+1 дауыс
1.3k көрілді
Пластикалық терезенің қаншалықты пайдалы және  зиянды?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
ПЛАСТИКАЛЫҚ ТЕРЕЗЕ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН Соңғы кездерi үйлерге, пәтерлерге, коттедждерге жөндеу жұмыстары жүргi­зiлгенде, мiндеттi түрде терезелерге пластикалық терезе салу сәнге айналды. Тiптiжаңа салынған үйлердiң барлығында дерлiк пластикалық терезелер бар. “Үйге шаң кiрмейдi...”, “Экология­лық таза заттан жасалған” дейдi бұларды сатушы компаниялар. Жақында ресей­лiк бөлмедегi ауаны жаңарту жөнiндегi сарапшылар пластикалық терезенiң адам денсаулығына өте зиян еке­нiн дәлелдедi. Пластикалық терезенiң саңлауы жоқтығынан даладан таза ауа кiрмей, бөлме iшiндегi шаңдар көбейетiн көрiнедi. Бұл пластикалық терезеге қатыс­ты бiр ғана мысал. Оның бұдан да басқа керi әсерлерi толып жатыр. Терезелердi ашып, бөлме iшiндегi ауаны тазартамыз ғой, бiрақ, оны күнде жасай бермейтiнiмiз рас. Егер бөлмедегi ауа тарт­қыш вентиляция әлсiз болса, онда үйдегi ауа да ылғалды болады. Ылғал болған жерде, әрине, нешетүрлi микробтар (көгередi, сыз тартады және т.б.) жүредi. “Соңғы онжылдықта астма, аллергия, онкологиялық аурулар және терi ауруларыныңкөбеюi – үйлердiң, пәтерлердiң, кот­тедждердiң iшiндегi ауаның,адамға жақпайтын климаттың салдарынан”, – дейдi немiс ғалымдары. Мамандар пластикалық терезеден бас тартып, ағаш (даладан таза ауа кiргiзетiн) терезе орнатуға немесе пластикалық терезеге ауа жi­беретiн клапан орнатуға кеңес бередi.
...