0 дауыс
604 көрілді

Негізі бір сайтым бар еді, world-eurasia.com Сайт қазақша болғандықтан онда көп ешкім кірмейді, және іш пыстыратын қызықсыз сайт. Ал қазақша сайттарға кіретіндер қандай сайттарға кіреді екен? Қандай сайттарға сұраныс көп? Қандай сайттар сіздер үшін қажет? (сайттың кілттік сөздерін реттегенім жоқ, және осының бәрін реттеп, жаңа бағыттар қосуға не бары 15 күнім бар) Қандай бағыттарды ұсынасыздар?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сайтыңды қарап шықтым. Сайттың негізгі концепциясын анықтап алу керек сияқты. Олсыз ештенке істей алмайсын. Сайтты өзің үшін аштың ба, әлде сайтты қолданушыларға аштың ба? Осы негізгі сұрақ.

Сайттың түсі көкпеңбек, көз ауыртады. Сайт болған соң жазба мақала оқығың келеді, мейлі сурет болсын. Бірақ ол кезде сайттың келбеті ақ және қара түспен болса көз ауыртпайтын еді. Қазір саған кеңес беріп өтейін. Сайтты web 1.0 негізінде емес, 2,0 негізінде жаса. Ол дегеніміз сайт html-мен ғана шектелініп қалмасын, php,mysql болсын.  Яғни қолданушы өзі ақпарат сала алатындай болғаны дұрыс. Тым болмаса пікір қалдыра алу мүмкіншілігі болуы керек. Ең дұрысы Вордпресті білуің саған үлкен жеңілдік болмақ. Соны білу арқылы жақсы-жақсы пайдалы сайт жасай алатын боласын. Мысалы: Нұрберген атты сайтымыздың қолданушысы сол вордпрестін өзінде сайтын істеп дамытып жатыр. http://siliconbank.kz/ сайты.  Пайдалы жазбалар салып отырса, іздеу сайттары арқылы қолданушылар кіріп, болашақта сол сайттан табыс таба алады.

Осы кезде сайтты Вордпресте жасап алған соң не жазатындығың туралы айқындап алған дұрыс. Бір тақырып бойынша жазба жазатын болсаң, сол бағытта көптеген ақпарат жазу керек. www.aikarakoz.kz сайты бар, ол да Вордпресте жасалған. Ішінде қыздарға қатысты ақпарат жазады. Тиісінше ол сайтқа күніне 2000 мыңнан аса қыздар кіреді, болашақта ол сайтқа Әтірсу, Киім кешек рекламасын қойып пайда табуға болады. www.mblog.kz сайты бұл да Вордпресте. Ұялы телефон туралы жазады. Бұған да жарнама берушілер табылады.

Орыстардың http://droider.ru/ сайты бар. Мұнда да сондай, телефон туралы жазады. Ішіндегі ақпараттары пайдалы. Бұл да сол ворпресте жұмыс істейді.

Сондықтан алдымен html мен css үйреніп барып, Вордпресттің орысша көптеген видеосабақтары бар. Оны үйреніп бір тематикалық сайт жаса. Бар еңбегіңде сонда жұмса, бұдан бөлек әлі алда көптеген қиындықтар шығады. Ол іздеу сайттарында алға шығару, SEO баптау деген бар, SMM деген де бар, әлеуметітк желіде жылжыту. Оның бәрі алда бірте бірте үйренетін боласың, әзірге Вордпресте сайт жасап үйреніп, оны бір тематикалық тақырыпты таңдап пайдалы ақпаратқа толтыр. Осын ары қарай өз кезегімен дами береді.

Бастысы сол. Сайтты өзің үшін емес, қолданушылар үшін істеген дұрыс. Маған Сұрақ-Жауап былай етсем ыңғайлы болады ғой деп істеп жатқан жоқпын. Былай етсем қолданушыларға ыңғайлы болады, былай етсем сайт түсінікті болады, былай етсем сайт қолданушылары бір бірімен достасып, бір біріне мейірбан, силайтын болады деп істеймін. Сондықтан осындай пайдалы сайт болып отқандығымыз.

Бастысы ниет болсын, бәрін бірденен істеймін деп ойлама. Әсте, әсте жайлап жйалап болады. Барлығы практикамен келеді, біз де аспаннан салбырап түскн жоқпыз. Осылай осылай пісіп, жетілесін. Маған ұнайтын мына сайтты саған мысал ретінде көрсете аламын. http://aikero.kz/ өте қызық сайт. Осы сайт та Вордпресте істеп жатыр.

Іске сәт.
+1 дауыс

Қазақша сайттар бірінен бірі аумай қалғанғой құр сөздер, қалжың, ән күй анау мынау айта беретін сайттардан көрі Спорттық болжам жасайтын яғни тегін спорттық болжам жасайтын бір қазақша сайт аш мысалы мынадай , бұндай сайтқа көп адам кіретін болады және қызықты болады.

Мен өз ойымды айттым бірден жағамнан жармаспаңдар!!!

0 дауыс
Менде осыны мың ойланып толғанып, қандай сайт жасасам екен деп жүрмін, соншалықты асып баратқан білімім жоқ, бірақта верстка жасап үйреніп жатырм.

