+1 дауыс
2.8k көрілді
Қыздарға әсемдік жарасады...

Сұлулық ұғымы әр жанның түсінігінде әр түрлі қалыптасқан. Әйел тәнінің сұлулығын айтқанда, бірден мына сипаттама ойға оралады: оймақ ауыз, қарақат көз, қиғаш қас, сұңғақ бой, аршын төс, қыпша бел, қолаң шаш... Қыз бала бойжеткен шағынан бастап, осы сипаттамаға сай болуға талпынады. Ықылым заманнан бері әр халықтың нәзік жандары сұлу болып көріну үшін, қастарын қиғаштап бояған, қысқа белдік тартып, қыпша белді болуға ұмтылған, қолаң шаштарына көрік беру мақсатында небір емдік майларды пайдаланған.

Жаңа заманда сырғалалылардың әдемі болып көрінуіне мүмкіндік көп. Бояу мен иісмайдың, әшекей мен сәнді киімдердің түр-түріне оңай қол жеткізуге болады. Бірақ,  әсемдік бұйымдарын орынды пайдаланып жүрміз бе?! Немесе сұлу болып көріну үшін не істеп жүрміз? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мен өз сұлулығымның құпияларын жария еткім келіп тұр.

Шаш — адамның ажары

Шаш күтіміне ерекше мән беру керектігін анам кішкентайымнан айтып келеді. Шашты аптасына үш рет жуған дұрыс. Күнде жууды әдетке айналдыру — шаштың құрғауына әкеп соқтырады. Ошаған майын (репейное масло) шаш түбіне жағып, бірнеше сағат ұстаса, шаш әдемі әрі тез өседі. Бұл майды үздіксіз пайдаланып келе жатқаныма үш жыл болды. Нәтиже көңілімнен шығады.  Көп қыздарға, оның ішінде қазақ қыздарына шашты өрген жарасады. Бұрым — қыз баланың бойына нәзіктік пен жинақылық береді. Сондықтан, күнделікті өмірде шашты жайғаннан гөрі, өріп қойып жүргенді ұнатамын. Фен мен үтік деген дүниелерді өте сирек пайдаланамын. Олардың зияны айтпаса да, түсінікті.

Табиғи сұлулық

Ерте жастан бояуға әуестік теріні ерте қартайтып жібереді. Сондықтан, мерекелік кештерге болмаса, қарапайым күндері бояуды аз пайдалануға тырысамын. Күнделікті қолданатын бояуларым көзге арналған сүрме (тушь) мен еңліктен (румяна) ғана тұрады.

Тырнақ бас назарда

Тырнақ күтіміне көп жандар мән бере бермейді. Ол да қыздың айнасы. Тырнақтарды ұзын етіп өсіру сәнге айналғанымен, менің таңдауым - қысқа тырнақтар. Тырнақтарым міндетті түрде ашық түске боялады. Жаз айларында аяқ тырнақтарына да үлкен мән беремін.

Киімімізге қарап қарсы алады...

Адам алыстан келе жатқанда, бірінші көзге түсетіні оның тырнақтары емес, шашы да емес — киімі. Киімнің соңғы үлгіде болуы шарт емес. Бастысы бойға қонымдылығы мен таза болуы. Киімді үтіктемей кию — қыз баланың ажарын қашырып қана қоймай, беделін де түсіреді. Киімді үтіктеп барып қана киюге тырысамын."Қыз сырт келбетін түрлендіріп, өзгертіп отыруы тиіс" деген екен әйгілі Ресей әншісі Людмила Гурченко. Сондықтан, күнде бір образда жүргенді қаламаймын. Ал киім таңдауда, бағасы мен үлгісі емес, жайлылығы мен жарасымдылығы маңызды.

Ал сіз сұлу болып көрінудің қандай жолдарын білесіз?

3 жауап

+1 дауыс
Спортпекн айналысқан Салауатты өмір салтын сақтайтын адамдар сұлу болады деп ойлаймын
+1 дауыс
Бастысы: әр әйел өзін "сұлумын" деп білгені (десең я). Әрине ішкі жанд дүниемеен, сыртқы жан дүниенің қос егіздей қатар жүруі
+1 дауыс
Әдемі болу өнері

Сұлулықтың бірден бір сыры – іштегі сезімдерде жатыр. Неғұрлым өзіңізді әдемімін деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға тартымды болып көрінесіз. Кино, музыка әлеміндегі танымал адамдарға қарайықшы, бәрін бірдей әдемі деп айта алмаймыз. Көбіне, олар жинақы, күтімді көрінеді. Оның бір құпиясы, олар өздерін тартымды сезінеді, және де өзіне тамасануға жол ашады.
Әр әйел таңертең тұрып, боянып, киініп, айнаға қарап – бейнесінің тартымдылығына көз жеткізеді. Осы мезетті есіңізде сақтап, қалаған уақытта шақыра білуге дағдыланыңыз.
Адам өзінің тартымдылығына сеніп тұрса, оның жүріс-тұрысы да, қимылы да өзгереді. Ең басты өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы. Өзіне сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға болатындай болсын. Ең тартатын да осы энергетика.
Тағы бір ескеретін жәйт – бәріне ұнауға тырыспаңыз. Біреуге ұнау үшін тырысқан сайын, сіздің ұнау мүмкіншілігіңіз де бәсеңдейді. Өйткені мұның бәрі сырт көзге айқын көрініп тұрады. Одан да өзіңізді еркін ұстап, шынайы қалпыңыздан таймаңыз. Бұл өте жақсы әсер етеді. Көпшілікке әсер қалдыруға тырыспайтын адамдар ұнайды.
Бәрінен бұрын идеал адамдар болмайтынын ескеріңіз. Өзіңізді қалай бар, солай жақсы көріңіз. Бұл өте маңызды – өзіңді жақсы көру, тартымды екеніңді сезіну.

Адам қаншалықты көрікті болса, соншалық ақылды болады

Ажарлы адамның ой-өресі де биік болады. Ғалымдар «ақылына көркі сай» деген теңеудің ғылыми негізі бар екенін айтып отыр. Лондондағы  экономика  мектебі  мамандары¬ның зерттеуінше, әдемі адамдардың IQ деңгейі орташа көрсеткіштен 14 тармақ бойынша жоғары болады екен. Ақылды да әдемі адамдар ежелден ұрпақ жалғастыру үшін әлеуеті зор үміткерлер саналған. Бұл екі қасиет өзара бірлікте бола отырып, тұқым қуалайды. Физик Брайан Кокстың айтуынша, зерттеу әдемі әйелдерге қарағанда, көбіне көрікті ер адамдардың ақылды келетінін көрсеткен. Өңі сұлу ерлерде IQ көрсеткіші 13,6 тармақ бойынша, әйел адамдарда 11,4 тармақ бойынша жоғары болып шыққан. Естеріңізде болса, мұның алдында Аризона университетінің ғалымдары өресі биік адамдардың ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген болатын.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
7 жауап
0 дауыс
13 жауап
+1 дауыс
13 жауап
...