Еңбектің де неше түрі бар. Еңбекқор адам деп міндетті түрде дене еңбегімен айналысатын адамды айту дұрыс емес. Мәселен, нешеме көз майын тамызып кітап жазып, ой еңбегімен айналысатын адамдар да жетерлік. Нағыз еңбекқор адам өз саласында халқына пайда тигізуі үшін аянбай тер төгетін адам деп есептеймін.