"Қарға карғаның көзін шұқымайды" деген бар.Өз басым , ата анамнан алыстау жерде, өмірде әлі тәжрибесіздеу кезімде ауырып,дәрігерлік қатеден екі рет өле жаздадым ! Сол уақыттарда бағыма қарай басқа білікті дәрігерлер кезекшілік етіп аман алып қалмағанда, мен қазір бүйтіп отырмас та едім ,шіріп молада жатар едім ! Мен дәрігер болмасам да медицина саласының адамымын." Қарға қарғаның көзін шұқымыйды" деген қағидамен ,арызданып, шағымданбадым,бірақ сол дәрігер өз арызымен жұмыстан шығыпты . Сенің жазғандарыңа қарап, мынау болашақ дәргерме деп сын көзбен қарауым да содан.Ешкімді сынамай ақ қой, одан да біліміңді көтер.Емшілердің ішінде дәрілік шөптермен емдейтін,адамның психикасын сендіру арқылы емдейтіндер ( бұны психологияда СУГГЕСТИКАЛЫҚ МЕТОД дейдІ),биоөрістермен,массажбен емдейтін өте жан - жақты сауаттылары бар. Оларың көпшілігі көп ақша сұрамайды,не берсең соны қанағат етеді. Сондықтан бір түйір емшіге барып , емшілер жаман немесе жақсы деп деп тұжырым жасау абсурд. Қазір өзімде үнемі барып қаралып жүретін, өзім таңдаған дәрігерлерім бар , шөптерін ішетін емшім де бар.Бірақ дәрігеріме айтамын осындай емшіден шөпдәрі ішіп жүрмін деп.Медицинада қазақша оқулықтар аз, сондықтан, өзің болашақта дәрігер болуды мақсат етсең орысша көп оқы. Айтпақшы менің соңғы мамандығым провизор.