60 жасқа тілек
Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.
Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қаыратыңыз қашанда арта бергей!
Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.
60 жасқа толған әріптесімізге тілек:
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат,
отбасыңызға баянды бақыт тілейміз
60 жасқа
Алатау шыңдары мен Қаратау тастарына
Көз түсті жеткеннен соң алпыстың асқарына...
Ақ бояу самай менен, бақ сыйлап бастарыма.
Жетпістің жотасына жетпеген жаста мына
Жаудырам алғысымды көрші мен достарыма,
Ұл-қызым, немере мен шөбере – жастарыма!
*
Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің көшелі бір азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты ағамыз ............... бұл күнде 60 жастың асқарына шығып, бәрімізді қуантып отыр.
Жасынан ел басқару ісіне араласып, осы жолда көп белес – биіктерден өткен қымбатты ағамызға, әкеміз, атамызға алда да тасыңыз осылай өрге домалай берсін, көргеніңіз тек қызық болып, ел-жұртыңызды жаңа табыстарыңызбен қуанта бергейсіз демекпіз.
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға деп білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор құрметке бөледі. Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды. Өмірлік еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, қатар жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ бала-шағаңыз үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Қадірлі аға! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.
Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдімін.
Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Бақытыңыз баянды, сау-саламат жүргейсіз!
Ел үшін аянбай қызмет ету басты парыз деп санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты азамат, киелі де қастерлі мекен – Махамбеттей өр ақынның, елді жаудан қорғаған батырдың туған өлкесінің перзенті жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді ордалы отағасының жасы деп аталатын Асқаралы Алатау – 60 жастың белесіне алып жетіпті.