0 дауыс
21.4k көрілді
Химиядан қызықты зертханалық тәжірибелер керек,алдын  ала рахмет.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ютубта  көп қой)  Мына видеода Аммиак пен Йодқа қағазды салып өртейді.

көп рахмет
0 дауыс
Арақтан таза спиртті бөліп алу: Арақты мұздатқышқа қойып қоясыз, нәтижесінде суы мұз болып қатып қалат, ал спирті сұйық күйінде қалат. (Негізі жайпақ табаққа құйып, мұздатқышқа қояды делінген, бірақ мұнысымен келсіпеймін, жайпақ табаққа құйса, спирті ұшып кетпей ме... Сондықтан аузы бітеу темір немесе пластик шөлмекке құйған дұрыс(әйнек шөлмектер шатынап кетет аяздан))
0 дауыс

Химия пәнінің лаборатория жұмыстарын жүргізуге арналған оқулыққа қосымша әдістемелік құрал

Химия-биология пәнінің мұғалімі: Тажбекеева Р.Т

Астана 2013

Кіріспе

Оқулыққа қосымша әдістемелік құрал орта мектеп мұғалімдеріне және 8-11 сынып оқушыларына арналған. Бұл химия пәнінің лаборатория жұмысын жүргізуге арналып, жоғарғы оқу орындарына түсушілерге химия пәнін толық қайталап шығуға Г.П.Хомченко «Химия» оқулығына сәйкес бейімделген. Сол себепті әдістемелік құрал мектеп оқушыларынан басқа, колледж оқушыларына да пайдалануға болады.

Әдістемелік құралда химия пәнінің: әуелі химияның жалпы теориялық негіздері (I-бөлім), сонан соң,  соның негізінде бейорганикалық (II-бөлім) материалдарын қамтитын лаборатория жұмыстары келтірілген: , жұмыстар жартылай микроәдісімен орындалады.

Жартылай микроәдіс дегеніміз – макро және микроәдістердің аралығындағы әдіс, яғни тәжірибелерді жүргізгенде реактивтердің ең аз мөлшерін пайдаланады: ерітінділердің көлемі 0,1–0,3 мл-ден аспайды. Құрғақ заттардың мөлшері, макроәдіспен салыстырғанда 20–50 есе аз алынады, ал ыдыстарға келсек 4-6 мл-лік пробиркалар, 50-100 мл стакандар толығымен жеткілікті.

   Жартылай микроәдістің құндылығы:

1)Жұмыс жүргізуге уақыттың ұтымдылығы: макроәдіспен салыстырғанда, қолданылып отырған әдіспен екі есе көбірек(бірдей уақытта) тәжірибелер жүргізуге болады;

2)Реактивтерді үнемдеп, шығымын қысқартады;

3)Жинақты, ұқыпты, тез және үлкен дәлділікпен жұмыс жасауға үйретеді;

4)Жұмысты суырғыш (вытяжной) шкафсыз, су құбырынсыз орындауға мүмкіншілік береді;

5)Жартылай микроәдіске өту өте жеңіл орындалады. Ол үшін өте арзан, құрылысы жөнінен жай қондырғыларды керек етеді, яғни: үлкен пробиркаларды кішкентайларға (4-6 мл-ліктерге), реактивтік ыдыстарды пипеткалармен ауыстыруға болады, тек штатив қажет. Кейбір реакцияларды жай шыны пластинкаларда да жүргізуге болады;

6)Өте аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс жасау – қазіргі нарық экономикасына сәйкес лаборатория жұмысының ғылыми деңгейіне жауап береді.   

Реактивтер, ыдыстар, қондырғыштар

Нұсқауда келтірілген барлық жұмыстарды орындау үшін, барлығы 60 реактив қажет. Ол реактивтерді сақтайтын сатылы жәшік-штатив  жасауға  болады. Жәшік-штативті өздеріңе ыңғайлы етіп құрастыруға болады, тек ескеретін жағдай жәшіктің әр полкасына реактивтер склянкаларын  қоятын 15-20 ұяшықтар (гнездо) жасау керек. Қатты реактивтерді және ерітінділерді  ыдыстың сыртына атын жазып, сол ұяшықтарға орнықтырып қояды. Концентрлі қышқылдар мен сілтілерді суырғыш шкафта сақтайты.

 Күнделікті қолданылатын сұйық реактивтерді антибиотиктерден босаған шыныларға (пузырьки) салуға болады. Тек сол шыныларды  резинка немесе пластмасса тығындары арқылы орнатылған тамшылатқыш пипеткалармен жабуға болады. Тамшылатқыш пипеткаларды өздеріңізге жасауға болады, ал құрғақ реактивтерді сол шыныларға (антибиотиктен босаған) салып, резинка тығынмен жауып қояды. Шыныдан немесе металдан микрошпатель (микроқасық) жасауға болады. Жасалған микроқасықты резинка тығынға орнатса дұрыс болады. Микроқасықты шыныдан жасау үшін, диаметрі 2 мм шыны таяқшаны горелка жалынында жұмсағанға дейін қыздырып, сосын қышқашпен (плоскогубцы) қатты қысса, таяқша жалпайып,  микроқасық (микрошпатель) дайар болады. Ал алюминий таяқшасын (диаметрі 2мм) қызарғанша қыздырып, ол жұмсағанда темірдің үстіне салып балғамен ұрса микроқасық болады.

 Пробиркаларды пробиркаға арналған штативте сақтаған жөн. Жұмыс жүргізуге түбі сүйірлеу келген пробиркалар ыңғайлы, себебі, аз мөлшердегі химиялық процесс кезіндегі өзгерістерді (тұнба түсу, түсінің өзгеруі, ерітінділер қабатының пайда болғанын) байқауға жеңіл. Сұйықтықтарды араластыру үшін шыны таяқша болу керек. Мүмкін болса, колбалар – Эрленмейер колбасын алған жөн.

