Папиллома – бұл ағзаның ішкі ауруының сыртқа шыққан белгісі. Өзінде осындай пайда болуды байқаған адам, өзін планетаның адам папиломасы бар 90 % тұрғынының қатарына қоса алады. Бұл аурудың соңы қатерлі ісікке алып келуі мүмкін. Қазіргі заманғы медицина әзірге көптеген вирустарды, соның ішінде папилломаны жояға әлсіз. Бір рет ауру жұқтырған адам өмір бақи аурутасымалдаушысы болып қала береді. Ауруды емдеу әдетте папилломаларды алып тастаудан тұрады. Папилломаның адам ағзасына тигізетін әсеріне, агрессиялық дәрежесіне, зақымдану ареалына қарай бірнеше түрі болады. Терідегі бородавкалар – бұл 1—5, 7—10, 12, 14, 15, 17 немесе 19—24 типіндегі папилломаның пайда болу белгісі. Кондиломалар мен сілекейлі қабаттағы басқа да ісіктер 6, 11, 13, 16, 18, 31, 33, 35 вирустардың «жұмысы». Бір адам бір немесе бірнеше типтегі вируспен ауыруы мүмкін. Адам иммунитеті төмендеген жағдайда қандағы папиллома вирустары өз белгісін көрсете бастайды. Адамдардың көпшілігі вирустыңтасымалдаушысы болуына байланысты 100 әйелдің біреуі ғана нәтижесінде онкологиялық ауруға шалдығады. Вирус адамнан адамған жеңіл және жылдам беріледі. Ол қанмен, жыныстық, тұрмыстық жолмен, бала туу кезінде беріледі. Ауруға шалдығу себептері салақ жыныстық байланыстар, никотин, есірткі, спирттік ішімдіктер, ВИЧ және басқа да вирустық инфекциялар, стресс.