+1 дауыс
2.9k көрілді
ақша-қазіргі замандағы өте маңызды құрал! достар, өтінем жазыңдаршы,Досбол

4 жауап

0 дауыс
Демалысқа қаражат жинау, пәтер ақысын төлеу, балалардың мектептері үшін ақы төлеу және азық–түлік сатып алу – бұл біздің мемлекетіміздегі әрбір отбасының дерлік күнделікті жүгірісі. Осы отбасылардың тек кейбірі ғана осы бағытта жүре отырып, бұл «шеңберден» шығып, қаржылық тәуелсіздік алуға болатынын түсінеді.

Кез–келген қаржылық тәуелсіздіктің негізі – инвестиция жасау нәтижесінде ақша әкелетін резидуальді немесе пассивті табыспен сәйкестендірілген дұрыс қаржылық жоспарлау.

Біздің мақсатымыз – Сіздерге «шеңберден шығып», толық болмаса да, ішінара қаржылық бостандыққа қалай жетуге болатынын түсіну үшін негіз беру.

- Неден бастау керек?!

- Мақсаттарыңыз бен оған жеткізетін міндеттерді белгілеу:

1) қаржыны тұрмыстық деңгейде басқару туралы білімді жүйелендіру;
2) қысқа мерзім ішінде отбасылық бюджетті жоспарлауға және бақылауға үйрену;
3) тіпті аз табыс алғанның өзінде ақшаны Сіз үшін жұмыс істету.

Біз осы сайт Сіздерге көрсетілген мақсаттарға жетуге көмектеседі деген үміттенеміз. Бұл сайттың бөлігінен Сіз өзіңіз үшін көптеген пайдалы материалдар тауып, «Отбасылық бюджетті қалай басқару керек?» атты кітаптан көп жаңалық біле аласыз.

Қаржылық жоспарлау

немесе қарапайым сөздермен айтатын болсақ – табысты қалай жоспарлаған дұрыс, шығын табыстан көп болғанда қалай қарызға кіріп кетпеу керек.

Бюджетті жоспарлау туралы кеңестер, неден бастау керек:

Өткен айлардың мәліметтерінен бастаңыз. Ол үшін отбасылық бюджеттің есебін жүргізіп отыру қажет.

Одан кейін жақында келе жатқан ақшалай шығынды қажет ететін жағдайлар туралы білу керек, мәселен, жақындарыңыздың туған күндері, демалыс, түрлі мерекелер, салық төлемдері, несиелер және басқалары. Біз Сіздерге «Үй бухгалтериясы» атты арнайы бағдарлама ұсынамыз. Бұл бағдарлама Сізге шығындарыңыз бен табысыңыздың есебін жүргізуге көмектеседі және қаржылық жоспарлауда ыңғайлы құрал болмақ.

Мерзімділікті ескеру керек екенін ұмыт қалдырмаңыз. Мәселен, Жаңа жыл, 8 наурыз және т.с.с. түрлі мерекелер қарсаңында дүкендер мен супермаркеттер азық–түліктің бағасын көтереді. Көптеген автокөлікпен жүруді сүйетін азаматтар өздерінің темір тұлпарларын мініп, демалысқа шыққанды ұнататындықтан, жазға қарсы, әдетте, жанармай қымбаттай түседі. Ал күздің кезінде мектеп оқушылары мен студенттерге шығатын шығын көбейе түседі.

Қаржылық жоспарлау дан не шығады?!

Қаржылық жоспарлау алға қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Бюджетпен Сіз өз ақшаңызды басқарасыз, ақша Сізді басқармайды.

Дұрыс құрылған бюджет бос қаражат табуға көмектеседі.

Қаржылық жоспарлау күтпеген жағдайларға дайын болуға көмектеседі.

Қаржылық жоспарлау Сізге қарызға кірмей өмір сүруге, немесе қарызыңызды тез өтеуге көмектеседі.

Реттелген отбасылық бюджет – отбасылық қарым–қатынасқа әсер ететін факторлардың бірі.

Қаржыны қалай көбейтуге болады?!

Жоғарыда біз бюджетті жоспарлаудың негізіне тоқталдық және Сіздің қаржылық ағымдарыңыздың тұрақтылығына қарай алғашқы қадамдарыңызды жасауға көмектесетін құралдарға сілтемелерді көрсеттік. Енді Сіздің бос қаражатыңызды қалай пайдаланған дұрыс деген мәселеге тоқталатын шақ келді және Инвестициялау тақырыбын талқылайық.

Инвестиция дегеніміз не?
Инвестициялау не үшін қажет?
Инвестициялауды неден бастау керек?
Инвестициялау ережелері
Инвестициялық портфель
+1 дауыс
Достар, ақшасыз бір қадам аттай алмайтынымыз ақиқат қой. Алайда, көбіне ақшаны үнемдеп ұстай алмау кесірінен қиындыққа тап болып жатамыз. "Теңге тиыннан құралады" демекші, аз ақшаны ұстай білуге өз-өзімізді үйретейік. Осы орайда, Массагет.кз ақшаны қалай үнемдеп ұстауға болатыны туралы бірнеше кеңес береді.

1. Түртіп алып отырыңыз

Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

3. Тамақ сатып алғанда...

Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз

Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін.
0 дауыс
ақшаны өз орнымен есепесең бәрі шығады ғой үнемі есептеп отр ! Үнемдеу бір жағынан банкке дпозитке сал көбейе беред
0 дауыс
WWW.FINGRAMOTA.KZ АКША УСТАУМЕН УНЕМДЕУДИ УЙРЕТЕДИ
...