0 дауыс
44.6k көрілді
Астана-ару қала деген тақырыпта шығарма тауып беріңізші?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ару қала – Астанам !

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 14 жасқа толды.

«Елу  жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз . Бірақ 50-дің жартысына да еме 14 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа  қала жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз.

Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?. «Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ  уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 14 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.

Тіпті шет елдерден қаламыздың әсем жерлерін аралап, тамсанып кететін шет елдік қонақтар да аз емес. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Не бары 14 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы.Ең бастысы Елбасымыздың  дара басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта аламыз.

Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткенАстана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы.

Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын –Астана!!!

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 14 жасқа толды.

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бірақ 50-дің жартысына да еме 14 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа қала жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. 

Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?. «Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 14 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.

Тіпті шет елдерден қаламыздың әсем жерлерін аралап, тамсанып кететін шет елдік қонақтар да аз емес. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Не бары 14 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген аруАстана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы.Ең бастысы Елбасымыздың дара басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта аламыз.

Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы.

Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын –Астана!!!

0 дауыс
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс казак әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды.

1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор.  

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.  

Астана бесінші сағат белдеуінде тұр. Жергілікті уақыттың нөлдік меридианға қатысы жазда +06.00, қыста +07.00 сағат бойынша есептеледі.

1991 жыл. Күні кешегі алып империяның ондаған ұлттары дағдарыс үстінде. Миллиондаған халық абыржулы. Үш славян елі – Ресей, Украина, Белорусь – өзгелерден оқшауланғандай мінез танытты. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп, достықтың туын тіккен халықтар арасына жік түсу қаупі туды. Осындай аумалы-төкпелі заманда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағының 11 республикасы басшыларын Алматыға жинап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының іргетасын қалады. Күні кешеге дейін тату-тәтті өмір сүріп келген ондаған ұлттың өкілдерін мәмілеге шақырды.  

1993 жыл. Қазақстанда қиын жағдай қалыптасты. Ресей елімізді рубль аймағынан шығарып тастады. Бірақ Қазақстан сасқан жоқ. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы күндердің күнінде осындай жағдайдың болатынын алдын ала болжап, қазақтың ұлттық валютасын – төл теңгесін айналымға әлдеқашан дайындап қойған еді. Ал теңгеміз қазір ТМД аумағындағы ең тұрақты валютаның бірінен саналады.

Алматы. 1994 жыл. 6 шілде. Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің ғимараты. Депутаттар Президент Н.Ә.Назарбаевтың әдеттегі батыл шешімдерінің және бірінің куәсі болды. Ол – астананы Алматыдан ел орталығына көшіру идеясы. Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былайша суреттейді: «1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке ...
...