0 дауыс
5.3k көрілді
күйдің құдыреті туралы

1 жауап

+1 дауыс
Күйді жай ғана музыкалық жанр десек қателесеміз. Ол сан қырлы, сан сырлы күрделі шығарма. Оның мазмұнына, сипатына қарай тарихи, лирикалық, аңыз, қаралы, арнау секілді тақырыптарға да бөлінетіні содан. Идеялық-көркемдік жағынан да сан алуан. Күйлерде тек көңіл-күй ғана емес, жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары және басқалар суреттеледі. Күйдің әуендік-түрлік құрлысы мен ырғағының, орындалуының өзгешелігі де назар аударарлық. Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді келсе, Дәулеткерейдің шығармаларына сезім, нәзіктік басымырақ. Тәттімбетте қоңыр әуен байқалады. Қазанғап күйлері жеңіл, ойнақы төгіледі. Күйшілердің домбыра қағыстары да әр түрлі. Біреулер «жаппай», «кезектесе», енді бірқатары «шертіп», «шұбыртып» қағады. Күйлердің орындаушылық дәстүрге, қағысына қарай екі түрге бөлінетініне де көзіміз үйреніп келеді. Оның бірі – төкпе, екіншісі – шертпе. Төкпеде көзге ұратыны – қайрат-өрлік, сергектік, өмірге құштарлық, қиындықтан жасымау, алға ұмтылу. Шертпе күйлер салқынқандылығымен, сабырлылығымен, терең философиялығымен, ой-сырға толығымен ерекшеленеді.
Міне, қазақ күйі дегеніңіз осындай. Ол бір өзінше әлем. Сол әлемнің қыр-сырына қанық қазақ – біз бақыттымыз.
Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды.
Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдыреті деген осы.
Қазақ жері – кең байтақ. О шеті мен бұ шетіне жету үшін ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талады. Ертеректе елді мекендердің арасында бүгінгідей тығыз қарым-қатынас, берік байланыс болмады. Осының өзі әр өңірдің күйшілік дәстүрі мен мектебін қалыптастырды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
–1 дауыс
5 жауап
Белгісіз 2.10.2014 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...