+1 дауыс
3.4k көрілді
Келесі айдың соңында Кавказ еліне Ғылыми Жобамен жарысқа баратын болдым. Қорғау ағылшын тілінде болады, сондықтан ағылшын тілін үйренетін сайттар қажет. Өзіңіз білетін жақсы сайттарды ұсынсаңыздар. Мен жеке бір адамнан сабақ алып жатырмын, өзім үйде тағы қосымша материалдарды оқып білімімді жетілдірмек ойым бар. Маған нақты керегі ғалымдар сұрақ бергенде түсініп тұру үшін, ағылшын тілін жетік біліп тұруым қажет.

Өтініш егер нақты білмесеңіздер, жауап бермей қоя салыңыздар !!

8 жауап

+1 дауыс
https://surak.baribar.kz/267434/ https://surak.baribar.kz/268599/
Көмектеспеді...
+3 дауыс

Сайттардан көрі, самоучитель кітаптармен жұмыс істегеніңіз абзал! Себеп 1 ай -өте қысқа мерзім! Интернетке уақытыңызды жібермей-ақ қойыңыз, себебі загрузкасы көп болады,нақты зейін аудара алмайсыз және т.б. Оның үстіне қазір сапалы сайттар ақшаға ғана оөқытады. Айына пәлен ақшаны оған құртқанша Интерпресстен жақсы-жақсы самоучительдер алғаныңыз абзал! Оның сізге келешекте де берер пайдасы зор! Менің ақылыма құлақ асар болсаңыз, мен сізге оксфорд өнімдерін кеңес етемін, ал егер ол болмаса макмилланды кеңес етемін!

Ұлпанжан сол айтқан  самоучительдерді қандай сайттан табуға болатынын айта аласынба ?
қалалардағы Интерпресстің кез-келген филиалынан ала аласың!
+1 дауыс
Репетиторға қатыссай! ең дауасы осы
Елеке менің сұрағымның негізгісін мен қосым мазмұнында оқысаңыз жөн болушы еді,өйткені мен айтып өткенмін Репетиторға барып жатқанымды.
кешірерсің қарағым
(wasntme) Кешірдім ататай ))
)))))))))
+1 дауыс
Ағылшын тілін жақсы білетін дос тауып онымен әртүрлі тақырыпта ағылшын тілінде сөйлесіңіз! Бұл  жақсы көмектеседі. Мен ағылшын тілінде кинолар(субтитрмен) да көргенмін ауыз екі сөйлеуді дамыту үшін. Егер сіздің ағылшын тілін меңгеру деңгейіңізді білсем нақты кітап ұсынар едім, сондықтан айып етпеңіз!
Фариза мен түк білмей сразу жоғары деңгейді бастаған болатын мын.                              Міне енді жаз 0 - ден бастап дайындалам деп отырмын. 1 жылдан кейін Назарбаев университетіне тапсырам. Соған 0 нөлден бастап дайындалатын материал ұсынсаңыз.
Маған өз почталық адресіңізді қалдырсаңыз мәліметтерді сонда жіберейін
http://lingust.ru/english/english-lessons

Ағылшын тілі 30 күнде(осы сайттан аудионың жазбаша нұсқасын жүктей аласыз) http://asbook.ru/inyaz/learnenglish/473-angliyskiy-za-30-dney.html

егер тағы табар болсам осында жазамын, әзірге сәттілік!
Рахмет Фариза !! Элек. почтамды сізге жібердім, тағы материалдар тауып жатсаңыз жіберсеңіз.
+1 дауыс
omegle.com interpals.net busuu  www.ef.kz/English, lingualeo.ru деген сайттарға кіріп көріңіз  жне бұл сайттарда ағылшын тілін білетін адаммен танысуға болады(бірақ араларында жындыларда бар) английский курстар бар тағы
0 дауыс

Бүгінде ағылшын тілін білмеу үлкен кемшілікке айналып барады. Сондықтан аталған тілді жұмысыңыздан бас көтермей-ақ, меңгеріп алуға көмектесетін сервистерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Басы

Егер сіз қандай да бір себептерге байланысты ағылшын тілін мектепте де, университетте де оқымасаңыз, бірнеше негізгі курстан бастаған дұрыс. Мысалы, бірінші атақты америкалық лингвист Пол Пимслердің методикасымен жасалған курсты тыңдау, ал сосын Assimil немесе Grammar in use курстарының бірнеше деңгейінен өту. Пимслердің бастапқы аудиокурсы арқылы күнделікті сөйлесуге қажетті негізгі 500 сөзді (жалпы 2000 сөз) жаттап шығуға сөздің дұрыс айтылуын үйренуге және тілді меңгеру үшін сервистердің барлығы дерлік қолданатын интервалды қайталауға дағдылануға болады.  

