Жамбылдың жастық шағы
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабайұлының жастық шағы туралы фильм түсірілген болатын. Аталған фильмді сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Фильм Ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойына арнап түсірілген.
Сценарийін жазған Мырзатай Жолдасбеков.
Түскендер: А.Жамбылов, Е.Өтеулинов, З.Жанғазиева, Ж.Әбдіқадырова, С.Рысқлева, Ұ.Айнақұлова, Н.Мышпаева, С.Абылғазин, Д.Тананова.
Сонымен қатар, Шәбден – Ә.Шоқыбаев, Ноғайбай – Ә.Әмзеев, Құлманбет – Н.Ықтынбаев, Бөлтірік – С.Оразбаев, Саржан – Н.Жақыпбаев, Саржанның әйелі – Б.Сүлейменова, Құдайберген – Б.Сейтмамытов, Майлықожа – Т.Құралиев, Құлыншақ – Б.Әлпейісов, Бұрымның әкесі – Н.Өнербаев, Бұрымның шешесі – Ж.Өнербаева, Бұрымның әжесі – Т.Қосыбаева, Дабыл – А.Сейтмамытов, Айқын – А.Қалықов, Ыстыбай – А.Ысаиылов.
Режиссерлері – Н.Есімғалиев, Б.Сүлейменов, С.Текеев, Қ.Мерғазиев.
Операторлары – Ғ.Әбетов, Б.Исаев, режиссердің ассистенттері – Ш.Ғабдулмуллимова мен М.Тойболдиева. Фильмнің түсірілуіне демеушілік еткен – Г.Старикова, В.Қодарова, Б.Қасымжанова, О.Карпенко.
Ғылыми бас кеңесші – Филология ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанғали Сарыбаев. Кеңесші – Филогогия ғылымдарының докторы Нысанбек Төреқұлов. Директоры – Нұрлыбай Есімғалиев. Аталған фильм 2001 жылы түсірілген.
Жамбыл - эпик, әрі айтыс ақыны. Ол абыз жырау, жауынгер жыршы. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. Ақының "Шағым", "Жылқышы", "Шәбденге", "Сәт сайланарда", "Өстепкеде", "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.
Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның "Туған елім" атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, орыс тіліне аударылған нұсқасы "Правда" газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды.