Жалпы ҰБТ тапсыру әрбір 11 сынып бітірушілері мен колледж бітірушілерге міндетті болып келеді!
ҰБТ қорытындысы бойынша түлектердің білім деңгейі ғана емес, оқытушылардың білім беру деңгейі де анықталады!
Сондықтан да көп оқытушылар мен мектеп директорлары нашар, ҰБТ-дан өте алмайды дегендерді тестілеуге жібермей қояды! Олар мектеп қабырғасында емтихан тапсырып "аяқталмаған орта білім" деген құжат алып шығады! Ол құжат негізінде Жоғарғы Оқу Орындарына қабылдау жүргізілмейді! тек колледж немесе лицейге бара аласыз...
ҰБТ-ға қатысу-қатыспауды әрбір оқушы өзі шешеді (жекелеген жағдайларда ата-анасы шешеді) ! Мұғалімдер күштеп немесе мәжбүрлеп ҰБТ-ға жібермей қоюға қақысы жоқ!
Егер сізге - "сіз нашарсыз"! не болмаса "сіз бармайсыз" деп жаткан болатын болса сіз жоғары районоға шағым түсіретіндігіңізді айтыңыз! Сонда да қоймаса, районоға барып мән-жайды айтып шағымданыңыз! Сіздің қаншалықты деңгейде нашар, нашар еместігіңізді анықтау үшін Үкімет Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді ұйымдастырып отыр емес пе! Ол мұғалімдер ҰБТ болмай жатып сізді нашар деп айта алмайды)