Тілді мейлінше жақсы меңгеріп шығу үшін ана тілді барынша аз қолдануға тырысу қажет. Бұл дегеніміз тек ағылшын-ағылшын (ағылшын-орыс не болмаса ағылшын-қазақ емес) сөздіктерін қолдану, ақпараттыwww.google.com/ncr арқылы іздеу (ақпаратты орыс немесе қазақ тілдерінде бермейді), Wikipedia-дан Simple English-те мақалалар оқу. Сөздіктердің ішінен Merriam-Webster-ге назар аударыңыз. Аталған сөздіктің сайты әрдайым қызығарлық заттарға толы: өз біліміңді тексеру, сөзжұмбақ шешу және жай ғана сөздік ойындар ойнау. Классикалық сөздіктерге мағыналары әлі еніп үлгермеген сөздерді Urban Dictionary-дан қарауға болады. Контекстегі жаңа тіркеске жасалынған видеоны көру үшін Media рубрикасына назар аударуларыңызға кеңес береміз.

Сөздік қор

Жаңа сөз кездескен кезде, ол қысқа мерзімді есте сақталады, бірақ егер ол сөз қолданылмаса, бірнеше күннен соң ұмытылады. Интервалды қайталау техникасы қандай да бір сөзді ұзақ уақытқа есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұрын бұл үшін бір жағында ағылшын сөзі, екінші жағында оның мағынасы жазылатын карточка жасалатын. Енді сөздердіAnki бағдарламасы арқылы қайталауға болады. Бағдарламада карточкаларды тақырыптар бойынша жинауға болады (мысалы, оқылған мақаладан кездескен жаңа сөздер жинағы). Сөзді жаттау кезінде, әрдайым оның қаншалықты оңай еске түскенін көрсетіп өту қажет. Осылайша сервис жаңағы карточканы қанша уақыттан соң ұсынуға болатынын анықтайды (бір минуттан соң ба, 5 сағаттан соң ба әлде 10 күннен кейін бе).

Popling деп аталатын басқа бір сервис тіпті жұмыс істеп жатқан кезде де сөз жазылған карточкаларды экранда жылжитын бетте шығарады. Бетті елемеуге де немесе бірнеше секунд сөзбен жұмыс істеуге уақыт бөлуге де болады. Сонымен қатар, осындай форматқа ұқсас Memrise сервисі де бар.

Аталған сервистерден бөлек сөздермен жұмыс істеудің түрлі әдістерін Lingualeo, Busuu секілді сайттар да ұсынады. Lingualeo-нің ерекшелігі ретінде өзіңіз ұнатқан материалдың ішіндегі сөздермен ғана жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтуға болады. Ал Busuu-дың артықшылығы – бизнес-ағылшынның арнайы курсы мен тіл меңгеріп жатқан басқа қолданушылармен тілдесу.

Іскер қатынасхаттар

Ағылшын тілін жазбаша түрде үйрену элементтері кемеліне жеткен сайт деп Livemocha.com-ды айтуға келеді. Сіз орындаған тапсырмаларды сол тілде сөйлейтіндерге тексеруге жібересіз және өзіңіз де басқа біреудің тапсырмаларын тексере аласыз. Сервистегі қолданушылардың саны бүгінде 16 миллионнан асады сол себепті өзіңізге «мұғалім» тауып алу еш қиындық тудырмайды. Сонымен қатар, жазуға Lang-8 сервисі арқылы да машықтана аласыз. Бұл сервис үйреніп жатқан тіл бойынша қай жерде күнделік жүргізуге болатынын әлеуметтік желілердің есіне салып тұрады. Бір ғана айырмашылық – тіл білетін достарыңыз қателеріңізді сіздің жазбаларыңызда дұрыстай алады. Өз бетінше жазып үйренуге сондай-ақNobuna сервисі де көмектеседі.

