Әрбір нәрсенің екі ұшы болады, әлеуметтік желілер әрі зиян, әрі пайдалы. Барлық нәрселер заман ағымына қарай. Дәл қазіргі уақытта адамның өмірін әлеуметтік желілерсіз елестету қиын. Мүмкін, болашақта әлеуметтік желілерге ешкім кірмей, олардың орнын басқа нәрселер басатын шығар. Оны болашақта көре жатармыз. Ал, бүгінгі күнде әлеуметтік желілер адамға керек және пайдалы жағы көбірек.