+1 дауыс
24.8k көрілді
конго қырым қанды безгегінің пайда болуы, зтиологиясы, патологиясы, емі, алдын алу шаралар туралы мәлімет берсеңіз

3 жауап

0 дауыс
Конго-Қырым қанды безгегі адамды ауру кене шаққан кезде жұғатын вирустық ауру. Оны емдеу өте қиын. Алдын алу үшін кенеден сақ болу керек.
дұрыс айтады.....
Сіздің менің сұрағыма арнап жазған жауабыңыз маған ұнады. Маған сіз жазған жауаптардың көп көмегі тиді. мен мед мамандығына оқимын сондықтанда сізге рахмет.
0 дауыс

Конго-қырым қанды безгегі - вирустық жұқпалы ауру. Инфекция кене шаққан жерден басталады және сырқат адамның қаны тигенде жұғады (аурухана ішінде жұғады, тістеуден тікелей қанға өтеді). Адамның дене қызуы көтеріліп, қан кетеді, бас және бұлшық еті ауырып, тері бөртпесі, тері арасында қанды сүйел пайда болады.

Оны тасымалдаушылар - кенелер.  Олар арбовирус тобына жатады.

Тасымалдаушылар – (кенелер) тышқан, қоян, кірпі терілерінде паразит ретінде орналасып ауру таратады.

Адам кездейсоқ уақытта кененің шағуына шалдықса, жұқпалы ауруға душар болады.

Зардапқа негізінен ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын тұлғалар, көктем, жаз маусымы кезінде табиғатта, тоғай арасында, жаңа көктеген шөптер арасында жүріп демалатын адамдар шалдығады. 

Ауру бір адамнан екінші адамға жұғады.

Ауру негізінен Ресейдің Европалық бөлігінің оңтүстік аймақтарында, Молдовада, Украинада, Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда тіркелген.

Клиникалық көріністері

Созылмалы (көрінбейтін кезең) ұзақтығы – 1-14 тәулік. Басталу кезеңі 9 күнге дейін созылады. Ауру қатты басталады. Жаурап қалтыраудан дене температурасы 39-40 C-қа дейін көтеріледі. Ауырғандар бас, буын мен бұлшық ет, іш пен бел ауруы, жүрек айнуы және құсу, іші өтті дем шағымданады. 3-5-тәулікте дене қызуы төмендейді. Бір-екі күннен кейін қайта көтеріледі. Сандырақ ұзақтығы 1-12 тәулікке созылады. Ауру адамдарды тексеру барысында бет, мойын, кеуденің жоғары бөлігінің, коньюктиваның қызаруы, көз ағынының қантамырларында ұсақ қан бүршіктері пайда болуы, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, қан қысымының төмендеуі байқалады. Бүйрек тұсы ауыра бастайды.

Гемморагиялық кезең

3-6-тәулікте басталады – іште, кеуденің оң жақ бүйірінде, иық белдеу аймағында, жиірек арқада, жамбас және білекте бөртпелер пайда болады. Ине салған жерлерде қанды сүйел байқалады. Шырышты қабықта қанталау белгіленеді, жатырдың және мұрынның қанауы, қан түкіру, ішкі дәретпен қан кетуі, қызыл иектің шырышты қабығының, ауыздың, тілдің және конъюктиваның қанауы. 10 тәулікке жалғасқан асқазан және ішектен қан кетеді.

Одан соң босаңдық, ұйқысырау жоғарылайды, естен тануы мүмкін. Құсу жиілейді, кейбір ауруларда ми қабаттарының асқыну белгілері жетіледі. Жүрек соғысының бәсеңдігіне тән, қан қысымы төмендейді. Кейде естен тану жағдайы болады. Тамырдың соғуы бәсендеп, жағдайдың ауырлығын көрсететін тамыр соғуының жиелеуіне ауысуы мүмкін. Іш кеуіп қолмен басып қарағанда ауырсынады. Бауыр үлкейеді, кейбір ауруларда сары аурудың белгілері болуы мүмкін. Бүйрек ауруы белдің ауруымен, нәжістегі өзгерістермен байқалады.

Аурудың беті қайту кезеңі дене қызуының қалыпты жұмыс істеуімен және қан кетулердің тоқталуымен басталады. Жүрек соғуы тұрақсыз болады, қан қысымының төмен болуы ұзақ уақытқа дейін сақталады.

Зерттеу әдістері - ауырған адамның қанын арнаулы зертханада тексеріп аурудың түрін анықтайды.

Бұл аурудың түрін анықтау үшін төмендегі келтірілген аурулармен салыстырады.

Басқа этиологиядағы геморрагиялық безгек;

Тұмау;

Лептоспироз;

Іш сүзегі;

Сепсис (қанның бұзылуы);

Менингококцемия;

Сібір жарасы;

Қан аурулары.

Емделу

• Жылдам емханаға жеткізіп, ауруды оңаша бөлмеге орналастыру;

• Қанның улануына қарсы жүргізілетін шаралар;

• Қан құйылу кезінде (әсіресе көлемді) – 500-750 мл дейін, тромбоцитарлы және лейкоцитарлы массадағы жас цитратты тұтас қанды енгізу.

Болжам

• Емделмеген жағдайда өлім саны артады;

• Уақытылы және тиесілі емделу кезінде жақсы нәтиже байқалады.

Асқынулар

• Естен тану;

• Қатты бауыр-бүйрек жетіспеушілігі;

• Өкпе ісігі, қабынуы және өкпеде сұйықтың пайда болуы;

• Құлақ ауыруы

• Іріңді ісіктер және егу салынған жерлердегі тері арасында іріңнің жиналуы;

Алдын-алу

Осы аурулардың орын алған аудандарында, кенелердің белсенділігі кезеңінде табиғатқа шыққанда абай болу. Кене шаққан жағдайда тездетіп емдеу мекемесіне барып, көріну қажет.

 

0 дауыс
Конго-Кырым канды кызбасы - аса кауiптi жукпалы ауру. Аурудын коздыргышы - вирус. Бул ауру кененин шагуы аркылы жане ауру адамнан сау адамга карым-катынас аркылы жугады.

Аурудын белгилери кене шакканнан кейiн 2 жетi (2 апта) кунде байкалады.

Негiзгi белгiлерi:

1)дене кызуы котерiлiп, бас ауруы;

2)аяк-кол буындарынын сыркырауы,мурыннан,тiстен кан кетуi;

3)коз бен тамак кызарып, аска табетi болмауы;

4)дене бортiп кол мен терiнi катты басканда немесе ине шаншыганда канталап,котерiлуi;
...