Қазақша әзілдер 3
Студенттердің қоштасу кеші. Барлығы жиылып, профессорды ортаға алып:
- Профессор, қаласаңыз барлығымыз жиылып сізге машина әперейік !
- Жоқ, балдар, маған машинаның қажеті жоқ !
- Онда қаласаңыз барлығымыз жиылып сізге компьютер сатып әперейік !
- Жоқ, керек емес !
- Біз шын жүрегімізден айтып жатырмыз, ал сіз арманы жоқ қандай адамсыз?!
- Бар, балдар, менің бір ғана арманым бар: ЕШҚАШАН ЕШКІМГЕ МЕНДЕ ОҚЫҒАНДАРЫҢДЫ АЙТПАҢДАРШЫ !!!
Көшеде екі нашақор кездесіп қалыпты. Сонда біреуі екінішісіне айтып жатыр:
- Білесің бе, кеше телевизордан жақсы бір хабар берді. Онда бір еркек айтады, наша шегу адамдарға кері әсерін тигізіп, олар көктеммен бірге қуанып, табиғаттың сұлулығын сезінуден қалады екен.
Сонда екіншісі:
- Оның бәрі бос далбаса. Мысалыға, мен кеше өзімнің мөлшерімде қабылдап, сыртқа шықсам, ал онда тамаша: көктем, күн ән салып, құстар жарқыра-а-а-ап тұр .....
Күйеуі соғысқа кетіп бара жатып көршісіне айтады:
- Егер де әйелім үйге еркектер әкелген сайын, есікке бір шегеден қағып тұр.
Екі жылдан соң күйеуі соғыстан оралады.
Қараса есікте төрт шеге қағулы тұр. Көршісіне кіріп:
- Бар болғаны осы ма? – дейді.
Сонда көршісі:
- Жо-о-о-оқ, үйіңде тағы екі есік бар.
Жұмыстан келген күйеуі есіктің қоңырауын шалады. Әйелі көңілдесіне:
- Шайтан алғыр. Күйеуім келді.....
Есікті ашады да қоқсық толы шелекті беріп:
- Ой, жаным, мен бүгін сондай шаршадым, өтінемін, мына қоқсық толы шелекті шығара салшы!
Сол уақытта көңілдесі шығып кетеді де ойлайды: *Менің көңілдесім қандай ақылды!*
Ал үйіне келсе әйелі:
- Ой, айналайын күйеуім, мен бүгін сондай шаршадым, қоқысты шығара салшы!
Сонда күйеуі аулада келе жатып ойлайды: * Міне ақымақ, таңертеңнен кешке дейін үйде, ал қоқысты шығара алмайды!*
Әйелі көңілдесімен төсекте жатқан. Күйеуі есіктен кірген бойда шешініп, телевизордан футбол көруге отыра кетеді. Ал көңілдесі тек қана трусиі мен майкасын ғана киіп, телевизордың артына жасырынып үлгереді. Бір кезде әйелі ас бөлмеден ыдыс аяқтарды тарсылдатады. Күйеуі:
- Не болды?
Әйелі қандай да бір уақытқа көңілін аулау үшін:
- Арман бері келші. Мына ғажапты қаражы. Үш литрлі банка тоңазытқыштан құласа да сынбады.
- Сен оданда бері келіп мына ғажапты қара. Төреші алаңнан бір ойыншыны қуған еді, ол телевизордың арт жағынан шықты да, ренжулі күйінде кетті – деді күйеуі.
- Қазақтардың санын көбейтудің бір - ақ жолы бар!!!
- Ол қандай?
- Кетші - ай, білмейтін адам ұқсамай.
Екі наркоман шегіп, өзара әңгімелесіп отыр:
- Сен осы көк атжалмандарды көрдің бе?
- Жоқ.
- Менде көрген жоқпын. Ал бірақ олар бар.
