0 дауыс
34.4k көрілді
Достар көмек керек "Д.И. Менделеевтің ғылыми еңбектері" туралы Реферат керек

4 жауап

+1 дауыс
Ұлы тұлға –   Дмитрий Иванович Менделеев.

 

          Дмитрий Иванович Менделеев 27 қаңтарда  (8 февраля) 1834 жылы  Тобольск қаласында  Иван Павлович Менделеев (1783—-1847), жанұясында дүниеге келді.  Әкесі Тобольск гимназиясының директоры және танымал ұстаз болатын. . Жанұяда Дмитрий он жетінші бала болып дүниеге келді.  Жастайынан бұғанасы қатпай жатып жетім болып қалды. Дмитрий Иванович Менделеев жастайынан табиғатты сүюге, еңбек етуге талпынған шын талант иесі.  Д. И. Менделлевтің  анасы –Мария  Дмитриевна.  Анасы бар өмірін балалаларына арнаған, өздігінен сауаттанған адам.

Д.И.  Менделлевтің балалық шағы декрабристер көтерілісімен тұспа – тұс келді. Әкесі  Дмитрий Иванович Менделеевтің қайтыс болуы ұлы ғұламаның балалық шағына қатты әсер етті. Менделлевтің әлемге танымал болуына бірден – бір жол салған атасы В. Д. Корнильев болатын. Ол ғалымдар еңбектері мен көркемәдебиетті кітаптарын оқуға , білімге ұмтылуға тәрбиеледі.  Д.И. Менделеев гимназияда алдыңғы қатарлы шәкірттер қатарында болды.

Дмитрий Иванович  Менделеев екі рет некеде болған. 1862 жылы өзінен

6 жас үлкен Тобольск тумасы  Физа Никити Лещевнаға үйленеді. ,  Бұл некеден үш бала өмірге келді. Қызы  Мария 1863жылы туылған бірақ кішкене жасында дүние салды,  ұлы Володя (1865—1898) және  Ольга (1868—1950).  1870 жылдардың соңында  Дмитрий Менделеев Урюпинскден келген дон казағы Анна есімді қызға шексіз ғашық болып , екінші рет үйленеді. Бұл некеден төрт бала  : Любовь, Иван және егіздер  Мария мен  Василий дүниеге келді . Менделлевтің Любовь есімді қызы орыстың атақты ақыны Александр Блокқа тұрмысқа шығады.

 

Д.И. Менделеевтің ғылым жолындағы өрлеу жылдары.

(1847—1859 жылдар аралығындағы Менделеевтің өмірі)

1847ж —Тобольскую гимназиясында оқуға қабылданады.

1855ж — жылы Санкт-Петербург қаласындағы педагогикалық институттың  физика-математика факультетін тәмамдады.

1855ж —Симферополь қаласындағы ер балалар гимназиясының жаратылыстану саласындағы ғылым негіздерінің жетекші мұғалімі қызметін атқарды.

1855—1856ж.ж  —Одессе қаласындағы Ришельевск лицейде жетекші мұғалім қызметін атқарады. .

1856 жылдары  —Ол « Кремниий қосылыстарының құрлысы »  тақырыбындағы диссертацисын жоғары дәрежеде қорғап , осы жетістігі нәтижесінде Петербург қаласында «Силикатты қосылыстардың құрлысы », « Кристалды формалы заттардың  изоморфты байланысы» атты кандидаттық диссертациясы  Д. И. Менделеевті  1856жылы 10 қазанда  «химия магистрі» ғылыми дәрежесін алуына негіз болды.

1857 жылы 9 қаңтарда Д. И. Менделеевке  Санкт – Петербург қаласының императорлық  университетінің химия кафедрасының доценті атағы берілді.

1857—1890  жылдар аралығында Санкт-Петербург қаласының императорлық университетінде оқытушы қызметін атқарды.

1865 жылы  —  Химия технологиясының профессоры атағын иеленді.

1867 жылы — Жалпы химия ғылымының профессоры атағын иеленді . Сонымен қатар  — екінші  кадет  корпусында химия  пәні бойынша дәріс берді.

1863—1872  жылдары  —Санкт-Петербург  технологиялық  институтының профессоры атағын иемденді.

1863—1872  жылдары  Санкт-Петербург  технологиялық  институтында химия лабораториясының меңгерушісі және сонымен бірге инженерлік академия мен ущилищелерде қызмет етті.

1859—1861 жылдары  ғылыми іс – сапармен  Гейдельберг қаласына барды.

1859жылы – Д. И. Менделеев химия ғылымын жетілдіре зерттеу мақсатында   Еуропаға жолдама алды.

Д. И. Менделлев ғылым жолында заттардың ішкі құрлысын. Бөлшектерін, байланысу тәртібін, агрегаттық күйін экспериментті түрде жете зерттеп, теориялық деректер мен дәйектерді нақты дәлелдермен көрсете білді.

Гейдельберг университетінің ғылыми орталығында шетел ғалымдары

Бунзен, Г. Кирхгоф, Г. Гельмгольц, Э. Эрленмейер Дж. У. Гиббсом бірге жұмыс жасап, Р. Бунзенаның ұқыпты, тамшылату негізінде жасалған зертханалық лабораториясында ғылыми зерттеулер жасады  және сонымен қатар ұлы ғалым жалға үй алып заттарды тазарту және бөлуге арналған жеке лабораториясында өз бетінше  зерттеулер жүргізді.

