осы өлеңді әнімен естігендер бар ма?

0 дауыс
1.1k қаралым
Басқадан бақыт таптың, құралайым.
Нұрланып тұра берсін туған айым.
Аман бол,жақсы жар бол,суйгеніңе.
Ол менше сүйе ме деп сұрамаймын.
• Санаты: Жалпы ән туралы

1 жауап

+1 дауыс
Айлы түн    
с. Сағынғали Сейітовтікі,
ә. Донеділ Қажымовтікі

Айлы түн, айна бұлақ сылдыраған,
Адырлар қарауытып бұлдыраған.
Сен тұрдың батып ойға, мен іздедім,
Қайда деп күміс күлкің сыңғыраған.

Айлы түн, есіп самал манаураған,
Ақ жүзің албыраған алаулаған.
Қайтейін бәренен де ауыр болды,
Соңғы рет дидарыңа қарау маған.

Басқадан бақыт таптың, құралайым,
Нұрланып тұра берсін туған айым.
Аман бол, жақсы жар бол, сүйгеніңе,
Ол менше сүйе ме деп сұрамаймын.
рахмет уақыт кетіріп жазғаныңызға бұл өлеңнің сөзі бар бірақ әні қандай екенін білгім келген.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,799 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,833 қолданушы