Жұмысты ұйымдастыру және лаборатория

журналын қолдану

Әр лаборатория жұмысын жүргізу үшін оқушы даярлықты оқулық, жұмысшы дәптері және лаборатория жұмысына арналған нұсғау бойынша жүргізеді. Лаборатория жұмысын жүргізген кезде оқушы лабораториялық журналға жазып отырады. Журналға: жұмыс жүрген күннің, жұмыс тақырыбының реттік санын, атын, жұмыстың реттік санын, атын, жүргізу тәртібін, реактивтердің санын, атын, байқаған құбылыстарын, процестің химиялық теңдеуін және жұмыс туралы қысқаша қорытындысын жазады. Жүргізген тәжірибе негізінде жасалған дұрыс қорытынды тақырыпты жақсы игеріп, материалдар жақсы түсінгенін дәлелдейді.

 

Лаборатория жұмысына даярланғанда және оларды

орындағанда сақтыққа қажет қауіпсіздену

техникасының ережелері

Химиялық реактивтердің аз мөлшерімен тәжірибе жүргізу – қауіптілікті азайтады, бірақ қауіпті жағдай болмайды дей алмаймыз. Сондықтан химиялық лабораторияда тәжірибе жасайтын әрбір оқушы да, оқытушы да барлық қауіпсіздік техника ережелерін білу және міндетті түрде орындау қажет.

1. Химиялық лабораторияда жұмыс жасағанда өте сақтықты орындау керек.Ұқыпсыздық, аңқаулық, ынтасыздық, химиялық заттардың қасиеттерін және қондырғылармен жұмыс жасауды білмейтіндік сәтсіз оқиғаға әкелетінін ұмытпау керек.

2. Тәжірибе жасауға тек оқытушының ұлықсатымен кірісу керек.

3.  Тәжірибе жүргізгенде, химиялық реакцияға қажетті реактивтер, олардың концентрациясы және мөлшері, қолданылатын ыдыстары – әдістемелік нұсқаудағы, сол тақырыпқа арналған жұмысқа көрсетілгендерге сәйкес болуы керек.

4. Тәжірибені таза ыдыста жүргізу керек.

5. Реактивтерді қолданарда олардың ыдысында жазылған атын ұқыптылықпен оқу керек.

6. Тәжірибе кезінде улы иісті немесе жағымсыз иісті заттар алынған болса (мысалы құрамында галогендер, аммиак, күкіртсутекті т.б. заттар бар немесе қышқылдар ерітіндісін қыздырып, қайнататын болса) ондай жұмысты суырғыш шкаф ішінде жүргізу қажет.

7. Қопарылғыш және тез жанатын заттармен немесе концентрлі қышқылдар, сілтілермен тәжірибе жүргізгенде, қауіпсіздік техника ережелерін орындаумен қатар, тәжірибені отырып емес, тіке тұрып орындау керек. Бөлінген газды және буды жандыру керек болса, әуелі оның тазалығына көз жеткізгеннен кейін ғана орындау керек, әйтпесе газдар қоспасы ауамен араласқанда қопарылуы мүмкін.

8. Реактивтерді құйып жатқанда немесе қыздырғанда ыдысқа еңкейіп, үңілмеу керек, себебі бетке шашырауы немесе сұйықтық қопарылыс беруі мүмкін. Колбаны, пробирканы немесе стаканды қыздырғанда, олардың ауызын өзіне немесе кісі өтетін жаққа қаратпау керек.

9. Егер бөлінген газдың иісін байқау керек болса, онда алыстан буды немесе газды қолмен сілкіп, өзіне қарай ығыстырып иіскеу керек.

10.   Еш уақытта реактивтердің дәмін көруге болмайды, себебі олар негізінен улы заттар .

11.   Реакция жүретін пробиркамен жалғанған газ жүретін түтік қабылдағыш ыдыстағы сұйықтыққа батырылған болса, реакция біткен соң горелканы пробиркадан айыру үшін әуелі газ жүретін түтікті сұйықтықтан суыру керек, егер олай жасамаса, горелканы алғаннан кейін пробирка ішінде қысымның төмендеуімен байланысты, қабылдауыш ыдыстағы сұйықтық газ жүретін түтік арқылы реакция жүрген пробиркаға атылып кетуі мүмкін.

12.   Лаборант отыратын бөлмеде өрт сөндіргіш, құм салған жәшік және аптека болу керек.

13.   Тез тұтанғыш заттарды бензин, эфир, спирт, бензол т.б-ды от, жылу көздерінен алыс сақтау керек. Егер жанып, өрт болған жағдайда асбестпен (егер үстел үстінде болса), немесе құммен жауып сөндіру керек.

14.   Газ горелкаларымен және спиртовкалармен жұмыс жасағанда сақ болу керек. Сәл иісі білінсе, тез газ кранын жауып,барлық жылу көздерін сөндіру керек. Газ кранын ашпас бұрын сіріңке жағып, ауада газ жоқ екенін анықтау қажет. Жанып тұрған спиртовкаға қисайтып, екінші спиртовканы тұтандыруға болмайды. Спиртовканы өшіру үшін оны өзінің қақпағымен жауып өшіру керек.

15.   Егер лабораторияда өрт шықса, тез өрт сөндіргіштерді шақыру қажет. Өрт сөндіргіштер келгенше құммен, өрт сөндіргішпен, сумен сөндіре беру керек.

16.   Егер қышқылмен немесе сілтімен бетін, қолын күйдіріп алса, тез бірінші көмекті көрсетіп, онан кейін медпунктке баруына көмектесу қажет.

17.   Қауіпсіздену техника ережелерімен толық танысқаннан кейін, әр танысқан оқушы, оқытушы немесе лаборант арнайы журналға танысқанын білдіріп қолын қояды.

18.   Лабораторияда ақ халат киіп жүреді, халатсыз лаборатория жұмысын жүргізуге болмайды.   

 

Лабораторияда сәтсіз жағдай болғанда көрсететін   бірінші көмек

1. Шыны сынығымен кесіп алған жағдайда әуелі кесілген жерде шыны сынығы қалмағанын анықтау керек. Онан кейін кесілген жерді мақтамен сүртіп(спиртпен батырылған), иодпен майлап, сосын марлімен байлау керек.

