Жаз күндерінде тері ауруларының көбейетіні белгілі. Солардың бірі – шиқан (сыздауық, фурункул) адамға өтежайсыз әсер етеді. Уақтылы әрі дұрыс емделмеген жағдайда ол тіпті қатерлі жағдайға ұрындыруы да мүмкін. Қышып басталып, жарылумен бітеді Сыздауық – ағзаның түкті жерлерінде пайда болатын жара, стафилококтар мен басқа да бактериялар себебінен туындап, асқынады. Негізінен терінің түк фолликулдары мол жерлерінде (бет, қарақұс, желке,бел, шат, бөксе аумағы, аяқ-қол) пайда болады. Алғашында аздап қышынып басталады, сыздауық басталған тұс қызарып, ісінеді, сосын бірте-бірте дөңгелене қатайып, қою қызыл реңге ене бастайды. Бұл кезде теріде кішігірім конусқа ұқсаған ісік пайда болады, аздаған қышынуға қоса ауырсыну сезіледі. Арада үш-төрт күн өткенде сыздауық пайда болған жердің орталық ұлпалары жұмсарып, түсі өзгереді, ол жерде жараныңөзегі пайда болады. Бұл кезде оның аумағы қол тигізбестей ауырады, әсіресе буын тұстарына шыққан сыздауық қатты ауырады. Сырқат адамның дене қызуы көтерілуі мүмкін, басы ауырады, мазасы қашады. Сыздауық әбден «пісіп-жетілгенде» оның өзегі өздігінен жарылады, орнында аздаған қанды жарақат ізі қалады. Қабыну, ісіну, ауырсыну басылып, орны көп ұзамай тыртықтана бітіп кетеді. Карбункул деген түрі бар Егер адам терісінде сыздауық шығуы жиі қайталана беретін болса, бұл – ағзаның фурункулезатты ауруға бейімділігінің, қорғаныс қабілетінің төмендеуінің белгісі. Фурункулезөршіген жағдайда уақыт өткізбей дәрігерге көрінген абзал. Сыздауық кейде қатарынан бірнешеу болып шығады, яғни түкті аумақтағы түктер түбінің бірнешеуін қамтиды. Мұндай сыздауық медицина тілінде карбункул деп аталады. Карбункулды тек хирургиялық әдіспен ғана емдейді. Қабынған тұс тілініп, ондағы «өлі» ұлпалартолықтай алынып тасталуы тиіс. Таза емес теріге үйір Сыздауықтың пайда болу себептері мынадай: * Қарапайым, гигиеналық талаптарды сақтамау, теріні таза ұстамау. * Тері жарақаттары (тырналған, жырылған, тілінген іздер, дерматит орны, т.б). * Түрлі стрестер әсерінен ағзаның қорғаныс қабілетінің кемуі, аздыратын созылмалы аурулар, витамин жетіспеушілігі,бұрыс диета қолдану, түрлі асқазан-ішек жайсыздықтары, зат алмасуының бұзылуы, қант диабеті, тағы басқалар). * Ағзаның шамадан тыс салқындауы. Қалай емделген дұрыс? Сыздауыққа жүрдім-бардым қарауға болмайды, өз бетімен емделген де дұрыс емес. Компресс қойып, ихтиол, Вишневский майын өз бетімен қолданғаннан да кейде зиян келіп жатады, оның соңы қабыну ошағының кең жайылуына жол ашуы мүмкін. Сыздауықтың негізгі нәтижелі емі – операция. Іріңді қабыну ошағы дер кезінде тілініп, өзегі алынып тасталуы тиіс. Оны тілу үшін жергілікті анестезия жасалады, өзегі еш ауырсынусыз алынып тасталады. Сосын оның орны тазаланып, қажетті ем жасалады. Асқынбаған сыздауық амбулаториялық жағдайда емделеді. Ал асқынған сыздауыққа уақыт өткізбей операция жасау керек. Сыздауықтан өз бетінше емделуге болмайды. Әсіресе бетке шыққан сыздауық қауіпті. Шығып келе жатқанда сығып тастап жоямын деушілер қатерге ұрынуы әбден мүмкін. Өйткені бет терісінде, тері астында мимен байланысқан ұсақ тамырлар бар, сыздауық іріңі қанға араласып, қан айналымымен миға түссе қиын. Мұндай қабынудың соңы көбіне қайғылы жағдайға ұрындырады. Сыздауықтан алғаш пайда болған кезінен аңғарып, ерте қимылдаған жағдайда операциясыз да арылуға болады. Оған дәрігер тиісті ем қолданады. Ал ірің пайда болғанжағдайда міндетті түрде операция жасатқан дұрыс. Ақпарат осы жерден алынды: http://zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/4258-shikan.html