Қазақстанда қандай рекорд жасаған кісілер бар?

+3 дауыс
4.0k қаралым
Рекорд жасаған адамдар бар видеолары барма гинес рекорд кітабіна кіргендер барма?
• Санаты: Жалпы спорт

3 жауап

+3 дауыс
СПОРТШЫЛАР РЕКОРДЫ Қазақстандық ауыр атлет Мая Манеза 2010 жылы Түркияда өткен әлем чемпионатында 63 килограмм салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол осы сайыста 143 килограмдық штанганы серпекөтеріп, әлем рекордын жаңартты. Спортшының бұл нәтижесі Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ал 2012 жылы Лондон олимпиадасында чемпион атанған ауыр атлет Илья Ильин қоссайыс (жұлқа және серпе көтеру) қорытындысы бойынша 418 килограмдық штанга көтеріп, әлем рекордын орнатты. Осы нәтиже кейін Гиннесс рекордтар кітабына еніп, Ильинге арнайы сертификат тапсырылды. Қазақстандық 50 жастағы марафоншы Марат Жыланбаев рекордтар кітабына жеті рет енген. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты. Марат Жыланбаев 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күнішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр), 1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) кесіп өтті. "Гиннесс рекордтар кітабындағы Қазақстан"
0 дауыс
Соғыс жылдарында Шығанақ Берсиев тары өсіруден, Ыбырай Жақаев күріш өсіруден рекорд жасаған.

Ең бірінші назар аударатын жайт, «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет енген қазақ Марат Жыланбаев. Бүгінде елу жасқа толған Марат Жыланбаев Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан. Және 1992 жылы 20 күнде мың шақырымнан асатын Қарақұм шөлін, 1993 жылы жиырма төрт күнде қара құрлықтағы Сахара шөлін (1700 шақырым) кесіп өткен. Осы жылы бұл жетістігімен шектеліп қана қоймай,  мың жарым шақырымдық Үлкен Виктория шөлін де бағындырды. Ал  1994 жылы он бес күннің ішінде  Мохава шөлін (1218 шақырым) шарлап шықты. Міне, осы жетістіктерінің арқасында қазақ марафоншысының есімі «Гиннестің рекордтар кіта-бына» жеті мәрте жазылған. Қазір Марат Жыланбаев Екібастұз қала-сында тұрады. Жеке бизнесі бар кәсіпкер.

2003 жылы 27 қыркүйекте Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау үшін ірі аэробикалық жаттығу өткізілді. Таңғы сағат тоғызда «Қазақ радиосынан» жаттығу жасайтын әуен ойнатылып,  бір  мезетте 4 миллион 845 98 адам радиодан берілген әуен арқылы жаттығу жасады. Осы шара «әлемдегі ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу» ретінде «Гиннестің рекордтар кітабына» кірді.

2011 жылдың желтоқсаны. Қазақ география қоғамының бес адамдық экспедициялық тобы оңтүстік полюске автокөлікпен жетті. Олар  2308 шақырым жолды машинаның бензинін қатырмай, 108 сағатта жүріп өткен. Бұл экспедиция «Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Экспедиция алдымен Кейптаун (Оңтүстік Африка) қаласынан Антрактидадағы Новолазаревская бекетіне ұшақпен шығып, сол жерден оңтүстік полюске жапониялық Toyota Hilux 3L Turbo көлігімен барған. Бес адамдық зерттеу тобы 11 күннің ішінде оңтүстік полюске жеткен.

Әлемдегі ең үлкен шатыр да Қазақстанда

Астана төріндегі «Хан Шатыр» ғимараты да «Гиннестің рекордтар кітабына» кіріпті. Ерекше құрылыс саналатын «Хан Шатыр» кешені «әлемдегі ең биік шатыр» ретінде рекордқа ие. «Хан Шатырдың» биіктігі 150 метрден асады. Шатыр жұқа болса да қыста жылы, жазда салқын болып тұрады. Және «Хан Шатыр» таңертең, түске, кешке өз түсін өзгерте алады. Бұл ғимараттың жоғары жағында қысы-жазы бір температурада болатын үлкен жағажай бар.

Айтпақшы, Қазақстанның өзі жеке мемлекет ретінде де бірнеше рет рекордтар кітабына жазылған. Мәселен, қазақ даласында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағы «ең алғаш адамзат баласының айға көтерілген жердің нүктесі» ретінде «Гиннестің рекордтар кітабына» еніпті. Ал Қазақстанның өзі «мұхитқа шыға алмайтын әлемдегі ең үлкен ел» ретінде рекордтар кітабына кірген.

Ауыр атлеттердің рекордтары

2009 жылы қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Оңтүстік Кореяның Гоян қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды. Ол кезде Чиншанло бар болғаны 16 жаста еді. Осы нәтижесінің арқасында Зүлфия «ересектер арасындағы әлем чемпионатын ұтқан ең жас спортшы» ретінде рекорд орнатты.

Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза 2010 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол осы сайыста 143 келілік зілтемірді серпе көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Спортшының бұл нәтижесі «Гиннестің рекордтар кітабына» енді. Ал 2012 жылы Лондон олимпиадасында чемпион атанған ауыр атлет Илья Ильин 418 келілік зілтемірді көтеріп, әлем рекордын орнатқанын білеміз. Міне, сол нәтиже әлемдік көрсеткіш деп рекордтар кітабына енді. Ильиннің өзіне арнайы сертификат тапсырылды.
Ыбырай Жақаевті білемін........
0 дауыс
Илья Ильин бар емес пе!!!!!!!!!!.....................
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,780 сұрақ
322,356 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы