0 дауыс
6.6k көрілді
"Олимп.кз " сайтында қалай ставка тігеді? Білетіндеріңіз, егжей-тегжейлі түсіндіріп жіберсеңіздер...?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бірінші команданың жеңісі – желіде «П1» белгісімен белгіленеді.
 Тең ойын – желіде «Х» белгісімен белгіленеді.
 Екінші команданың жеңісі – желіде «П2» белгісімен белгіленеді.
 Бірінші команданың жеңісі немесе тең ойын – желіде «1Х» белгісімен белгіленеді. Мұндай ставка бойынша ұтыс үшін бірінші команда ұтылмауы керек- яғни ұтуы немесе тең ойнауы қажет.
 Бірінші команданың ұтысы немесе екінші команданың ұтысы желіде «12» белгісімен белгіленеді. Мұндай ставка бойынша ұтыс үшін бірінші немесе екінші команда ұтуы керек, яғни ойында тең ойын болмауы қажет.
 Екінші команданың жеңісі немесе тең ойын желіде «Х2» белгісімен белгіленеді. Мұндай ставка бойынша екінші команда ұтылмауы керек- яғни екінші команда жеңуі немесе тең ойынуы қажет.
 Фора – желіде «Ф» белгісімен белгіленеді. Букмекерлік кеңсе қатысушының қойған ставкасы бойынша ұсынатын голдармен/ұпайлармен/сеттермен т.б. көрсетілетін ойын қатысушысының басымдығы немесе артта қалуы фора деп аталады. Оқиға нәтижесін алғаннан кейін бәске қатысушы (клиент, ойыншы) ол таңдаған команданың голдарына не ұпайларына белгіленген фора қосады. Егер, қосылғаннан кейін ойын нәтижесі қатысушы таңдаған команданың пайдасына болса, онда ставка ұтқан болып есептеледі; тең ойын нәтижесі жағдайында (фораны ескергенде) - ставка қайтарылады, ал «экспрессте» «1» коэффицентімен есептеледі. Егер ойын нәтижесі қарсы команданың пайдасына шешілсе - ставка ұтылған болып есептеледі.
Тотал - желіде «Toт» белгісімен белгіленеді. Ойындағы соғылған доптар (салынған шайбалар, ұпайлар т.б.) саны тотал болып табылады. Ұтыс үшін дұрыс болжам қажет: ойында голдар көп («Көп») немесе аз («Кем») болады. Нәтижелерді айқындау кезінде, егер желіде өзгесі көрсетілмесе осы Ережеде ескертілген ойын уақыты есепке алынады. Жеке тоталдарды айқындау кезінде тек қарсыласқа соғылған голдар ғана ескеріледі. Тоталға дәл түсу кезінде төлем «1» коэффицентімен толенеді. «Жұп/тақ тотал» түрінің ставкалары кезінде және нөлдік нәтиже кезінде «Жұп тоталға» қойылған ставка ұтқан болып есептеледі.
Ойынның нақты есебіне арналған ставкалар.
 Тайм-Матч ставкалары. Бұл бәсте бірінші тайм мен барлық ойынның нәтижесін бір мезгілде табу керек. Бұл нәтижелерді белгілеуге арналған желіде бастапқы әріптер пайдаланылады: Ж - Жеңіс, Х – тең ойын. 1-ші орынға 1-ші тайм нәтижесі, ал 2-ші орынға ойын нәтижесі қойылады. Мысалы, Ж1Ж2 1-ші команданың 1-ші таймдағы жеңісін (Ж1) және ойында 2 команданың жеңісін (Ж2) білдіреді.
 Таймдардың нәтижелілігіне (кезеңнің, ширектің, сеттердің) арналған ставкалар. Бұл ставкада таймдардың (кезеңдердің, ширектердің, сеттердің) қайсысы ойында соғылған голдар (алынған ұпайлар) бойынша нәтижелі болатынын немесе қайсысында бірдей нәтиже болатынын айқындау қажет.
 Турдың немесе ойын күнінің статистикасына арналған ставкалар. Қожайын (қабылдаушы) командасының немесе қонақтардың (қонақ командасының) жеңісі тиісінше қожайын командалар мен қонақ командалардың жинаған голдарының (ұпайларының) айырмасы бойынша айқындалады. Егер турда немесе ойын күнінде ең азы бір ойын ойналмаса, онда турдың немесе ойын күнінің статистикасына («Қожайын – Қонақтар» типін қоса алғанда) ставкалары қайтарылуы тиіс.
Ставкаға ең кем дегенде неше теңге тігу керек және қалай тігеді?
Белгісіз
кем дегенде интернет арқылы болса 10 теңге
100 тг бастап 300-000 тг дейін
0 дауыс
Оны мына жерде жазып отыруға ұзақ болады.Өзінің сайтында ережелері бар ғой қазақша.Қалай салатыны жазылған.Содан қара.Ең бірінші тіркеліп логин ашасың,терминалмен ақша саласың.
0 дауыс

Олимпте чётты қалай ашады


Ондай бәлеге жоламаған дұрыс
0 дауыс

Abylai Kozhakov..

Ұқсас сұрақтар

...