Негізі қоғамды құрайтын адамдар, демек ҚОҒАМ - дегеніміз бірнеше адамдар жиынтығынан құрылған топ десек болар.Егер адамдар болмаса қоғам да болмас еді. Ал адам баласы жеке-жеке өмірінде тәрбиесіне, геніне, қанына байланысты мінез - құлықтары болады. Егер қоғам болмаса, адам жалғыз өзі жапанда өмір сүрсе оған қандай мінезде(жаман немесе жақсы) болса да бәрі - бір емес пе, ал қоғам адамды өзі сияқты өзге адамдармен қарым-қатынасын реттеу үшін амалсыз сол ортаға бейімделуге мәжбүрлейді.Бірақ сол қоғамның да әрқайсысының өз бағыт-бағдары, мақсат-мүдесі болатынын ескерсек, таңдау адам еркіне байланысты болғандықтан абай болған абзал.Демек ҚОҒАМ адам мінезіне тікелей әсер ете алады, жүрген ортасы қандай қоғам болса(ұрылар ортасында ұры, ұлылар ортасында жақсы дегендей) адам да сондай болады.
Мен таңдалған жақсы жауаппен келіспеймін. Ол жерде адам мінезі ата-ана тәрбиесінен дейді дағы, сол ата-ана,бала, қысқасы жанұяның өзінің кішігірім қоғам екенін естен шығарады.Кез-келген ата-ана( мейлі ол жақсы немесе жаман болсын) баласын жаман болсын деп ойламайды да, оған тәрбиелемейді.Ал қоғам әруақытта өз ағынымен алып кете алады.Мади қалай бұл жауапты жақсы деп таңдады екен.