Қазақта өтірікшіні мынадай ұғымдармен береді: суайт, бөспе, судыр, алдампаз,
сужұқпас т.б. Сондай-ақ «Өтірік өрге жүзбес», «Өтірікшінің куәсі қасында», «Өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай...», «Өтіріктің құйрығы бір тұтам» секілді мақал-мәтелдермен айқындайды.