0 дауыс
438 көрілді
маған мына 1 кеңес қатты ұнайды  сіздерге де ұнайтын шығар деген ойдамын:Егер өз талғамыңның дұрыстығына көзің жетсе, онда ешкім де өзінің дұрыс деп санаған көзқарасын саған зорлап таңа алмайды. Сен қазір қалай өмір кешкен болсаң, өміріңнің әрбір минуты да солай өтпек. Ояу болсаң, сергек бол; Ұйықтасаң, қанып ұйықта, бір іспен айналыссаң, басқа іске бас қатырушы болса. Қолың қайда болса, ойың сонда болсын. Шешінген екенсің, судан тайынба. Шүбәлансаң, өзіңе сенім арта алмайсың. Бір нәрседен күмән ойласаң, сенім тиянақ таба алмай сырғақтайды.

Жолыңа оралғы болып, сары уайымға салатын мәселені күні бұрын бір жақты еткенің абзал. Ақша арман-тілек, мұң-мұқтажыңды белгілемейді, қайта, арман-тілек, мұң-мұқтаждың арқасында атақ-абырой мен ақшаға қол жеткізесің.

Адам өмірі, бейне, шахматтың тасы сияқты, бірде ұтасың, бірде ұтыласың, тек ойын қағидасына жүйрік болғанда ғана жұлдызың жанады.

Қарсыласың сені сөзбен қағытып, қорласа, сөз таба алмай ширыққанға дейін оған қарсы жауап айтпа;

Қарсыласың түнеріп отырып алса, әзіл-қалжың айтып күлдіруге тырыс;

Қарсыласыңды өз көзқарасыңды жақтағанға дейін сұраудың астынан ал;

Оның айтқан сөздерінің ешбір қисыны болмаса да, жөн дей сал;

Оған өз ойыңды ашық айтып, түсіндір;

«Су тамшыданқұралады» дегендей, әрқандай шаруаға жеңілінен бастап кіріс;

Ойлампаздық – сені басқаларға еліктеп өмір сүретін бірбірсыдырғы тұрмыс  дағдысынан азат ететін күш
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақ емес, жауап берудiң қажетi жоқ!
...