Бірде орман шетіндегі алаңқайға аю сора егеді де, өзі жақын жердегі ағаштың төбесіне шығып, күзетіп отырады. Жанынан кірпі өтіп бара жатып, көреді де:
-О,о. Сора!!! Көру керек!!! - дейді де көсекке орап, шегеді. Аю ағаштын түсіп, қолына күрегін алып, арт жағынан жасырынып келеді.Кірпі шегіп, көзін жұмғанда, аю басынан бір ұрады. Кірпі есінен танып, ал аю ағашқа қайта шығады.Біраз уақыттан соң өзіне келген кірпі:
- Өте жақсы сора екен. Өзіммен бірге орып алайын! - дейді де орақты алып, ора бастайды. Мұны көрген аю ағаштан құлап қала жаздайды да:
- Әй кірпі, мен саған көрсетейін! - деп ағаштан түсіп, күректі алып арт жағынан жасырынып келеді. Кірпі орып жатқанда, аю басынан тағы да бір ұрады. Жерге құлаған кірпі тұра салысымен, өзіне - өзі:
- Ұйықтама!!! Ұйықтама!!! Ору керек!!! Ору керек!!!- дейді.
Астаналық бір қазақ алыстан келген қонағын жанына ертіп, қаланы аралауға шығады. Аралап келеді, небір жаңа жерлерді көрсетіп келеді, ара-арасында:
- Астана - менің қалам! - деп қояды мақтанышпен. Сөйтіп келе жатқанда, кенет бір бұрыштан бес-алты бұзақы атып шығып, әлгілерді местей қып сабап, өздері тайып отырады. Сонда аузы-басы қан-қан жігіт жанындағы жолдасына қарап:
- Қала менікі, ал аудан біздікі емес, бөтен, - депті
Бір мекемеде телефон безектей жөнеледі. Тұтқаны көтерген адамға ар жақтан біреу:
- Әлеу, сәлеметсіздер ме? Сіздерде сатып алуға доллар бар ма? - деп сұрайды.
- Иә, бар - деп жауап береді бер жақтағы телефон тұтқасын алған адам.
- Қазіргі курсы қанша екен бір доллардың?
- Елу теңге.
- Елу теңге??? Тым арзан ғой... Тұра тұрыңыз, бұл өзі қай жер, банк пе?
- Жоқ, баспахана.
Үш жасар баласын ойнатып, оның былдырлап сөйлеген сөзіне мәз болып, қызықтап отырған әкесі әйелінен:
- Не деген сүйкімді бала деген. Тыңдашы былдыр-былдыр етеді. Айтшы, сеніңше осы баламыз кімге тартқан өзі? - деп сауал қояды.
Сонда әйелі өзі де байқамастан:
- А-а, сен оны бәрібір танымайсың, - деп жауап беріп қалып, тілін тістей қойыпты.
Көшеде екі қыз келе жатады. Бір кезде бір жігіт жүгіріп келіп:
- Сәлематсыздарма қыздар! Сіздермен танысуға болады ма? - дейді.
- Біз сен сияқты кемтармен таныспаймыз!
- Түсінікті, түсінікті.... Мүмкін ірімшік жейтін шығарсыздар?
- Жоқ, жемейміз !
- Мүмкін, сондада жейтін шығарсыздар?
- Айттық қой саған, жемейміз !
- Мүмкін бір тілімін көрерсіздер ?
- Айттық, жоқ!
- Қызық, қызық..... Өздері егеуқұйрық болса да - ірімшікті жемегені несі?......
Банктің іс - басқарушысының терезесіне клиент келіп былай дейді:
- Маған жаңа есеп кітапшасы керек. Естіп тұрсың ба, теке? - дейді.
Іс - басқарушы:
- Кешіріңіз, түсінбедім !
Клиент сол қалпында қайталайды:
- Маған жаңа есеп кітапшасы керек. Естіп тұрсың ба, теке?
Іс - басқарушы аң - таң:
- Бір секунд!
