+1 дауыс
3.2k көрілді
Кеибір қазақ 22-наурыз жаңа жылымыз деиді әсіресе мұсылмандары қазақтың сонда 31желтоқсанда жаңа жыл ма.Үлкен аталарымызға 22өнаурыз болса ұрпақтарына неге болмасқа сіздер қалаи оилаисыздар

11 жауап

–1 дауыс
22 наурыз әрине !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!"
+1 дауыс
Неге онда біз 31 желтоқсан от-шашу атып жуамыз достар 22-наурыз болса
+1 дауыс
"22-ші наурыз қазақ үшін жаңа жыл болса, 31-ші желтоқсна әлемдік денгейдегі мереке! күнтізбеде осы 31-ші желтоқснаға қарай жасалған"
–1 дауыс
Біз 22 наурызды Ресейдің қол астына кіргенге дейін тойлап келдік ал Ресейдің қол астында болған кезде 22 наурыз ұмыт болды енді міне Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін тойлап жатырмыз. Қателеспесем Наурыз Парсы сөзінен аударғанда жаңа күн деген мағына береді.
0 дауыс
әлбетте 22-наурыз.Жаңа тіршілік басталғанда))
–1 дауыс
22 - наурыз қазақтың нағыз жаңа жылы ол бұдан 5000 жыл бұрын тойланып келе жатыр!!! бұл КСРО кезінде қанмен келген жаңа жыл !!!
0 дауыс
22 наурыз біздің жаңа жыл !!!!!
0 дауыс
Қазақтың ежелден бере тойланатын жаңа жылы ол 22-наурыз.
–1 дауыс
Негізі жаңа жылды қазақтар 22 Наурыз күні тойлайды. Бірақ 31 желтоқсан әлемдік деңгейде тойланатын жаңа жыл. Екеуі де жаңа жыл ғой, екеуін де тойлаймыз)
0 дауыс
22-наурыз казактын нагыз жана жылы 31 алемнин барлыгына бирдей новый год озим 19 наурызда туылганыма окинбейим
0 дауыс

Наурыз біздің ғана мейрамымыз емес. 

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.

 Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. АлUNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

...