+2 дауыс
3.4k көрілді

8 наурызға тілектер керек еді?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сізді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. О, періште Анам!

Келді көктем күнің,Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін. Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!
     . Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.Көктемнің алғашқы шуақты мейрамы сіздердің отбасыларыңызға бақ - береке ала келсін. Жүректеріңіз мейіріммен сусындай берсін.Әйел мейірімділігі, сүйіспеншілігі мен ізгілігі кез келген қиындықты қайыспай көтеруге көмектеседі, қоғамда биік орын алатыны сөзсіз. Олай болса Алда келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік, мықты денсаулық, бақыт пен құт-береке тілеймін.

Мерекелеріңізбен!!!

Анама

Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!

Жұмақ-кұшак панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-кыз,
Еңбек сүйгіш Анам!

Жыртылмастан жағаң,
Шарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!

0 дауыс
http://www.on.kz/u25120/blogpost/34872/ немесе http://pozdrav.resurs.kz/pozdravlenie/nauryz8
0 дауыс
Мынаны да қарап көр: http://massaget.kz/8-nauryz-/8037
0 дауыс
Сізді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні Сізге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін! деп айтсаң болады
0 дауыс
Тілегің жүректен шықса болды емес пе ? денсаулық бақыт татулық достық махаббат бәрін тілеп шықсай
...