0 дауыс
2.6k көрілді
маған 8 наурызға анама қандай сыйлық берем және 8 наурызға анама қыздарға тілек керек еді!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Осының біреуін танда:

 

1.жүргізуші
Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Сіздерді 8 – наурыз мейрамымен шың жүректен құттықтаймыз!

2.жүргізуші.
Ару - ана өмірдің асылдары,
Жайнайсың көңілінің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.

1.жүргізуші.
Ана - біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

2.жүргізуші.
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

1.жүргізуші.
Тізсем де сөз сарасын, сөз шырынын,
Қай теңеу көзін табар өз сырының.
Тербетіп тал бесікті таңды атырған,
Бұл құрмет бір минуттық көз шырымың.
Біз ізгілік өзің еккен бойдағы
Көкірегімнен жыр құсы боп сайрады.
Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір
Құтты болсын Аналардың мейрамы.!

2.жүргізуші
О, Ана, Ардақты Ана, Асыл Ана!
Аз сөзбен қасиетің ашыл ма?
Теңіздей шалқып жатқан жан сырының
Бұл тілек бұлақ басы ғана.

1.жүргізуші.
Келеді ортамызға жайнап тасып.
Қыз баласын сыйлаған халқым менің,
Қошеметтеп қол соғып қарсы алып.
Ортаға аруларымызды шақырамыз.

2.жүргізуші.
Сөз керек – ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге.
Сөз керек –дүниенің алтын діңгегі Ана екендігін әйгілеуге.
Сөз керек - анаға деген махаббат пен құрметті тіл ұшына үйіруге.
Сөз керек – жылына бір рет болса да Ана мен әйелдің көкіректі кернеген
Сезім мен көңіл – күйін білдіруге, - дей отырып сахнаға

1.жүргізуші.
Бүкіл әлем жаңарады, түрленеді,
Кәрі дала жасарып гүлденеді.
Жан дүниемде ғажап сезім оянады,
Ой да, қыр да алуан түске боянады.

2.жүргізуші.
Өмірге ана – бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен, талай көсем,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол – дүниеде ең ардақты адам, Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына
Ана деп біздің халық текке айтпаған.

1.жүргізуші.
Көркіңе таңдай қағып көл дір еткен,
Отырсың көгілдірмен мөлдіреп сен,
Лебізің жүректерді елжіреткен.
Сәбидей көңілі пәк бір арусың
Желкенің жүректердің желбіреткен.

1.жүргізуші.
Ардақты аналар, аяулы апайлар, ақкөңіл қылықты қыздар, әрқашан да сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер! Мейірімді жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Осымен біздің 8 - наурыз мерекеге арналған концерт аяқталды сау саламат болыңыздар!!!
...