 

 

Д.И. Менделеев периодтық жүйенің  негізін қалаушы ғалым

 

Д. И. Менделлеев ғылымның әр түрлі салалары  бойынша: химиядан ,физикадан, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды. Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады.    Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастап ең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды.   Өзінің системасына сүйене отырып,  Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды. Көптеген елдердің ғылым химиктері химиялық элементтерді  жіктеудің әр түрлі тәсілдерін ұсынды.  Бірақ олар барлық элементтерді бір жүйеге келтіретін байланысты таба алмады.  Бұл міндетті орыс ғалымы Д.И. Менделеев ашты.  Химиялық элементті жіктеуде Д.И. Менделеев өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйенді.  Бірақ олар топтастырылып қана қоймай , оларды бір жүйеге келтіру үшін  бүкіл элементтерді өзара байланыстырылатын заңдылық іздеді. Бұрынырақта әрбір туыстас элементтер басқа топтармен байланыстырылмай  жеке дара қаралды. Ал Д. И. Менделеев ұқсас және ұқсас емес элементтер арасындағы байланысты атомдық массалары және валенттілігіне сүйеніп қарастырды.

Д. И Менделеев өз кезінде белгілі болған  элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырылды.  Нәтижесінде қасиеті ұқсас элементтер белгілі бір аралықта қайталанып отыратындығы анықталды.

Li .. Be…. F…. Ne

Na….Mg …. CI….. Ar

K….Ca…. Br….Kr

Rb…..Cs

Белгілі бір элементтің қасиеті біраз элементтен соң қайталанады.  Олардың валенттіктері бірдей оксидтері, гидроксидтері, сутекті қосылыстары ұқсас химиялық қасиеттер көрсетеді. Бұл заңдылықты 1969 жылы Д.И. Менделлев  периодтық заң түрінде түсіндірді.  Период грек сөзі « periodicos» «цикл» деген ұғымды білдіреді. Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массаларына периодтты түрде тәуелді болады.  Периодтық жүйеде кейбір элементтердің реттік номеріне атомдық массалары сәйкес емес. Мысалы Д.И. Менделеев кобальтты с.м.а 58,93 , никельдің 58,70  алдына орналастырылады.  Теллур -Те  – 127,6  болғаныны қарамастан атомдық массасы 126,9 йодтың алдына орналастырылады.  Мұндай ауыстырулар болмаса элементтердің қасиетіне байланысты сәйкес келмейді.  Массаларына сай алса йод- халькогендер, ал теллур – галогендер тобына сәйкес келер еді.  Сондықтын Д.И. Менделеев мұндай ауыстыруларды қажет деп санады.  ХІХ ғасырды периодтық заң болмаған кезде химия ғылымының жаңалықтары ашылмаған болар еді.

 

Д. И. Менделлеев – ұлы талант иесі

Д. И. Менделлеев ғылымның әр түрлі салалары  бойынша: химиядан ,физикадан, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды.   Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.

Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзі 1878 жылы Париж қаласында А. Жиффар жасаған көлемі  3600 м³ үлкен әуе шарымен  көкке ұшты.  Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды.

Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылы
+1 дауыс
Менделеев Дмитрий Иванович (1834-1907) Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы Д. И. Менделеев жасады. Дмитрий Иванович Тобольск қаласында дүниеге келді. Оның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды. Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды. Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеевоны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодтысистемасын да жасады. Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды. Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағызғылыми болжам болды. Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзіқиын. Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзөі әуе шарымен көкке ұшты. Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменіңжобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды. Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады. Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды, әуеде ұшу ісіне де көңіл аударды... Оның Толық шығармалар жинағы қалың-қалың жиырма бес томнан тұрады. Ол дүние жүзінің көптеген елдерінің академиялары мен ғылыми қоғамдарына құрметті мүше болып сайланды. Бір күні Бобловада (Менделеевтің имениесі) шаруалар Менделеевтен: «Дмитрий Иванович, сенің егінің қалайша осылай бітік болып шықты. Бұл өзі саған біткен талант па, әлде бақыт па, осыны түсіндірші бізге?»- деп сұрайды. Сонда Менделеев оларға күлімсірей қарап: «Әлбетте, талант, бауырларым!» - деп жауап беріпті. Шынында да, ол ешқандай асырып айтпаған еді. Оның әрбір ісі нағыз таланттың, талант болғанда да үздіксіз еңбекпен еселенген толассыз таланттың туындысы болатын. Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайында.
0 дауыс

Дмитрий Иванович Менделеев ( 27 қаңтар (8 ақпан) 1834, Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан) 1907, Санкт-Петербург) — орыс энциклопедист-ғалымы: химигі, физигі, физикалық химигі, метролог, экономист, технолог, геолог, метеоролог, педагог, мұнайшы, аэронавт. Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876).

1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген.Санкт-Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр құрастырды (1859). “Органикалық химия” деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют температурасын (1860), гидраттық теорияны (1865 – 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі – периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон – Менделеев теңдеулерін шығарды. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877), көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды.

0 дауыс

Дмитрий Менделеев ғылымның әртүрлі салалары бойынша: химиядан, физикадан, метерологиядан, ауыл шаруашылығынан, педагогикадан 400-ден аса еңбек жазды. ... Дмитрий Иванович Менделеев 1834 жылы 27 қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 

...