Қызылордалық қызбен хат алысып жүрген кезім болатын. Бірде ол жауапхат жазғанда осы сайт туралы айтқан болатын. Шамасы енді ашылып жатқан кезі болса керек. Естігеннен кейін сайтқа тіркелмек тұрмақ, бір кіріп-шығуға да жарамадым. Кейіннен ғаламтордан бір сұрақ іздеп отырып жолығып қалдым. Сол мезетте тіркеліп өзімнің білгемеген сұрақтарыма жауап алып, білгенімде өзгелерге үйретудемін. Білімді сыйлаған кітап болса, оны дамытуға көмектескен сұрақ-жауап сайты десем артық айтпағаным болар. Қазіргі таңда бұл сайтқа кірмесем бірдеңе жетіспейтіндей. Қысқасын айтқанымда сұрақ-жауапсыз күнім жоқ!