0 дауыс
4.3k көрілді
Алжирде қай мемлекет қайраткерінің әйелі мен қызы азап шекті?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Басында Қарағанды лагерінің 17 бөлімшесінің артынан 26 нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары, қарындастары жазықсыз жапа шекті. Бұл жерге сол кезде кеңес одағының барлық түпкірінен 60 қаладан тұтқындар әкелінді.

Ең сұмдығы нәресте күтіп отырған аналарға жеңілдік жасалмады. Темір тордың арғы жағында 1500 нәресте дүниеге келіп, көпшілігі аштықтан, суықтан қаза болды. Алайда, асыл аналарымыздың бос­тандыққа шығамын деген үмітін Алжирдың қатал тәртібі сындыра алмады.
Олардың қатарына Казрайкомның екінші хатшысы, ВКП (б) Орталық Комитетінің ұлттық республикалар бойынша нұсқаушысы Сұлтанбек Қожановтың жары Күләндәм Қожанова, республиканың мәдениет министрі Темірбек Жүргеновтің зайыбы Дәмеш Жүргенова, партия-ке­ңес қайраткері дарынды ақын  Сәкен Сейфуллиннің өмірлік жолдасы Гүлбаһрам, халық комиссары Қабылбек Сармолдаевтың жары  Майнұр Сармолдаева, Казкрайкомның баспасөз бөлімінің меңгерушісі, респуб­ликалық «Лениншіл жас» газетінің редакторы Зарап Темірбековтің зайыбы Сақыпжамал Назарова, көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің әйелі Күнжамал Майлина, белгілі қоғам, партия, совет қайраткері Тұрар Рысқұловтың жан-жары Әзиза Рысқұлова азапты жылдарын өткізген.           http://ortalyk-kaz.kz/publ/s_lushash/alzhirde_azap_shekken_analar/22-1-0-960
...