0 дауыс
1.2k көрілді
Маған Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Чарльз Диккенстің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы және суреттері де керек еді (слайдқа).Іздеп көріп едім Чарльз Диккенс туралы орысша шығып тұр.Ғылыми жұмысқа керек еді.Көмектесіңіздерші.Алдын-ала рахмет!

2 жауап

+1 дауыс

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы.Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.

 

http://kk.wikipedia.org

 

Чарльз Джон Хаффем Диккенс ( 1812—1870) — викториандық дәуірдегі ағылшын көрнекті жазушысы, ағылшын сөздігінің данышпаны.
Чарльз Диккенс (ағылшынша Charles Dickens) – әлем әдебиетінің шебер юмористерінің бірі. Диккенс – ағылшынның ең әйгілі романистерінің бірі, жарқын комикалық характерлер мен әлеуметтік сынды туғызушы. Ағылшын сыншыл реализмі тарихының жарқын беттерін Чарльз Диккенс шығармашылығы ашады. Ағылшын әдебиетінің бүкіл бір ғасырының дамуы Чарльз Диккенс есімімен тығыз байланысты. Чарльз Диккенс – ағылшын ұлттық мәдениетінің мақтанышы.
Чарльз Джон Хаффам Диккенс 1812 жылдың 7 ақпанында Портсмутқа жақын жердегі Лендпортта дүниеге келді. 1832 жылы ол «Парламент айнасы» және «Тру сан» газеттерінде репортер қызметін атқарады.

http://kk.wikipedia.org

0 дауыс
Гаухар, көмегіңе рахмет! Бірақ мынау аз ғой ((((
Сілтемеге кірдіңіз бе?! Уақытым аз болғасын қысқаша жазғанмын. Гугл бәрін тауып береді ғой..
Белгісіз
...