Қазақ-Түрік лицейіне түсуге арналған тест сұрақтары?

+4 дауыс
89.9k қаралым
Қазақ-Түрік лицейіне түсуге арналған тест сұрақтарын қайдан көшіруге  болады?    Болса сілтемесін  жазыңыздар !
• Санаты: Мектеп
Қазақстан бойынша барлық қазақ-түрік лицейлерінде бір мезетте қабылдау емтиханы өткізіледі. Қазақ –түрік лицейлеріне 6 сынып бітірген оқушылар 7- сыныпқа қабылданады. Қабылдау емтиханы 2 кезең бойынша өткізіледі. І кезеңде тест арқылы балалардың білім деңгейі анықталады. Тест сұрақтары негізінен логикалық сұрақтар мен 6-сынып бағдарламасына негізделген математика пәнінендайындалған сұрақтардан құралады. Емтихан екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жоғары ұпай жинаған алғашқы 70-100 оқушы (бұл көрсеткіш лицейлердің қабылдайтын оқушы санына қарай өзгереді) 2-кезеңге шақырылады. ІІ кезеңге өткен оқушылар лицей қабырғасында бір апта бойы сабақ оқиды. Екінші кезеңнің мақсаты- балалардың тіл үйрену қабілеті мен жатақханада жатып оқуға бейімділігін тексеру. Апта соңында балалардың алған білімдері бойынша емтихан жасалады. Жоғары ұпай жинаған, дүниетанымдық білімі жоғары, жатақханада жатып оқуға бейім, зерек, білімге құштар, өзгелермен қарым-қатынас жасай алатын және көпшілік ортада өз-өзін ұстай алатын оқушылар лицейге қабылданады. Қабылдау туралы толық мағлуматтарды өз аймақтарыңыздағы қазақ-түрік лицей әкімшіліктеріне хабарласып, сұрай аласыздар.
 тест сұрақтары интернетте болмайды, өз мектебiңде кiтапша болады, соны сатып аласың, сол арқылы дайындаласың!

48 жауап

0 дауыс
Мен Атырау облысындағы КТЛ-ға түстім.Тест өте қиын. 1 турда математикадан 40, қазақ тілден 10, Қаз. тарихтан 10 сұрақты 100 минут ішінде орындауын керек. 2турда математикадан 55, қазақ тілден 10, Қаз. тарихтан 10 сұрақты 120 минут ішінде орындауың керек. 2 тур математика 90%-і күрделі, бөлшек теңеулер. Еще бізде Атырауда КТЛ жаңадан қыздарға Авангард жақта ашылып жатыр. Мен де осы 2016 жылдың 24 сәуірінен бастап бағынды сынап көрдім. Сөйтіп КТЛ ға түстім 6 сыныпты бітіріп.
0 дауыс
Қызылорда қаласында 100 пайыз өз біліммен түсу не реально
0 дауыс
Ақтауда 5-нші сыныптан қабылдайма?
0 дауыс
Шымкенттеги ктл кайда екен
0 дауыс
Мен казыр 7 сыныпта окимын тест тапсырып уайта турык лицейде кайта 7 окуға болама жауапты вк желісінде Ерубаева Айгерим салынызшы
0 дауыс
www.dayindal.com сайтында осы КТЛ-ға дайындалу үшін көп сұрақтар бар. Солар арқылы дайындала аласың.
0 дауыс
Емтиханда тестті қай пәндерден тапсырамыз?
0 дауыс

қандай құжаттарды  жинау керек  


өтінемін айтыңыздаршы

0 дауыс
мен талдықорғаннанмын тест кітапшасын қайдан сатып алуға болады айтып жіберіңіздерші
0 дауыс
дОСТЫҚТАН 2000ТГ САТАДЫ
0 дауыс
30 сәуірде КТЛ да 9 00 тест кещікпейміз
0 дауыс
Сұрақтарға жауапты осы жерден көріңіздер http://zhambylnews.kz/infomarket/1261-kazahsko-tureckiy-licey.html
0 дауыс

ал Қарағанды қаласындағы түрік лицейінің ұстаздары Қарқаралы ауданына келіп емтихан алады ма екен? Қай күндері?

0 дауыс
д тобы жауаптар болса отинем бериндерши
0 дауыс
неше баллдан асу керек?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
2 жауап
127,774 сұрақ
322,348 жауап
153,150 пікір
72,806 қолданушы