2. Ыстықпен күйген жағдайда күйген жерге калий перманганатының (марганцовканың) концентрлі ерітіндісіне батырылған марлімен байлау керек немесе күйгенге қарсы маймен майлап қою керек. Егер перманганат ерітіндісі немесе май болмаса, күйген жерге натрий гидрокорбонат (ас содасын) сеуіп, салқын суға батырылған марлімен байлау керек.

3. Қышқылмен немесе сілтімен бет, қол, аяқ күйген жағдайда әуелі тез кран суымен 5 минуттай жуу керек, сосын қышқылмен күйген кезде ас содасының 2% ерітінсімен немесе нашатырь спиртінің әлсіз ерітіндісімен жуу керек;

 Сілтімен күйген жағдайда сірке қышқылының немесе лимон қышқылының 1% ерітіндімен жуу керек. Сонан кейін екі жағдайда да спиртке батырылған марлімен байлау керек.

 Көзге қышқыл немесе сілті тиген жағдайда әуелі крандағы судың көп мөлшерімен көзді жуу керек, сонан кейін көзге өышқыл тиген жағдайда ас содасының әлсіз ерітіндісімен жуу керек.

Сілті тиген кезде бор қышқылының 1% ертіндісімен жуу керек. Бірінші көмек көрсетіп болған соң жақын жердегі медпунктке немесе поликлиникаға апару керек.

Әр жұмысты жүргізер алдында оқытушы орындалатын жұмыстың ерекшелігіне көңіл аударып, қауіпсіздік техника  ережелерін қайталап,  сол жұмыста кездесетін қауіпті кезеңдерді атап, оқушыларды ескерту керек.

  

Лабораторияда бірінші көмек көрсетуге

қажет аптечкадағы дәрі-дәрмектер

1. Бинт (марлі);

2. Ылғал жұтқыш мақта;

3. Лейкопластырь;

4. Иодтың 3%-ті спирттегі ерітіндісі;

5. Ұзындығы 40-50см резинка түтігі(жгут);

6. Көз жуу үшін шыны тостағанша;

7. Пипетка;

8. Пинцет;

9. Дәрі ішуге қажет өлшеуіш стакан (мензурка);

10.   Калий перманганатының 2%-ті ерітіндісі;

11.   Натрий гидрокарбонатының (ас содасының) 1% ерітіндісі;

12.   Сірке қышқылының 1%-ті ерітіндісі;

13.   Бор қышқылының 2%-ті ерітіндісі;

14.   Глицерин;

15.   Вазелин;

16.   Сульфидин эмульсиясы;

17.   Вишневский майы;

18.   Эфирвалериан;

19.   Нашатырь спиртінің 10%-ті ерітіндісі;

20.   Этил спирті.

I бөлім

Электролиттік диссоцияциялану

теориясының негізі

№1жұмыс

Электролит ерітінділерінің аяғына дейін

жүретін өзара алмасу реакциясы

 Қондырғылар мен реактивтер: Пробиркалары бар штатив, натрий сульфатының, барий хлоридінің, натрий карбонатының, қорғасын ацетатының, калий иодидының, мыс сульфатының, темір хлоридінің, күкірт және тұз қышқылдарының, натрий гидроксидінің ерітінділері.

№1 тәжірибе

Реакция аяғына дейін жүрген жағдайда

Тұздардың және негіздердің судағы ерімділігі туралы кестені пайдаланып, жоғарыда көрсетілген тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің ерітінділерінің  өзара әрекеттесіп: а) тұнба түзуге, б) газды заттарды бөлуге, в) аз диссоцияланатын заттар түзуге әкелетіндерін таңдаңдар.

Химиялық реакциялардың теңдеулерін молекулярлық және ионды түрде жазыңдар.

Тәжірибелік тапсырма

1. Мына ионды теңдеулермен көрсетілгендердің малекулярлық теңдеуін құрып, тәжірибе жүргізіңдер:

  а) Ba2++SO42- =BaSO4

  б)Zn2++2OH- =Zn(OH)2

  в)Ca2++CO32-=CaCO3

  2. Келесі тұздардың ерітінділерін араластырыңдар:

  а) күміс нитратын және барий хлоридін;

  б) натрий корбанатын және барий хлоридын;

  в)калций нитратын және барий хлоридын

 Көрсетілген реакциялардың қайсысы аяғына дейін жүреді?   Реакциялардың малекулярлық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

№2 жұмыс

Тұздардың гидролизі

   Қондырғыштар мен реактивтер: пробиркасы бар штатив, горелка, қызыл және көк лакмус қағаздары, натрий карбонатының, калий сульфидінің, мыс сульфатының, аммоний хлоридының, натрий нитратының, темір хлоридының, натрий гидроксидінің, алюминий хлоридының ерітінділері.

№1 тәжірибе

Тұз ерітінділерін индикатормен тексеру

   Әртүрлі тұздар ерітіндісінің лакмусқа әсерін анықтаңыз. Ол үшін шыны таяқшамен, қызыл және көк лакмус қағазына  әр ерітіндіден тамызыңыз.

Тұздардың формуласы   

 Ерітінділік орта

Қандай негіздер мен немесе қышқылдармен (күшті, әлсіз) түзілген

Бейтараптық

Қышқылдық

Сілтілік

         

Тұз ерітінділерінің  индикатордағы бояу түсі:

Ескерту: ерітіндінің  рН  ортасын « + » немесе « - » таңбаларымен белгілеңіз. Ерітінділері қышқылдық немесе негіздік реакция көрсеткен тұздардың гидролиздену реакцияларының теңдеуін жазыңыз. Реакция теңдігін малекулалық немесе иондық түрінде жазыңыз. Иондық теңдеудің қысқартылған түрін пайдаланып, индикатор бояуының өзгеруіне қандай ион әсерін тигізетінін көрсетіңіз.

№2 тәжірибе

Аллюминий карбонатының тұздарын алу және оның гидролизі

3-4 тамшы аллюминий тұзының ерітіндісіне сондай көлемді натрий карбонатының ерітіндісін құйыңыз. Ақ аморфты тұнба түзілгенінжәне СО2 көпіршігінің бөлінгенін байқайсыз. Байқағаныңызды жазыңыз.

