0 дауыс
1.0k көрілді
қаланың қай жерінде?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
«Көктем» — таза ауамен және шипалы сумен емдейтін санаторий. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 2 км жерде, Іле Алатауының етегінде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте орналасқан. Бір мезгілде 350-ден астам адам емделеді. 1981 жылға дейін «Көктем» санаторийі «Ремизовка» демалыс үйі болып аталып келген. Таудың таза ауасы мен сұлу табиғаты, табиғи шипалы минералды суы санаторийге келушілердің жақсы емделуі мен демалуын қамтамасыз етеді. Қаңтар айының орташа температурасы –3,8°С, ал шілдеде 20,7°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 780 мм-ге жетеді. 1990 жылы санаторий аумағынан минералдылығы аз, гипертермальды (42 – 44°С) құрамы азотты-сілтілі және хлорид-сульфатты натрийлі, кремний қышқылы мен фторға қаныққан табиғи шипалы жер асты ыстық су көзі табылған. Бұл судың құрамы мен температурасы «Сарыағаш» суына ұқсас болғанымен құрамы одан да күрделі, сондықтан табылған шипалы судың адам организміне тиімді әсері жоғары. Шипалы суды ішу арқылы ас қорыту жүйесінің ауруларын (созылмалы гастрит, асқазаннан бөлінетін сөлдің қышқылдығының жоғары не төмен болуы), асқазан ішек жараларын, бауыр және өт, несеп жолдарының ауруларын, бүйрекке тас байлану, созылмалы цистит және простатитті емдейді. Сондай-ақ асқазанға және өт жолдарына жасалған операциядан кейін осы шипалы суды ішу – организмге өте пайдалы екені анықталған. Санаторийдің осы заманғы құралдармен жабдықталған емдеу ғимараттарында шипалы су толтырылған 4 камералы ванналар, су асты массаж жасау, омыртқа жотасын су астында тік бағытта созып емдеу, шипалы су құйылған бассейнде арнайы емдік жаттығулар жасау жолға қойылған. Санаторийде функционалдық диагностика қою, физиотерапия, инемен емдеу, микротолқындық терапия, лазермен емдеу, су-джок терапия, сүлік қою, массаж (қолмен нүктелік, вакуумдық) жасайтын, емдік дене шынықтыру және стоматол. кабинеттер бар. Жаз кезінде күнмен емдеу (гелиотерапия) жолға қойылған.
...