Қандай филология? Орыс филологиясы ма, әлде қазақ филологиясына түскіңіз келе ме? Тіл мамандығы қашанда өлмейді. Оны бітірген мұғалімдіктен басқа журналист, аудармашы, интернетте фрилансер т.т. бола алады. Грантқа түсу үшін өте жоғары балл жинау керек. Әр жылы әр түрлі болады. Былтырғы жылы 70 балл алғандар грантқа іліге алмады. Проходной балл деген бар. Әр ЖОО әр түрлі болады. Мысалы, Абай атындағы ҚазҰПУ - 60, ҚазмемқызПУ - 50, әлФараби атындағы ҚазҰУ - 70 балл болған. Ол да ескеріледі.