 Мына реакциялардың теңдеуін жазыңыз: аллюминий тұзының натрий карбонатымен әрекеттесуін; аллюминий карбонатының сумен әрекеттесуін;реакциялардың бірінші және екінші теңдеулерін біріктіріп, қорытынды теңдеуінкөрсетіңіз. Оны иондық түрде жазыңыз.

  

№3 тәжірибе

Мыс сульфаты ерітіндісінің сілтілік гидролизі

Мыс сульфатының 3-4 тамшысына натрий гидроксидінің 6-8 тамшысын қосыңыз да пробирканы қыздырыңыз. Сонда тұнбаның қарайғанын байқайсыз.

Тәжірибені қайталаңыз, тек мыс сульфатының 3-4 тамшысына натрий гидроксидінің  2 тамшысын қосыңыз да, пробирканы қыздырыңыз. Сонда түсі өзгереді ме, жоқ па? Байқағаныңызды жазыңыз.

Төмендегі реакция теңдеулерін малекулярлық және иондық түрінде жазыңыз: мыс сульфатымен натрий гидроксидінің  артық мөлшерімен әрекеттесуінің; мыс гидроксидін қыздырғанда ыдырауының; мыс сульфатының натрий гидроксидімен және сумен әрекеттесуінің нәтижесінде мыстың негіздік сульфатының түзілуінің.

Тәжірибелік тапсырма

1. Мына тұздар ерітіндісінде индикатор фенолфталеиннің түсі өзгереді ме: Na2S, Na3PO4, Al2S3? Болжамыңызды тәжірибе жүзінде дәлелдеңіздер және тұздардың гидролиздену теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде көрсетіңіз.

2. Үш номерленген пробиркаға хром (III) нитратының, натрий силикатының, калий хлоридінің ерітінділері құйылған. Индикатордың көмегімен қай приборкада қайсы тұздың ерітіндісі екенін анықтаңыз. Тұз ерітінділерінің ортасын көрсетіңіз.

II Бөлім

Азот және Фосфор

№3 жұмыс

Азот және фосфор қосылыстарының қасиеттері Минералды тыңайтқыштар

   Қондырғылар мен реактивтер: темір штатив және оған қондырылған қыстырғыш (зажим) және дөңгелек ұстатқыш(кольцо), пробиркалары бар штатив, горелка, фарфор келісі, фарфор тостаған, стакан, аммиак алуға арналған қондырғы, қызыл лакмус қағазы, аммоний хлориды, сөндірілген известь (әк), натрий гидроксидінің, аллюминий қышқылының, барий хлоридының, күміс нитратының, натрий карбонатының, кальций нитратының,  натрийдің үш орын алмасқан фосфатының, натрий гидрофосфатының және дигидрофосфатының, кальций хлоридінің ерітінділері, фенолфталеин.

№1 тәжірибе

Аммикты алу және онымен тәжірибелер

 Фарфор келісіне 0,5г аммоний хлоридін салыңыз да иіскеп, есіңізде сақтаңыз. Үстіне , иісін есіңізде сақтап, сондай мөлшерде сөндірілген әк салыңыз .Келідегі аммоний хлориді мен сөндірілген әкті шыны таяқшамен араластырыңыз, аммиактың иісі сезіледі .Алынған қоспаны пробиркаға салып, оны тығын арқылы газ жүретін түтікшемен жалғаңыз да, ол жүретін түтікшеге құрғақ пробирка кигізіп, жалғаған жерін мақтамен тығындағыз, Пробирканы жайлап қыздырыңыз; өткір иіс сезілгеннен кейін газ жүретін түтікшеге кигізілетін пробирканы , тығындаған мақтаны алып алыптастап, түтікті саусақпен жауып тұрып, сәл айналдырып, ұшын төмен қаратып суға батырығыз да, қолығызды босатығыз, нендей құбылыс жүріп жатқанын байқағыз? Неге пробиркадағы су деңгейі көтерілді? Қайтадан газ жүретін түтікшені саусағыңмен су астында жауып , пробирканы судан шығару керек. Неге аммиакты түбі жоғары қараған пробиркада жинадақ?

Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз;

а) аммоний хлориді мен сөндірілген әктің қоспасын қыздырғанда жүретін реакцияның;

б) аммиакты суда еріткенде жүретін реакцияның. Бұл реакция қайтымды процесс пе? Қандай құбылыстан осындай қорытынды жасалады?

№2 тәжірибе

Аммоний гидроксидінің сілтілік қасиеттері

1-ші тәжірибеде алынған аммиак ерітіндісін екі пробиркаға бөліғіз;

а) Екі пробирканың біреуәнен шыны таяқшамен алып, бір тамшысын қызыл лакмус қағазына тамызыңыз, не байқадыңыз? Сол пробиркаға фенолфталеиннің бір тамшысын тамызыңыз.

 Лакмус қағазы мен фенолфталеиннің түсінің өзгеруі ерітіндідегі қайсы ионның бар екенін дәлелдейді? Аммиактың судағы ерітіндісін заттардың қайсы класына жатқызады?

б) Екінші пробиркадағы аммиак ерітіндісініғ бірнеше тамшысын алып қайнатығыз да, оның бір тамшысын қызыл лакмус қағазына тамызыңыз.Сонда оның түсі өзгермейді . Оны қалай түсіндіруге болады?

 Аммоний гидроксидінің электролиттік диссоциациясының схемасын жазыңыз.

№3 тәжірибе

Аммоний гидроксидін тұз қышқылымен  бейтараптау.

 Фарфор тостағына аммиактың судағы ерітіндісін 5 тамшы тамызып, үстіне тамшылатып сұйылтылған тұз қышқылының ерітіндісін қосыңыз.Сонда қандай реакция жүргенін анықтау үшін оның бір тамшысын, шыны таяқшамен алып, лакмус қағазына тамызыңыз.

  Егер ерітінді бейтараптанған болса қызыл лакмус қағазының да, көк қағазды да түсі өзгермейді.

Ерітінді бейтараптанып болған соң, оны жай қыздырып буландырыңыз. Сонда түзілген заттың түсін ,түрін анықтап жазыңыз.

 Аммоний гидроксидін тұз қышқылымен бейтараптанған реакцияның теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.

