Мысықтың пырылдауы өзге жануарлардың дауыс шығаруына қарағанда өзгеше. Ол дем шығарып, дем алғанда пайда болады. Бұрындары ғалымдар бұл дауыс қан айналымы әсерінен болды деп сендірген еді. Ал қазір ғалымдар мысықтардың пырылы тек көмей, көмей бұлшық еттері және тербеліс заңының қатысуынан пайда болатынын дәлелдеген. Тіпті кейде мысықтар жарақат алғанда не ауырғанда пырылдап жатады. Дәрігер Элизабет фон Муггенталердің айтуына қарағанда, пырылдау мысықты сырқатынан айықтырады. Бұл табиғи өзін-өзін емдеу механизмі жарақатты емдеп, ауырсынғанды жояды.
Massaget.kz сайтынан алынды.