Бұл жерде қызықты видеоларды көруге сосын естігендеріңді жазуға болады. Осылайша Nobuna жазуды да айтылған сөзді түсінуді де үйретеді.

Сөйлесуге машықтану

Әңгіме-дүкен құруға болатын адамды жоғарыда айтылған Livemocha, Busuu сайттары арқылы-ақ табуға болады. Бірақ, әңгімелесушіні тек жынысына, жасына, тіл білу деңгейіне қарай сұрыптамай, сонымен қатар, қолданушылардың екеуіне де ортақ тақырыптың болуын ескеретін сайт та бар. Ол – Palabea.

Palabea сайты қолданушылардың видеоойындарды немесе Дүниежүзі тарихын ағылшын тілінде талқылауға дайын екендіктерін айтуға мүмкіндік береді. Аталған тақырып кімде-кімге қызығушылық танытса, диалог құруларына болады. Бірақ, жоғары көрсетілген сайттардың барлығы уақыт өткеннен кейін ақша талап ете бастайды. Егер шығындалғыңыз келмесе, Skype-тағы арнай топтар арқылы диалог құратын адамды табуға болады немесе My Happy Planet сайтында сіз үйреніп жатқан тілде сөйлейтін адаммен тегін тілдесе аласыз.

Оқу

Оқығанда да ең қызығын оқыған дұрыс. Түрлі әдебиет TechCrunch-тағы мақалалардан пайдалырақ себебі, бір жағынан жаңа сөздер көп кездессе, екінші жағынан лексикасы алуан түрлі келеді. Оқыған кезде білмейтін сөздердің астын сызып, оларды Anki-ге салып отырыңыз. Егер электронды кітапқа ақша жұмсағыңыз келмесе, мәтінді тегін кітапханалардан жүктеп алуға болады. Соның ішінде Gutenberg Project, ManyBooks сайтарына кіріп көрсеңіз болады.

Атақты Amazon сайтында да тегін электронды кітаптарға арналған арнайы бөлім бар. Егер түгел бір кітапты оқып шығуға білім деңгейіңіз жетпесе, бизнес кітаптардың қысқаша мазмұны берілген Readitfor.meсервисінің қызметіне жүгініңіз. Оқуды әдетке айналдыруға DailyLit сервисі біршама септігін тигізеді. Ол күн сайын электронды поштаңызға кітаптан алынған шағын үзінділерді жіберіп отырады. Егер оқырман оқуды жалғастырғысы келсе, мәтін соңындағы батырманы басуы тиіс.

Бизнес-подкасттар

Жүгіру, серуендеу кезінде, автобуста, автокөлікте, үй жинау кезінде және ұйықтар алдында уақыт бөліп ағылшын тілінде подкаст тыңдауға болады. Мысалы, Monocle радиосында бағдарламалардың жазбалары,Wired.co.uk, Tech Weekly Podcast болатын апталық шолулар, The Economist пен WSJ-дегі дыбыстандырылған мақалалар, Freakonomicsпен The Nerdist-тің жаңа сериаларын тыңдауыңызға болады. Дегенмен, кейбірінде мәтін жылдам оқылады сондықтан, түсінбеуіңіз мүмкін.

Пайдалы видео

Тыңдау ұнамай ма? Онда кино, сериал, телешоу көруге болады. Мәселен, әр апта сайын Entrepreneurial Thought Leaders-те Стэнфорд университетінде өтетін видеолекциялар жарияланып тұрады. Көңіл-күйді көтеру үшін Saturday Night Live-тің жаңа бағдарламасын тамашалауға болады. Ал ағылшын тілін мақсатты түрде меңгеріп, полиглоттардың тәжірибесімен шабыттанғыңыз келсе, YouTube-та мынадай арналарға жазылыңыз: James ESL, Fluency MC, Loki2504.

Жанды сөйлесу

Тілді жетілдіруде әлемде ешбір нәрсе жанды сөйлесуге жетпейді. Сіз үйреніп жатқан тіл ана тілі болып саналатын адаммен тілдесуге дайын болмасаңыз, ағылшын тілін үйреніп жүргендермен сөйлесуге болады. Ал ағылшын ана тілі болып саналатын адаммен сөйлескіңіз келсе, «Білім» орталығына баруыңызға болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

0 дауыс
I learn with youtube videos. Here is an example:
0 дауыс
Маған үйретіңіші
...