   

№4 тәжірибе

Аммоний тұздарын сілтімен қыздырып байқау

Пробиркаға аммоний хлоридінен 5-6 тамызыңыз да,үстіне сондай мөлшерде натрий гидроксидін құйып қайнатыңыз. Бөлінген будың үстіне суға батырылған қызыл лакмус қағазын ұстап,оның лакмусқа әсерін байқаңыз.Сонда лакмус қағазының түсі қандай болды және қандай иіс байқадыңыз?

Аммоний тұзының натрий гидроксидімен әрекеттесу реакция теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

№5 тәжірибе

Фосфаттардың,гидрофосфаттардың және дигидрофосфаттардың қасиеттерімен танысу

  Бірінші пробиркаға үш орын алмасқан натрий фосфатының ерітіндісінен 4-5 тамызып,екіншісіне сонша мөлшерде натрийдің гидрофосфатын,ал үшіншісіне натрийдың дигидрофосфатын құйып,сосын әр қайсысына кальций хлоридының 5 тамшысын қосыңыз.Ортофосфор қышқылының үш түрлі натрий тұздарының кальций хлоридымен әрекеттесу реакцияларының теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

№6 тәжірибе

Минерал тыңайтқыштарын тани білу

  Номерленген пакеттерге салып әр түрлі бірнеше тыңайтқыштарды алып,қайсы пакетте аммоний сульфаты,қайсысында аммоний хлориды,сол сияқты қайсысында аммоний нитраты немесе кальций нитраты, суперфосфат екенін танып біліңіз.Олардың қандай физикалық немесе химиялық қасиеттері арқылы танығаныңызды мына кестеге жазыңыз.

Тыңайтқыштың аты

Формуласы

Сыртқы түрі

Суда ерігіштігі

Реактивтерге әсері

         

  Байқалған реакция теңдеулерін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

  Көміртегі және кремний

№4 жұмыс

 Көміртек қосылыстарының қасиеттері

Қондырғылар және реактивтер: зажим орнатылған штатив, пробиркасы бар штатив, газ жүретін түтікпен жалғанған пробирка, фарфор  тостағы, пинцет, 2 химиялық стакан, майшам, горелка және шыны таяқша, мыс тостағы, көмір ұнтағы, известь суы, мрамор, лакмус, натрий гидроксидінің, тұз және күкірт қышқылдарының, натрий карбонатының, магний немесе кальций карбонатының, натрий гидрокарбонатының, натрий силикатының ерітінділері.

  №1 тәжірибе

Металдарды оксидтерінен көмірінен тотықсыздандыру .Мыс оксиді мен  ағаш көмірін 4:1 қатынаста алып, қоспа даярлаңыз.Қоспадан 0,5 г пробиркаға салып,пробирканы тығын арқылы газ жүретін түтікпен жалғастырып, оларды зажимніңкөмегімен штативке орнатамыз. Газ жүретін түтікті пробиркадағы  известь суына батырамыз. Пробиркадағы  қоспаны газ бөлініп біткенше, қыздырыңыз. Газ бөлініп біткен соң, газ жүретін түтікті известь суынан шығарып, сосын гарелканы сөндіріңіз. Пробиркадағы өзгеріске көңіл аударыңыз. Пробирканың тығыны ашпай, салқындатыңыз. Суығаннан кейін, тығынын ашып ,ішіндегісін фарфор тостағына салыңыз. Пинцетпен мыс оксидін алып, сыртындағы көмір ұнтағынан үріп тазартып, оксидтің түсін анықтаңыз. Байқаған құбылысты жазыңыз.

  Мыс оксидінің көмірмен әрекеттесу реакциясын жазыңыз; известь суының көмір диоксидімен реакция теңдеуін жазыңыз.

   

№2 тәжірибе

Көмір диоксидін алу және оны анықтайтын сапалық реакция

Пробиркаға мрамор түйіршігін салыңыз да, үстіне тұз қышқылы ерітіндісінің 4-5 тамшысын құйыңыз. Газ жүретін түтіктің екінші басын известь суы бар пробиркаға батырыңыз да,бөлінген газды жинаңыз.

  Мына рекциялардың теңдеулерін жазыңыз:

а)мромор мен тұз қышқылының әрекеттесуі реаксиасының теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде:

 б) көмір диоксидінің  известь суымен әрекеттесуін.

№3 тәжірибе

Көмірқышқылын алу және  оны  қыздыру арқылы ыдырату

 N2тәжірибе бойынша алынған СО 2–ні пробиркадағы суға (су көк лакмус ертіндісімен боялған болу керек) жіереміз. Лакмус түсінің өзгеруі қандай ионның бар екенін көрсетеді. Ертіндіні қайнатыңыз. Лакмус түсінің өзгеруін түсіндіріңіз.

Жазыңыз: а) су  мен СО2  арасындағы реакция теңдеуін; б) ерітіндіде түзілген  сатылы көмірқышқылының электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңыз.

№4 тәжірибе

Көмір диоксидінің сілтімен әрекеттесуі

Пробирканы көмір диоксидіне толтырып, аузын тығындаңыз да,пробирканы фарфор тостағындағы натрий гидроксидінің сұйылтылған ерітіндісіне төңкеріп батырып, су астында тығынын ашсаңыз, пробиркаға бірітіндеп су кіріп, ақырында суға толады.

 Натрий гидроксидінің көмір диоксидімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін молекулалық және иондық түрінде жазыңыз.

№5 тәжірибе

Карбонат ионына сапалық реакция

Екі пробиркаға түбі жабылатындай етіп, натрий карбонатын, екіншісіне кальций карбонатын салыңыз. Екеуіне де тұз қышқылының 3-4 тамшысын құйыңыз да,екеуіне жанып тұрған ағаш жоңқасын салыңыз.

Карбонаттарға тұз қышқылын құйғанда қандай газ бөлінеді? Байқаған құбылысты жазыңыз.

 Карбонаттарға тұз қышқылымен әрекеттескенде жүрген реакцияның теңдеулерін молекулалық және иондық түрінде жазыңыз.

