0 дауыс
92.4k көрілді
Абай Құнанбаев туралы эпиграф керек және қиын болмаса шығарма керек еді.

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынов

Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылыр. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық - пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.
Міржақып Дулатов

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Мағжан Жұмабаев

Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов

Сілтемесі   http://www.abay.nabrk.kz/index.php?lang=kk

0 дауыс
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмей тұғын артында сөз қалдырған
0 дауыс
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге
(С.Торайғыров)
0 дауыс
Пах шіркін неткен сөздер!
0 дауыс
Абай үні,Абай лебі,Абай тынысы - халық тынысы,халық үні. М.Әуезов
Осын эпиграфқа жассам қалай болады
0 дауыс
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді. /Ғ.Мүсірепов/
0 дауыс
Абай өлеңдерін оқымаған қазақ,қазақ емес!
...