+3 дауыс
516 көрілді
Ақылын ашуына жеңдірген басшымен қарым-қатынасты жөнге келтірер жолды кім көрсете алады?

7 жауап

+3 дауыс
Е ондай басшымен жумыс киын оте қиын. Сабыр түбі сары алтын. Бұл басыдан қорқып жасқану деген бізде кеңес заманынан қалған. Тек өзіңізді мойындату керек.
+4 дауыс
Бір екі рет жақсы соққы алса,сосон өзі де тартынатын болады.Жалпы ұжым ұйымшыл болса,бастыққа қиын болады.Біреуіне ұрыссаң бірін бірі қорғап отырса бастық санаспасқа шарасы қалмайды.Мәселен,сенен басқа тағы біреуді ренжіткенде сен оны қорғап шыға кел,ол өз кезегінде сені дегендейін.
+2 дауыс
Үндемеген үйдей бәледен құтылады деген. Ол адам үнемі солай сөйлейтін болса, құлағыңыздың жанынан өткізе беру керек ол адамның сөздерін. Бірақ кейде, жағдайларға байланысты, сыйлаған адамыңнан сөз естігенде үндей алмайтын жағдай жаманның жаманы.
+3 дауыс
Үндемесең бәрін де жеңесің...
+2 дауыс

Ол шалқайғанда сіз де шалқайыңыз, ол еңкейгенде сіз де еңкейіңіз. Бірақ оған  шындықты (яғни бастығыңыздан көрген әділетсіздікті) дер кезінде айта біліңіз.

бәленің бәрі - сол айтқанды ұқпайтындығында боп тұр....
Олай болса, жұмыс орныңызды ауыстырғаныңыз жөн. Екі қолға бір күректің табылатыны ақиқат.
0 дауыс
Карьера керек болса шыдайсыңдар,сатып алған аурудың емі ауыр болады...
0 дауыс
сіздікі дұрыс деп отыра беру керек.
...