Тарихы
2010 жылы қазан айының 10 күні сайт өз жұмысын бастады. Сайт негізін қалаушы Ербол Серікбай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығына берген сұхбатында былай деген болатын
«Бір күні ақпарат іздеп mail.ru-дың жауап бөліміне кірдім. Бір қарындасымыз сұрақ қойған екен. Орыс тілінде қойылған сұрақтарға жауап бар да, ал қазақша қойылғаны жетімнің күйін кешіпті. Осы келеңсіздікті көргенде басыма «неге таза қазақ тілінде сұрақ-жауап сайтын ашпасқа» деген ой келді.»
Сайт ең алғашында жұмысын 15-20 қолданушымен бастап, 2013 жылы наурыз айының 19 күнгі дерек бойынша 19194 қолданушыға жетті. Сонымен бірге сайтта осы уақытқа дейін 46,938 сұрақ қойылып, 115,944 жауап алынды.