Осы қазір бәрің де қыздар туралы сұрақты көп қоясыңдар. Мысалы "мен бір қызға ғашық болып қалдым, қалай сындырып алуға болады?", "Қызым маған қарамай қойды, қалай қайтарсам болады?" деген секілді. Оған жаппай бәрің "ой, үйтсей, бүйтсей, сүтіп сындырып алсай" деп тұрып оттайсыңдар. Яғни, бәрің де қызды тәтті сөзбен алдап, арбай алуға болатынын білесіңдер, жасырын емес қыздар да тәтті сөзді жақсы көреді. Біздің қазақ жігіттер арыстай-арыстай, теңкиген-теңкиген дәу-дәу болса да романтикаға жоқ екенін қай қайссың болмасын мойындаған болар едіңдер. Шет елдің азаматтары, әсіресе түрік, грузин азаматтары нағыз романтик болып келеді. Әкесі ішіп, шешесі бір мекеменің полын жуып ақша табатын дымды да көрмеген, романтиканы тек теледидардан көретін отбасының қызы олардың сөзіне еріп-ақ кетер еді, еріксіз.
Осы қазір оқып отырған бәрің де Ер адамның отбасы қорғаны, асыраушысы һәм асқар тауы болуы керек екенін ескерсек ҚАЗАҚ жігіттерінің "ЕРКЕКТІ АДА ҚЫЛАТЫН ДА, АДАМ ҚЫЛАТЫН ДА - ӘЙЕЛ" деп осы мақалды, жастанып ап, көкірек керетіндері жасырын емес. Қазақтың бір отбасы шайқалса оған кінәлі әйел болып шығатыны өтірік емес. Астарына үңілмейді, сіңісіп қалған. Бәрін әйелдің мойнына іліп қойған. Ер азаматтарымыз өз міндеттерін әсте сезінбейді. Үйленіп ап әйелінің төркінінің арқасында күн көріп отырған сорлы азаматтар да жетерлік. Арыстай-арыстай болса да ақша таппайтын еркек кімге керек? Қалай ғана қыздарды жазғырып, ұрысуға болады? Алдымен адам деген өзіне қарау керек қой!
Өзге ұлттық қыздарына үйленіп жатқан азаматтар да баршылық. Неге үйтеді олар? демейміз ғой осы біз