АЛЛАҺ адам баласын бір-біріне кек сақтасын деп жаратқан емес, оларды бір-біріне бауыр қылып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, сол қасиеттермен адамзат баласы арасында сүйіспеншілік пен жақын қарым қатынас орнасын деп бір топырақтан жаратқан. Ал, адам жын мен шайтанның арбауына түсіп, адам баласына жат қылықтарды қанына дарытып, нәпсісімен әлсіздікке бой алдыртып қояды. Біреуді қарғау, одан кек алу, жамандыққа итеру, жолын кесу, көкіректік, көре алмаушылық деген сияқты адамға тән емес қасиеттерді әдетке айналдырып жатады. Ал, Аллаһу тағала ондай құлдарын жек көреді және оларды тозақтан дейді. Сондықтан, адам баласының иманы жоғары болса, ондай қасиеттерден, іс әрекеттерден аулақ болуға тырысады. Қорыта айтсам, Имандылық- бар жақсылықтың кілті.