Директорға барады да былай дейді:
- Мен сізді мазаламай-ақ қояйын деген едім, бірақ бір клиент келіп:*Маған жаңа есеп кітапшасы керек. Естіп тұрсың ба, теке?* - деп тұр. Мен не істерімді білмеймін.
Директоры сұрап жатыр:
- Оның есеп шотында қанша бар?
- 7 700 000 доллар!
Директоры: - Жаңа есеп кітапшасын бер оған. Естіп тұрсың ба, теке? - депті.
Бірде ағайындылар қыстыңгүні балық аулауға барыпты. Келген соң қараса, мұз оятын ешқандай құрал алмапты. Сонымен біреуін сүймен алып келуге жақын жердегі ауылға жібереді. Бір үйдің тұсына келіп шақырады:
- Әй шал, мұз оятын сүймен берші........
Шал беріп, ол кетеді. Бір сағаттан соң қайтадан:
- Шал, әй шал! Тағы да сүймен бар ма?
Шал тағы біреуін береді. Бір сағаттан соң қайта келіп:
- Шал, тағы да сүймен бар ма?
- Балам немене балық жақсы түсіп жатыр ма?
- Итім біліпті ме, қайықты әлі суға түсірген жоқпыз.....
Мәйітханада екі өлік сөйлесіп жатыр:
- Сен мұнда қалай келдің?
- Жаурап, ал сен?
- Ал мен күлкіден?
- ???
- Әйеліме сенімсіздік білдіретінмін, іс-сапардан ертерек келдім де, пәтерімнің бәрін қарап шықтым - ештеңкеде таппадым. Күлкілі болғандығы соншалықты, тоқтай алмай, осы жерден бір-ақ шықтым.....
- Ақымақ, тоңазытқышқа бір қарағаныңда екеуімізде тірі қалар едік !!!
Түрменің бір бөлмесінде маскүнем, наркоман және панк-рокер отыр. Маскүнем:
- Әй, қазір жүз грамм болса .... Ішіп жіберетін.....
Наркоман:
- Қазір бір шегетін болса..... Рахаттанатын.....
Панк-рокер:
- Әй, қазір бір жигулидің терезесі болса.....
Маскүнем мен наркоман:
- Неге?!
- Терезесінен қарап отыратын.....
Өзен жағасында бір наркоман шегіп алып отырады. Бір кезде қасына 600 мерс мінген жаңа қазақ келеді де:
- Қай жері саяздау? - деп сұрайды.
Наркоман дәл алдыңғы жағын нұсқап:
- Мына жері, дәл мына жері саяз... - дейді.
Жаңа қазақ өзен арқылы өтпекші болады да, батып кетеді. Бір кезде үсті-басы су, ашуланып, былай деп ұрысады:
- Сенің есің дұрыс па? Бұл 100 мың тұрады...!!!
- Білмеймін, жарты сағат бұрын осы жерді үйректер кешіп өткен болатын.....
Қызы үйінде ұзағынан болмайды. Тек қана таң ата келеді. Әкесі ашуланып:
- Сен қайда болдың ?
Қызы мақтанышпен:
- Мен түнді ұлттың батырымен бірге өткіздім.
- Кіммен?
- Белгісіз жауынгермен !!!
Шашын тықырлап алып тастаған еркек қалың ну орманның ішінде жүгіріп келеді. Ал оның соңында бір топ аңдар. Бір маймыл жүгіріп бара жатқан аңдардан сұрап жатыр:
- Не болды? Орманда өрт болып, мына жүгіріп келе жатқан өрт сөндіруші ме? Өртті сөндіре алмады ма?
Ал оған былай деп жауап беріпті:
- Жоқ, Тарзанды армияға шығарып салудамыз....
Бірде геолог чукчаға пельмен жасауды үйретеді. Бір жылдан соң қайта келіп, пельмендерін жеп отырып айтады:
- Сондай тәтті болыпты, өзің неге жемейсің?
- Ет тартқыштың ауырып тұрғаны ........
Ағаштың түбіндегі көлеңкеде