+2 дауыс
4.9k көрілді
Бетке айта салатын адамның қатарынансыз ба? Сондай адамдарды жақсы көресiз бе?

17 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамның сыртынан сөйлегенше, бетіне айтқан дұрыс сияқты. Бірақ , әрине,  аздап түсіністікпен  қарау да артық болмайды.  Меніңше бұл жақсы қасиет! 

+3 дауыс
Ондай адамдарды ешкім де жақсы көрмейді. Өйткені, айтатын адамның көңіліне, жағдайына қарау керек. Сосын ешқашан да өзіңнен үлкен және бастық адамдарға бетке айтуға болмайды. "Тек жүрсең, тоқ жүресің" (Қожахмет Яссауи). "Басқа бәле - тілден" (Қазақ мақалы).
+2 дауыс
Мен сияқты бетке басар "Наглый" болғанның несі жаман?! Иә бәрі жаман көретіні рас, бірақ ішіңе бүгіп қала алмайсыңғой! Қашанғы біз қазақ ішке бүгіп, кім не істесе соған көніп жүрмекпіз! Оянып, аяққа тұратын кез келді !
http://sozdik.kz/ru/dictionary/translate/ru/kk/%D0%BD%D0%B0%D0%B3%D0%BB%D1%8B%D0%B9/
Наглый --- Арсыз дейдi ғой )))))))
+2 дауыс
Бетке айтатындардың қатарынан емеспін, бірақ сондайларға уважуха))

Бетке айта берсен ешкім жақтырмайды ғо, оның несі жоқсы, аферистеніп отірік бетке күліп қараған әлде қайда жақсы))) Достарың да көбейеді))
Енді сіз Эгоистсіз ғой)))
ну ну)))))))))))
+3 дауыс
"Бетке айтқанның айыбы жоқ" деп ойлаймын! Мен қатты ашуланған да ғана сондаймын!
)))))))))))))))))))))))))))))))))респект
+3 дауыс
Мен сол адамдардың қатарынанмын!Шын мәнінде бетке айтқанның айыбы жоқ.Достарым бір нәрсені дұрыс істемесе үнемі бетіне айтып тастаймын.Бірақ сол қасиетімнің арқасында елге ЖАМАН болып көрінемін!
+2 дауыс
Шындықты бетке айтқан дұрыс.Бір адамның бір кемшілігі болса,шындықты бетке айту керек деп,сен мұндайсың,сен сондайсың деп жұрт көзінше абыройын айрандай төгу дұрыс емес.сондықтанда менің ойымша шындықты оңашада бетке айту керек.Мен бетке айта алмаймын.Ренжітіп алудан қорқамын,ишаралап,тұспалдап жеткізуге тырысамын.Бірақ шыдамныңда шегі бар ғой тұспалдаған да да түсінбесе оңашада бетіне айта салам.
+1 дауыс

ияяя негізі дұрыс емес қой! Бірақ біреудің артынан пыс пыс дегеннен гөрі, бетіне айтқанды жөн көремін! Кейде қатты көңіліне тиіп қалмасын деп, жаймен түсіндіріп, мына жерің былай,мынаны бүйтіп кисең қайтеді,деген сияқты майдалап жеткіземін! Дегенмен бұл ашуланбаған Ұлпанның іс-әрекеті! Ал егер де біреу шамыма тиіп жатса,қарап құр тұра алмайтын намысты қазақтың қызымын! Достарыма келер болсам, олар мені жақсы біледі. Көңілдеріне алмайды! Кем тұсы болса жөндеп,артық тұсын алып тастап отырады.

пысы: егер есі бар адам болса, айтылған сынды көтере біліп,дұрысын қабыл алып,дұрыс емесін ысырып тастайды! қысқасы, өтірікпен көзді байламай, барынша шындықпен өмір сұрген абзал!

+3 дауыс
Өзім де сондаймын,сондай адамдарды да жақсы көремін!
+1 дауыс
Барлықтарыңа плюс 1-ден! Өз ой пiкiрлерiңiзбен бөлiскендерiңе алғысым шексiз..
0 дауыс
Бір жағынан жақсы, ал бір жағынан жаман, сыртынан сөйлеп ол туралы әркімге айтып жүргенше, өзіне айтқан жақсы.
0 дауыс
Бұны жақсы, не жаман қасиет деп айту өте қиын. Себебі, қазіргі қазақ қоғамында бетке айтқанды ұнататын және бетке айтқанды ұнатпайтын бейтарап екі топ бар. Егер  бетке айтқанды ұнататын адам бетке айтқанды ұнатпайтын адамның бетіне айтып тастаса, онда екі жақтың арасында конфликт туындайды. Сондықтанда бетке айтып тастамас бұрын ол адамның қандай екенін біліп алу абзал. Бетке айтамын деп адамгершілік қасиетімізді жоғалтып алмайық , әлеумет!
0 дауыс

Айтпаса сөздің атасы өледі. (Айтсам енесі өліп қалмасын). Мен ешкімніңде сыртынан сөйлемеймін және бетінеде баспаймын. Кей-кездері болмаса. Жалпы ешкімде шаруам жоқ адаммын.

0 дауыс
Менің ойымша жаман жағымен жақсы жағын бетке айту жақсы қасиет деп ойлаймын.Бірақ өзім бетке айтатын адамдар қатарында емеспін.
0 дауыс
Бетке айтқан дұрыс деп естеймін себебі мен сондаймын,
...