№6 тәжірибе

Карбонаттың гидрокарбонатқа айналуы және керісінше реакция

  Известь суы бар прбиркаға СО2 –ні ақ тұнба пайда болғанша жіберіңіз. Түзілген мөлдір ерітіндіні  екі пробиркаға бөліңіз. Пробирканың біреуіне известь суының бірнеше  тамшысын қосыңыз , ал екінші  пробиркадағы ерітіндіні қайнатыңыз . Ақ тұнбаның түзілгенін көресіз. Байқаған құбылыстарды жазыңыз.

Кальций гдроксиді мен көмірқышқыл газының әрекеттесіп тұнба түзген реакция теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз;  сонымен қатар,көмірқышқыл газының артық мөлшерімен әрекеттестіргенде тұнбаның еріп,кейін кальций гидрокарбонаттың қыздырғанда ыдыраған және оның известь суымен әрекеттесу реакцияларының теңдеуін жазыңыз.

№7тәжірибе Натрий гидрокарбонатының қасиеттерімен танысу

  Приборкаға0,5 г гидрокарбонат салып,пробирканы тығын арқылы газ жүретін түтікшемен жабыңыз да,штативке зажиммен орнатып,түтікшенің екінші басын известь суы бар пробиркаға  батырыңыз.Гидрокарбонаты бар пробирканы  қатты қыздырыңыз,сонда газ бөлініп ,известь суы лайланады.Газ жүретін түтікшені пробиркадан суырып,қыздыруды тоқтатыңыз.Пробирка суығаннан кейін ,оған тұз қышқылының бірнеше тамшысын қосыңыз.Байқаған құбылыстарыңды жаз.

Натрий гидрокарбонатын қыздырғанда ыдырау және ыдырау өнімінің тұз қышқылымен әрекеттесу реакцияларының теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.Каронат ионын анықтайтын сапа реакциясы қандай?

№8 тәжірибе

Карбонат және силикат ерітінділерін индикатормен тексеру

  Натрий немесе калий карбонаттарының, натрий силикаттарының ерітінділерінің әр қайсысынан бір-бір тамшысын қызыл лакмус қағазына тамызып көріңіз. Байқағаныңызды жазыңыз.

  Осы тәжірибе негізінде көмірқышқылы мен кремний қышқылының қышқылдық күші туралы не айтуға болады? Қызыл лакмус қағазының көгеруіне тұз ерітіндісіндегі қайс ион әсерін тигізді? Натрий немесе калий карбонатының, калий силикатының гидролиздену реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде жазыңыз.

Тәжірибелік тапсырма

1. Аммоний карбонатының құрамын дәлелдейтін сапа реакциясын жасаңыз. Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңыз.

2. Үш приборкадағы: натрий карбонатын, натрий сульфидін және натрий сульфатын, қайсы приборкада қайсысы екенін қалай анықтайды? Байқағаныңызды реакцияның иондық түрдегі теңдеумен көрсетіңіз.

3. Мына иондық теңдеумен көрсетілген реакцияны жүргізіңіз: Ba2+ CO32- = BaCO3

4. Натрий карбонаты, натрий хлориді, натрий силикаты тұздары ерітінділерін фенолфталеин индикаторымен сынап байқаңыз. Тәжірибе қорытындысын түсіндіріңіз.

5. Тауық тұқымы қабығының құрамында кальций карбонаты бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеңіз. Байқағаныңызды реакция теңдеуімен көрсетіңіз.

МЕТАЛДАР

№5 жұмыс

Металдың жалпы қасиеттері

 Қондырғылар және реактивтер: пробиркалары бар штатив, тигель ұстайтын қысқыш, фарфор тостағы, шыны таяқшасы, горелка, шыны таяқшаға дәнекерлеген платина дөңгелегі, (кольцо), қызыл лакмус қағазы, көмір диоксидін алу үшін Кипп аппараты, мырыштың кішкене кесегі, мыс пластинкасы немесе сымы, темір жаңқасы немесе шеге, мыпыш хлоридының, қорғасын нитратының, мыс және темәр сульфатының, натрий, калий, барий тұздарының ерітінділері, известь суы.

№1 тәжірибе

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі

а) Мыс сульфаты ерітіндісін 5-6 тамшыдан екі пробиркаға құйамыз. Бір приборкаға мырыштың кішкене түйіршігін саламыз да, екіншісіне темір шеге. Металдардың сыртында қандай өзгеріс байқайсыз.

б) Екі пробирканың біреуіне 4-5 тамшы қорғасын нитратының ерітіндіін, екіншісіне сондай мқлшерде темір  сульфатының ерітіндісін құямыз. Екеуіне де мырыш түйіршігін саламыз, сонда металдың сыртында қандай өзгеріс болатынын көрсетіңіз.

в) Үш приборкаға: біреуіне мырыш хлоридының, екіншісіне қорғасын нитратының, үшіншісіне темір сульфатының ерітінділерінің бірнеше тамшысын құйып,  сосын үшеуіне де мыс сымын салыңыз. Сонда реакция жүргенін көрсететін өзгеріс байқайсыз ба? Байқағаныңызды жазыңыз түсіндіріңіз.

  Мырыш және мыс сульфатының, темір және мыс сульфатының, мырыш және қорғасын нитратының әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде жазыңыз. Электрохимиялық кернеу қатарын пайдаланып, осы реакцияларды түсіндіріңіз.

№2 тәжірибе

Натрий және калий тұздары жалынының (пламя) боялуы

Тұз қышқылында жуылып тазартылған және горелка жалынында қызартылған платина сымын калий тұзының ерітіндісіне батырып алып, қайтадан газ жалынына жайлап қыздырыңыз, сонда жалынның күлгін түске боялғанын көресіз. Осындай тәжірибені натрий тұзының ерітіндісімен де орындаңыз. Байқағаныңызды жазыңыз.

Платина сымының орнына сынған электр лампасының ішіндегі шыныға балқытылған лампочка сымын алса да болады.

