+3 дауыс
6.8k көрілді

mektep.edu.kz сайтынан қалай өз класымның журналын қарасам болады.қалай тіркелуге болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәлеметсізбе Үмітжан.

Тіркелу туралы.

Әзірге жүйеге тек оқушының ана-аналары ғана тіркеле алады. Үл үшін сынып жетекші "сыныппен жұмыс" бөліміне кіріп, өз сыныбының оқушыларының ата-анасының мәліметтерін  Тегі, есіvі, әкесінің есімі және туған жылы, айы, күні енгізу керек.

Содан кейін ата-ана порталға кіріп, өз баласының мектебін таңдап, мектеп парақшасының оң жағындағы "Ата-аналарға кіру" сілтемесін басып, ашылған беттен "Регистрация" сілтемесін басу керек.

Сосын оқушының ата-анасы болып тіркелу батырмасын басып, баласының оқитын сыныбын таңдап, содан кейін баласын таңдайды.

Тіркелу формасын толық толтырып шығуы керек (Тегі, есімі, ЖСН (ИИН) және электронды поштасы), ата-ана енгізген ақпарат мұғалім енгізген ақпаратпен сәйкес келсе тіркелу жүгеке асырылады. Кейін өзі туралы анкетасын қалауынша толтырып қоюуына да болады.

Тіркелген ата-ана өз балаларының сыныбының журналын, күнделігін (үй тапсырмаларын), тоқсандық балағарын қарай алады және баласына сабақ беретін кез келген мұғаліммен хат жазып хабарласу мүмкіндігіне ие болады. Скриншоттары:

Жүйе іші, басты бет. Мектепте оқитын балаларының тізімі.

 

Күнделігі

 

Сынып туралы (оқытылатын пәндер туралы) ақпараттар

 

Сынып журналы

 

p/s: mektep.edu.kz сайтында сыныптың журналы қарау мүмкіндігі қазір алынып тастады. Кейбір ата-аналар (мұғалімдер) өз баласының бағасын бөтен біреу қарағанын қаламады. Қазір журналда тек өз бағасының бағаларын ғана қарай алады, ал көршінің баласы неше алғанын қарауға болмайды :)

p/s/s: Жүйеге оқушыларды да тіркеу мүмкіндігі болашақта қарастырылған.

Толығырақ мына жерде

Сайт жөнінде нұстаулар мына  жерде. Бұл бөлім жақын арада толықтырылып, қазақшаға аударылады.

+2 дауыс
Жоқ, тiркеле алмайсың, ол мүмкiндiк оқушылар үшiн шектелген, тек ұстаздар мен ата-ананың мүмкiншiлiктерi бар журналды қарауға!
...