дауыс
1.4k көрілді
Ұбт ға дайындалу керек, бесінші таңдау пәнге қайсысын таңдарымды білмей жүрмін Физика немесе биология қайсысын таңдасам өкінбеймін, қайсысында қандай мандықтар бар , ақыл қосыңыздаршы достар. мен физикадан шамалылаумын егер физика таңдап жыл бойы дайындалсам жақсы балл жинай аламынба? қайсысын таңдағаным жақсы?

6 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
-----Биология - тек медицина жағында ғана боласың. 7 жыл көлемінде оқу. Түссең жалпы медицина немесе аздап басқа мамандық. Мұғалім деген сияқты. Орташа баллдың өзінен грант болмай қалуы мүмкін.
-------Физика - қалаған мамандық қалаған баллға. Физика таңдап оқуға түссеңде физиканы қосымша пән етіп оқытатын мамандықтарда бар. Физиканың болашағы мықты меніңше.
    Тізімдерді қарап көр: Физикадан әр түрле және саныда көп мамандықтар.
    
  
    Биология бойынша

 050101    Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу    - 81  (ерекше универде аздау)
 050102    Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі   - 89  (ерекше универде аздау)
 050103    Педагогика және психология   - 92  (ерекше универде аздау)
 050105    Дефектология  84  (ерекше универде аздау)
 050503    Психология  91
 050607    Биология - 91
 050608    Экология - 90
 050701    Биотехнологи - 93
 050801    Агрономия  - 78
 050802    Зоотехния (Білмейм)
 050803    Аң өсіру және аңшылық - 74
 050804    Балық шаруашылығы  - 79
 051101    Мейіркештік ісі  - 82  (ерекше универде аздау)
 051102    Қоғамдық денсаулық сақтау - 85
 051201    Ветеринарлық медицина - 79
 051202    Ветеринарлық санитария - 81
 051301    Қоғамдық денсаулық сақтау 85
 051302    Стоматология - 95

Физика бойынша:

050109 - Математика (мұғалім) - 74 (ерекше универде: жоғары)
050110 - Физика - 82
050111 - Информатика 80 (ерекше универде: 60-тын төңірегі)
050601 - Математика (жаратылыстану) - 87
050602 - Информатика (программист) - 87
050603 - Механика - 86
050604 - Физика - 85
050605 - Ядролық физика - 87
050611 - Астрономия - 76
050702 - Автоматтандыру және басқару - 92
050703 - Ақпараттық жүйелер - 92
050704 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - 89
050705 - Математикалық және компьютерлік моделдеу - 95
050706 - Геология және пайдалы қазбалар кен рындарын барлау - 77
050707 - Тау-кен ісі - 75
050708 - Мұнай-газ ісі - 85 (ҚБУ-86)
050709 - Металлургия - 74
050710 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы - 82
050712 - Машина жасау - 77
050713 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары - 83
050714 - Авиациялық техника және технологиялары - 79
050715 - Теңіз техникасы және технологиялары - 60
050716 - Приборлар жасау - 76
050717 - Жылу энергетикасы - 81
050718 - Электр энергетикасы - 87
050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар - 93
050722 - Полиграфия - 80
050723 - Техникалық физика - 87
050724 - Техникалық машиналар және жабдықтар - 76
050725 - Ағаш өндеу технологиясы - 69
050726 - Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауаррлары мен бұйымдарының технологиясы - 72
050729 - Құрылыс - 81
050730 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру - 78
050731 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі - 85
050732 - Стандарттау, метролгия және сертификаттау - 92
050733 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы - 74
050806 - Агроинженерия - белгісіз
050807 - Орман шаруашылық ісі - 84
050901 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру - 92
+6 дауыс
ммм мен де физика таңдап отырмын келер жылға, ал есептерін көріп кейде жылағым келеді! биологияны да жақсы көремін! бірақ мен жыл бойы физикадан дайындылып олимпиядага қатысқанмын, олардан алған жетістіктерімді де қимаймын, көмек болып қала ма дегенім ғо)))) биологияда мамандық аз, ал  физика қазіргі заман мамандарын даярлайды деп айтсақ та болады! қазір техника жетіліп тұрған заман, физика таңдасаң  көптеген мамандықтардың ішінен өзің қалағаныңа түсесің, биология ауызша болғанды?тан к?бісі сол пәнді таңдайды, дегенмен мамандық таңдауда қателеспеген жөн!
+4 дауыс
физика таңдасаң өкінбейсің. мамандықтар көп. тек есепке жақсы болсаң болды ғой))) себебі физика мамандықтарының көпшілігінің бейімдік пәні математика.... өзім биология таңдағам мамандығыма байланысты.
+4 дауыс
Физика дұрыс қой.Менде таңдау кезінде қобалжыдым.Физиканы бір жылда 0 ден үйренуге болады.Жақсы ұстазбен ынтана байланысты! Сәттілік!
+3 дауыс
биология таңдап жоғарғы балл жинайтыныңызға сенімді болсаңыз медицинаның қалаған мамандығыңызға түсе аласыз немесе биотехнология,аз балл жинаған жағдайда вет.медицина,вет.санитария мамандықтарына ойланбастан түсе аласыз. Негізі физика таңдаған дұрыс,физикадан грант көп мамандықтарда көп,теміржолға түссеңіз өкінбейсіз,жұмыспен қамтылуы да,жалақысы да көп.
0 дауыс
биология танда соның мамандықтарында жақсы маман болып шығуға болады бірақ грант аз ал физикада грант коп  бірақ жөнді мамандық жоқ
...