№3 тәжірибе

Мраморды қыздырып кальций оксидін алу

және оны суландыру (гидротациялау)

а) Мрамордың кішкене кесегін фарфор тостағына салып, оны азғана сумен ылғалдаңыз. Шыны таяқшамен осы ерітіндінің тамшысын қызыл лакмус қағазына тамызғанда не байқадыңыз? Қызыл лакмус қағазының түсі өзгерді ме?

б) Тигель ұстайтын қышқашпен мрамордың кішкене кесегін фарфор тостағынан алып газ гарелкасының жалынында 2-3 мин қызарғанша қыздырамыз да, оны (қыздырылған мраморды) фарфор тостағына салып азғана сумен ылғалдаймыз. Енді осы ерітіндіні қызыл лакмус қағазымен байқаңыз.

  Лакмус қағазының түсінің өзгеруі нені дәлелдейді? Байқағаныңызды жазыңыз.

Мына реакциялардың теңдеуін жазыңыз: а) мраморды қыздырғанда ыдырауының; б) алынған өнімді сумен әрекеттескендегі реакция өнімі қандай класс қосылыстарына жатады және оны қалай атайды?

№4 тәжірибе

Кальций карбонатының гидрокарбонатқа айналуы және гидрокарбонаттың карбонатқа айналуы

а) Пробирканың көлеміне дейін известь суын құйыңыз да, соған көмірдиоксидін жіберіңіз. Не байқадыңыз? Диоксидті жіберуді жалғастырып, ерітінді мөлдір болғанша жіберіңіз.

б) Алынған мөлдір ерітіні екі пробиркаға бөліңіз. Бір пробиркаға ерітіндіні қайнағанша қыздырыңыз, ал екінші пробиркадағы ерітіндіге известь суын құйыңыз.

Байқағаныңызды жазыңыз:

а) извест суы мен СО2  арасындағы:

б) түзілген тұнба, су және көмір диоксиді арасындағы;

в) алынған ерітіндіні қыздырып, оны известь суымен әрекеттегендегі реакциялар теңдеулерін жазыңыз.

Тәжірибелік тапсырма

1. Пробиркадағы алюминий хлоридымен күміс нитратының қоспасына магнийдің кішкене түйірін салыңыз. Байқаған құбылысты түсіндіріңіз және жүрген реакция теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

№6 жұмыс

Алюминий және оның қосылыстарының қасиеттері

Қондырғыштар мен реактивтер: пробиркасы бар штатив, горелка, алюминий жаңқасы, ағаш жаңқасы (лучинка), күкірт, тұз және азот қышқылдарының, алюминий сульфатының немесе хлоридының ерітінділері, концентрлі азот қышқылы, натрий гидроксидінің 30%-ті ерітіндісі.

№1 тәжірибе

Алюминийдің сұйытылған қышқылдар әсеріне қатынасы

Үш пробиркаға: әр қайсысынан 5-6 тамшыдан тұз, күкірт және азот қыщқылдарының ерітіндісін құйыңыз, ал төртінші пробиркаға концентрлі азот қышқылынан 5-6 тамшы тамызыңыз. Әр пробиркаға алюминий жаңқасының 1-2 түйірін салыңыз. Қуатты түрде газ бөлінгені байқалған пробиркаға жанып тұрған ағаш жаңқасын апарып газды жандырыңыз. Сонда концентрлі азот қышқылымен алюминийдің әрекеттесуіне көңіл бөліңіз.

Алюминий мен тұз қышқылының, алюминий мен күкірт қышқылының, алюминий мен азот қышқылының әрекеттесу реакцияларын жазыңыз.

№2 тәжірибе

Алюминийдің сілтінің судағы ерітіндісіне әсері

Пробиркаға натрий гидроксидінің  30 %-ті ерітіндісінен 4-5 тамызыңыз, оған алюминий жаңқасының 1-2 түйіршігін саламыз. Қатты газ бөліне бастағанда жанған ағаш жаңқасын бөлініп жатқан газға апарын жандырамыз. Байқағаныңызды жазыңыз.

Алюминийдің сілтінің сулы ерітіндісімен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.

№3 Тәжірибе

Алюминий гидроксидін алу және оның амфотерлі қасиеттерін тексеру

Пробиркаға алюминий сульфатынан 5 тамызып, үстіне натрий немесе калий гидроксидінің бірнеше тамшысын ақ тұнба пайда болғанша құямыз. Түзілген ерітіндіні тұнбасымен бірге екі пробиркаға бөлеміз. Бір пробиркадағы ерітіндіге сілтіден бірнеше тамызамыз да, екіншісіне тұнба ерігенше тұз қышқылын тамшылатып құямыз. Байқаған құбылысты жазыңыз.

Сілті мен алюминий сульфатының әрекеттесіп, алюминий гидроксидін түзуінің, алюминий гидроксиді мен тұз қышқылының әрекеттесу және алюминий гидроксидінің сілтімен әрекеттесіп, құрамы: Na[Al/OH/4/H2O/2]  тұз түзу реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде жазыңыз.

Тәжірибелік тапсырма

Тәжірибе жүргізгенде: егер пробиркаға әуелі калий гидроксидін құйып, сосын оған тамшылатып алюминий хлоридін құйса және керісінше әуелі пробиркаға алюминий хлоридын, сосын оған калий гидроксидын құйса, тәжірибеде айырмашылық байқалады ма, жоқ па, оны тәжірибемен бақылаңыз. Байқалған құбылысқа түсініктеме беріңіз.  

№7 жұмыс

Хром қосылыстарының қасиеттері

Қондырғылар және реактивтер: Пробиркалары бар штатив, хром (III) сульфатының немесе хлоридының, натрий немесе калий гидроксидінің, күкірт немесе тұз қышқылының, калий хроматының немесе дихроматының, натрий сульфитінің ерітінділері, бром суы.

№1 тәжірибе

Хром (III) гидроксидін алу және оның амфотерлік қасиеттерін тексеру

Пробиркаға хром (III) хлоридынан 4 тамызып, үстіне сілті ерітіндісін тамшылатып жасыл тұнба пайда болғанша құямыз. Тұзілген тұнбаны екі пробиркаға бөлеміз. Бір пробиркадағы тұнбаға күкірт қышқыл ерітіндісінен бірнеше тамызамыз да, екіншісіне натрий гидроксидін, тұнба ерігенше тамшылатып құямыз.

