0 дауыс
5.4k көрілді
Мен малдың  : ішек-қарын,бүйрек,бауыр,сіңір,өкпе,май деген тағамдарды жей алмайын.Мүлдем...Иісің де жаратпаймын! Және жейіркенем.

Бұның себебі неден болуы мүмкін? НЕГЕ?

Үлкендерден сөз ала беремін..сонысы жаман(

15 жауап

+1 дауыс
Мүмкін жиіркеніштен болар ! Пайдалы нәрселерді жемейді екенсің !
+1 дауыс
Нееге жейіркенесін? нағыз тәтті жерлеріғой! жейіркененбей же!
Осы сөздерді қанша рет естідім десең))Тәтті екеннің сөзбен білем)
Білмеймін,12 жасымнан бастап жемей қалдым
+1 дауыс
Мәәәә Ағила, аппетитіміз по ходу бір сияқтығо!)) менде дәл сен айтқан нәрселерді жей алмаймын! Иісінен көңілім айниды...
Ахаха)))) Таптым колегамдыы))
Бірақ бұл жамааан)
Тәттіі,дәмді ,пайдалы тағамдардан құр қалып жүрміз ғой ,шамасыы))
Солайына солай шығар, бірақ тәбетіміз тартпаса айып біздема?!=)
ия ,ия жей алмаймын......негее? Сен арықсын ба? мен арық емеспін
Бар жоғы 49 кг екенмін соңғы өлшенгенімде)) сен қанша?!
52 кг мааа арықсың ғой)
сол тағадарды американдықтарға берсе не болады екен жемейтін шығар иа біз олардын тамағына жеркенсек олар біздікіне жеркенема екен?
+2 дауыс
Жей берсең үйреніп кетесің, қазақтың қызына тән қасиет емесқой бұл астан жиіркену деген
Жиіркену былай тұрсың,мен жей алмаймын,мүлдем
+1 дауыс
жиіркенсең жемей-ақ қой,асты жиіркеніп жесең ұшынасын,бет-аузыңды ұшық қаптап кетеді,етін жей берсенші,іш құрылысын неғыласын
+1 дауыс
Тәбет тартпаса ештеме істей алмайсың!Тәбетің тартпаса өз өзіңді қинап қажеті жоқ.
0 дауыс
Нағыз дәрумендердің бәрі осы мүшелерде емеспа !!!
+2 дауыс
Әй шырағым-ай,тоқтық қой,аш болсаң ішек-қарын емес сол ішек-қарынның ішіндегіні де жеп қояр едің. Ондай күнді басқа салмай ақ қойсын,тоба де.
Тоба,тоба...)
Дурыс айтасың Jako,ашаршылык кезеңде тышканды да ұстап жеген ғой оның қасында
Тышқан ештеме емес адамды да жеген емес па!
Белгісіз
+1 дауыс
мен кішкентай кезімде 1 рет ғана жегенім есімде,мен ішек-қарын,бүйрек,өкпе дегендерді мулде  жеп көрмепін, ішек дегеннің дәмін де білмеймін,,былайша бауырды жеп көргем,бірақ жейін десем де жей алмаймын,көрсем болды құсам,әсіресе май дегенен,бәрі тәтті деп аузыма да тыққан,бірақ  үйренбей ақ қойдым, мен миды жақсы көрем
Сұрағыма жауап таба алмадым,әйтеуір...
0 дауыс
Тамактын татти жерлерин билмейди екенсиз!
Бұның себебі неден болуы мүмкін? НЕГЕ?

Үлкендерден сөз ала беремін..сонысы жаман(
мен бұл сұрақты не себептен екенін сұрадым,айып па бұл ?!
0 дауыс

оооо витамин-деп асай бер бәрін)) (қалжың)

Жалпы адам бір нәрседен жиіркенсе оны мүлдем жей алмайды. Сен жерсің, бірақ артында ойлаған абзал. Себебі оны жегеннен кейін нашар халде боласың, жүрегін айныйды, общым 2-3 күндей тамаққа қарауға зауқын соқпайды... (басымнан өткен жағдай)

Сондықтан,өзіңді қинама. Бәрібір жей алмайсың, үлкендер сенің денсаулығына жауап бермейді, өзіннің қалауын не жесенде. (мен қатты жиіркенем,жегім келген, бірақ...)

+3 дауыс
Менiң сүйiктi тамағымғо, өкпеден басқасы! Бiрiншi сен бөтекеден баста, ол өте дәмдii! Содан сон майды нанмен жеп үйрен, сосын iшектерi тәттiғой соларды же! Аз-аздан және жиiркенбей же! Iшектi аузыңа салып шайна, "мәә дәмдi екен" де өз-өзiңе сосын жұтыңыз.. Бұлар көмектеспесе манты (iшiнде май барғо) мен катлет (бауырдан жасаладығо) же! Сөйтiп-сөйтiп үйренiңiз. Үйрене алмасаңыз бiлмеймiн онда... Негiзi көмектесу керек кеңесiм) бұны жазған себебiм үлкендерден сөз алғанша, үйренудi байқап көр дегенiмғо
Жақсы айтылған көп рахмет ))
Ұнамаса жемей ақ қой, Менде сол бүйрек ,ішекқарын , өкпе дегенді ,өзім тұрмақ басқалар жесе жиіркенем!!! Бала кезімнен сондаймын. Ал бауырды жеймін, егер жақсы жұмсақ етіп,қуырылған болса!!! Бауыр деген өте пайдалы, сондықтан жеп көрген дұрыс , бірақ базардан сатып алсаң өте мұқият қарап ал!!! Соңғы кезде малда бауырдың құрт ауруы көп кездеседі!!!
Жақсы рахмет,жақсыы)
+1 дауыс
Малдын еттерін жемейтін адам болады. ОЛарды қинай алмайсын. Енді қайтесін табиғат жаратылысы сондай болса:)
0 дауыс
жей алмасан озинди кинама. вегетарианка болып журе бер
ЕТ жеймін ғой!!!
0 дауыс
Біз шүкірмізғо қытайлар сияқты арам заттарды жеп жүрген жоқпызғой! Адалдап бисмилламізді айтып дұғамызды оқып сойып жеймізғой.
...