0 дауыс
539 көрілді
Өзіннің сүйетін  қызын н-е жігітін жан досынмен жүріп жүрсе не істейсін???

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ондай болды да ғой))) Екі рет қайталады еще)) Мен өлен шығарғанмын сол кезде, оқып бір күліп аларсын, жап-жаспын ғо ол кезде))

Ұйқысыз өтіп жатыр небір түндер,
Айға қарап бейнеңді елестетер.
Сағынышым қойныма симай жатыр,
Тосушы ем жолдарда сені келер.

Сағынамын күздің қара суық күнің,
Сол кездері сені алғаш кездестірдім.
Келіп едің саябаққа құрбыңменен,
Шиедей еріндерің дірілдеген.

Қалып едім сөз  таба алмай саған айтар,
Сөз таба алмай мылқаудай бола қалдым.
Естелігім қалсын деп саған сыйлар,
Үнтаспаны дүкеннен сатып алдым.

Ұзаққа кездесуім созылмады,
Білемін әңгімеміз жараспады.
Жол бойы ойланумен үйге қайттым,
Жүрегім бір өзің деп толғанады…

Екінші рет бұйырыпты сені көру,
Ойға келді досымды ерітіп бару.
Ойламап ем досымды ұнатар деп,
Аңғалдығым өз-өзіме болды қару.

Дегенмен де бір-бірімізді қимап едік,
Осылайша махаббатты қинап едік.
Ғашықтықты қорапқа теңер болсам,
Сол қорапқа екеуміз сыймап едік…

Бір жарым ай сенімен жүргеніме,
Бір жарым ай сені мен көргеніме.
Бір жарым ай, сонша ыстық болар ме едің?!
Келіп қондың қарлығаштай жүрегіме.

Жүрсен дағы мені сен елемедің,
Сұлу едің… соншалықты сұлу едің…
Бұлақтар елестеуші еді күлгеніңде,
Сылдырлап тастан-тасқа секендеген.

Үзілді байланысың меніменең,
Басталды махаббатың досымменең.
Жүрегіме балтадай қадалады,
Досымды бірге көру сеніменең…

Ойламасқа өзіңді сертті бердім,
Қалмады ендігіде досқа сенім.
Досымменің жүргеніңе қарамастан,
Бәрі бір де «мен сені сүйем» дедім…

Әрине сені ұмыту оңай емес,
Білемін сол бір уақыт қайта келмес.
Басқа жанмен өзімді алдасам да,
Көз алдыма келе бердің сен бір елес…

Білген едім досымның сол мінезін,
Қалай ғана соны сен ескермедің.
Қаншалықты досымды сыйласам да,
Байқамаппын достығымның үзілгенің.

Жалғыздықтан қиналып жүрген шақта,
Құрбыңменен кездестім сол бір бақта.
Көктемдегі оралған жыл құсындай,
Оралады жүрекке махаббатта...
0 дауыс
Бақытты болып,үйленіп,үбірлі шүбірлі болуын тілеймін.Екеуі бір бірін сүйіп тұрса амал қанша ұмытуға тырысам.Ғашықтардың арасына түскім келмейді.Екеуіменде дос боп қалуға бірінші болып ұсыныс жасаймын.
Сонда сіз өзіңізді ойламайсыз ба? Екеуі бірін бірі қалап тұрса амал жоқ ортаға түспеген дұрыс ғо, бірақ мен өзім қиналмауым үшін "екеуін де көзіме көрінбей жүріндерш" дер  едім, екеуін бірге көру жаман мен үшін(((
Ғашықтардың арасына түскің келмегенімен олармен дос болып қалу мүмкін емес сияқты... Адам ең алдымен өзін ойлауы қажет, оларды бірге көрген сайын жының келеді емес пе?!
+1 дауыс
Бақыт тілеуен асбаққа амалың бар. Досыңның қызын тартып алғаннан маған не пайда? Ойланып көріңіз махаббат алдамшы сезім, табылары сөзсіз. Ал нағыз достық ешқашан табылмайды.
Махаббат алдамшы сезім емес.  Егер досың сенің қызыңмен жүрсе, демек ол дос емес болғаны.
m.virus2013  толық келісемін. Досың сүйетін адамыңмен  жүрсе қайдағы достық?!
+1 дауыс
Екеуімен де сөйлеспей қояр едім)
...