Хром (III) хлоридын натрий гидроксидімен әрекеттегенде хром (III) гидроксидінің түзілуінің, хром (III) гидроксидінің күкірт қышқыл ерітіндісімен және хром (III) гидроксидінің натрий гидроксийдінің артық мөлшерімен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде жазыңыз.

№2 тәжірибе

Хромиттерді алу және оларды хроматтарға айналдыру

Пробиркаға хром (III) хлоридынан 2-3 тамызып, үстіне сілті ерітіндісінің 4-5 тамшысын, түзілген тұнба ерігенше құямыз да, сосын бром суынан 3-4 тамызамыз. Ерітіндіні қайнағанша қыздырамыз.

Ерітіндінің түсі өзгере ме? Байқағаныңызды жазыңыз.

Натрий хромиты мен сілтілік ортадғы бромның ірекеттесуінен натрий хроматының (Na2CzO4) түзілуі тотығу-тотықсыздану реакциясына жатады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз.

№3 тәжірибе

Хроматтың дихроматқа және керісінше дихроматтың хроматқа айналуы

Пробиркаға калий хроматының сары ерітіндісінен 3-4 тамызып, үстіне күкірт қышқыл ерітіндісінің 2 тамшысын қосамыз. Ерітіндінің сары түсінің қызғылт сары түске айналғанын байқайсыз.

Алынған ерітіндіге калий гидроксидінен 5-6 тамызыңыз. Сонда қызғылт сары түстің сары түске айналғанын байқайсыз. Байқалған құбылыстарды жазыңыз.

Калий хроматының күкірт қышқылмен, калий дихроматының калий гидроксидімен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

№4 тәжірибе

Дихроматтардың тотықтырғыш қасиеттері

Приборкаға дихромат ерітіндісінен 3-4 тамызып, үстіне күкірт қышқыл ерітіндісінің сонша мөлшерін қосыңыз да, оған натрий сулфитінің ерітіндісін, приборкадағы ерітінді түсті тұрақты болғанша тамшылатып құйыңыз. Байқағаныңызды жазыңыз.

Калий дихроматы қышқылдық ортадағы натрий сульфиті арасындағы тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңыз.

Тәжірибелік тапсырма

Үш приборканың біреуінде хром (III) хлоридының, екіншісінде калий гидроксидының, үшіншісінде темір (II) сульфатының ерітінділері бар. Көрсетілген ерітінділерден суда ерімейтін темір хромитін қалай алуға болады? Темір хромитінің түзілу реакциясын жазып, алу тәжірибесін жүргізіңіз.

№8 жұмыс

Темір қосылыстарының қасиеттері

Қондырғыштар және реактивтер: пробиркалары бар штатив, темір (II) сульфатыны46 тем3р (III) хлоридының, натрий немесе калий гидроксидының, күкірт және тұз қышқылдарының, калий перманганатының ерітінділері.

№1 тәжірибе

Темір (II) гидроксидын алу және оны темір (III) гидроксидіне айналдыру

Приборкаға темір (II) сульфаты ерітіндісінен 5-6 тамызып, үстіне натрий гидроксидінің ерітіндісін тамшылатып, түзіген ақ тұнба жасыл түске айналғанша құямыз. Түзілген жасыл тұнбаны сұйықтығымен бірге екі приборкаға бөліп құямыз да, біреуін келесі тәжірибеге қалдырамыз да, екіншісін қоңыр тұнбаға айналғанша қатты сілкіп араластырамыз.

а) Темір (II) сульфатының натрий гидроксидімен әрекеттесу реакция теңдеуін молякулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

б) Ылғалды темір (II) гидроксидінің ауада тотығу реакциясын жазыңыз.

№2 тәжірибе

Темір (II) гидроксидының негіздік қасиетін сынап білу

Алдыңғы тәжірибеден алып қалған приборкадағы темір (II) оксидіне тұз қышқылының тамшысын тұнба ерігенше құямыз. Байқағаныңызды жазыңыз.

Темір (III) гидроксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесу реакциясының теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

№3 тәжірибе

Тұз ерітіндісіне сілтімен ірекеттесіп темір (III) гидроксидын алу

Пробиркаға темір (III) хлоридының ерітіндісімен 3-4 тамызып, үстіне натрий гидроксиді ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосыңыз, қоңыр тұнба түзілгенін байқайсыз. Байқалған құбылыстарды жазыңыз.

Темір (III) хлоридының натрий гидроксидімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

№4 тәжірибе

Темір (III) гидроксидінің негіздік қасиеттерін зерттеп білу

Алдыңғы тәжірибеден алған темір (III) гидроксидіне күкірт қышқылы ерітіндісін тамшылатып, тұнба ерігенше құйыңыз. Байқағаныңызды жазыңыз.

Темір (III) гидроксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесу реакциясының теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

№5 тәжірибе

Темір (II) сульфатының перманганатпен тотығуы

Приборкадағы калий перманганаты ерітіндісінің 4-5 тамшысына күкірт қышқылы ерітіндісінің 2-3 тамшысын және темір (II) сульфатының 4-5 тамшысын қосыңыз. Сонда ерітінді түсінің өзгеруіне көңіл аударыңыз. Байқаған құбылысты жазыңыз.

Темір (II) сульфатының қышқылдық ортада калий перманганатымен тотығу реакциясын жазыңыз.

Тәжірибелік тапсырма

Төрт нөмірленген приборкаларға: Темір (II) нитратының, Темір (III) хлоридының, алюминий сульфатының, мыс (II) нитратының ерітінділері құйылған. Тек бір реактивтің көмегімен қайсы приборкада қандай тұздың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыз. Приборкадағы қосылыс тұзын анықтағанда қандай көрсеткішіне сүйеніп дәлелдейсіз? Реакциялар теңдеулерін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

Темір (II) гидроксидінің тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясының теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.

0 дауыс
Мен саған ең қарапайымын айтайын: Уксус+ас содасы=газ Екеуі араласқанда керемет реакция жүреді.Химиялық атауларын ұмытып қалыппын!

Ұқсас сұрақтар

...