қазіргі уақытта көп кіретін сайттар: айтабер, сұрақ-жауап, массагет, керекинфо, иттірлік сияқты сайттар, көбінесе блогтар.

жәнеде бір байқағаным сайттарда көбінесе программисттер отырады. сондықтан программисттерге арналған әлеуметтік желі ашуға болады.

соцсеть ашу үшін арнайы кодтарын жазудың қажеті жоқ, дайын тұрған движок бар ELGG деген, осымен соцсеть жасауға болады.
0 дауыс
Мен жалпы өзім программистпін. Сайтты құру үшін қарапайып блокнот немесе мәтіндік CMS, яғни MS Word болса да жетіп жатыр... Бірақ уақыт үнемдеу үшін WebBuilder-ді қолданамын... Менің ойымша ол WordPress-тен мүмкіндік жақтарынан артықтау... Сайттағы басты бағатым "Ұлылардан ұлағат" сөздерін жазайын дегем. Яғни ұлы адамдардың сөздерін... Бірақ қазір ойланып қарасам мұндай мәліметтерге сұраныс болмайды-ау дейм... Мен ешбір жарнама қоймаймын, және табыс көзі ретінде де қолданбаймын. Мен тек халыққа бір пайдасы тиер-ау деп бір сайт ашып қояйын дегенім ғой... Ал сайтты PHP емес тек HTML тілінде құрған себебім ол аз да болса PHP ден қарағанда тезірек ашылат, ал сайттың мұқабасы көгілдір болуы, басқа сайттарға ұқсамасын дегенім, ал сайтта суреттердің жоқ болуы да сайт тез жеңіл ашылуы үшін. Себебі елдің барінің интернеттері жылдам емес қой... Тіптен сурет қойылған жағдайдың өзінде де толығымен оптизацияланып, яғни жеңілдетіліп қойылат. Ал кілттік сөздерді дұрыс таңдап, дұрыс қолданып, сыртқы сілтемелерді көптеп қою, SEO оптимизация т.с.с. бұлар мәселе емес, бірақ уақыттың еншісінде екені де рас. Мәселе мынада, менің білейін дегенім қандай сайттарға сұраныс бар? Сайтымның мұқабасын көркемдер-ақ едім, бірақ фантазиям жетпейт.

Ako_0 Дұрыс айтып отыр, спорттық сайттарға сұраныс көп, бірақ ол адамдарға ойынқұмарлық әкелмесе, пайдалы ешнәрсе әкелмейді... Оны құратын адамдар да табылар. (Оның үстіне сайтым жақында 2-3 ай қараусыз қалайын деп тұр).

Ал Нұрбергеннің идеясы ұнады... Бағдарламалаушыларға арналған қазақша сайт құруға болады... 2-3 айдан кейін бұйыртса міндетті түрде қолға алуға тырысамын бағдарламалаушылар сайтын...
0 дауыс
Жоқ, сен шынымен спорттық болжамдар жасайтын сайт аш, өзің қандай сайттарға сұраныс көп, қандай сайттарға адам көп кіреді дейсің, енді сен программисттер туралы сайт ашсаң, оғаң қарапайым қолданушылар кіреді деп ойлайсыңба? Қарапайым қолданушылар сендердің сео пео кілттік сөздеріңді түсінеді деп ойлайсыңба? Егер шынында жақсы ашқың келсе спорттық болжам жасайтын аш, кімдікі дәл шықса авто. балл беру жүйесін енгіз, және еуро 2016, чемпионат мир, фудболдан әлем чемпионаты дегендерде сайтыңа әне сол кезде адамдар көп кіреді, дәл соз жарыстар кезінде конкурс ұйымдастыр, әр кездесуде кімдікі дәл шыққан сайын соған жүлделер бер, қасыңа бір екі модератор алып ал! Және сайттыңның мобильді нұсқасын жаса, сол кезде адам кірмегенін көрмейін!!!
Сайт мен үшін жұмыс емес, жай ғана қызығушылық (хобби). Ал спорттық сайттарды кем дегенде жарты немесе бір сағат сайын жаңартып отыру қажет... Себебі дайын спорттық информер жоқ қазақша, тіптен болған жағдайда да олар жиі жаңартылып отыруы екі талай... Сондықтан компьютердің алдында үнемі отырып, спорттық сайттардағы жаңалықтарды лезде аударып жазып отыру қажет... Сондықтан Спорттық сайт біраз аурелейді. (Тіптен мен өз сайтыма қазақша жаңалықтар информерін де таба алмадым... Тек орысша ғана бар)
0 дауыс
Өмірге ұмтылдыратын психологиялық сайт ашсаң болады. Мысалы, қара http://www.realisti.ru/

Немесе аяқты күтуге арналған сайт ашуға болады, мысалы  http://zanogy.net/

Адамның мінезіне қатысты сайт ашуға да болады: http://www.xapaktep.net/home.php
0 дауыс

Өмірде қатты қиналып жүргендер болса мынау көмектесет Тайна Ронда Берн. Көмектесетініне 90% сенімдімін...

адамдардың барлығында видео көрсете бермес...
...