0 дауыс
526 көрілді

Менің ойымша,  10 жыл бұрынғыға қарағанда, қазіргі заман адамдары музыканы көп тыңдайтын тәрізді.Қазір қай жаққа барсаң да даңғырлаған әуен, музыка. Жастарымыздың көбісінің құлақтарында - құлаққаптарында шетелдің өздері де кейде мағынасын түсінбейтін  әуендері.Жалпы, осы музыканың көбеюінің сіз үшін әсері қандай?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
"Ән - көңілдің ажары",- деп бекер айтылмаған ғой. Ол да бір мәдениет. Жалпы, сұрақ дұрыс қойылмаған немесе айтар ой толық тарқатылмаған.  ия, рас қазір жастардың көбісі шет елдің әндерін тыңдайды. Бұл жеңіл ойлағандықтан болар. Сондықтан өзіміздің еліміздің тамаша әндеріне көп көңіл бөле бермейді. Бұл, әрине, тәрбиеге байланысты.
+1 дауыс
1990-2000 жылдары да осылай болатын )) Әнмен туасың, әнмен кетесің.
+3 дауыс

"өздері де кейде мағынасын түсінбейтін" дегенге келіспеймін!!! 5 саусақ бірдей емес. Түсініп тыңдайтындар да баршылық!

пысы: қазақ әндерінің де мағынасына жете бермейтін жандар да бар арамызда дегенмен,.... көбінше әуеніне назар аударады қазірде. жеке басым сөзіне де әуеніне де баса мән беремін!

Мен үшін оң әсер етпесе,теріс әсер бермейтіні хақ!

0 дауыс
Жақсы(нормалный)егер түсінбей жатсаң жақшадағы......
0 дауыс
Гитлерден-"Басып алған елдеріңді қалай басқарасың?"-дегенде, Азаннан кешке дейін музыка қоя беремін,музыка тыңдаған адам аш-жалаңаш екенін естен шығарады,-деген...
...