0 дауыс
2.0k көрілді
Басқа адамның компьютеріне (файл,видео,фото т.б)  интернет арқылы қалай жіберуге болады?Білетіндеріңізді нақты түсіндіріп жазсаңыздар.Алдын-ала рахмет.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Интернет арқылы жіберуді білмеймін. Ал агент арқылы жіберуді білемін. Ол былай: Мәзірге кіресің, файл жіберу дегенді басып жіберетін бағдарламады таңдап + басасың болды кетеді.

0 дауыс
Торрент программасы арқылы үлкен көлемдегі файлдарды жіберуге болады.

Файлдарды торрент арқылы тарату туралы видеоларды көріңіз.
Оны мен де көрдім.Орысша онша түсінбедім.Қазақшалап үтір нүктесіне дейін түсіндіретін адам болса шіркін.
+3 дауыс

Басқа адамның компьютеріне электронды поштаны қолданып файл, мысалы құжат , немесе жұмысқа орналасу үшін резюме жіберуге болады. Егер сіздің кәдімгі агентте логиніңіз болса, демек сіздің электронды поштаңыз бар деген сөз.Мен сізге сурет түрінде бір құжатты жіберіп көрсетейін.

Алдымен mail.ru сайтына кіреміз. Егер сіз mail.ru сайтында тіркелсеңіз, онда бос орындарға логиніңізді, пароліңізді жазып кіре бересіз.

="http://fotohost.kz/images/2013/03/02/KuRI3.png"

Сосын,кіргенде мынандай терезе ашылады:

="http://fotohost.kz/images/2013/03/02/8sz7.png"

Менде қазақша нұсқа,сізде орысша болуы мүмкін.Астыңғы жақта языки деген жерден тілді ауыстырып алыңыз.. Хат жазу дегенді басасыз.

="http://fotohost.kz/images/2013/03/02/QTCEG.png"

Сол құжатты шертіп жіберсеңіз, поштаңызға жүктеледі. Сосын, "птичка" пайда болады. Сосын, жіберу дегенді басыңыз.Болды, құжатыңыз басқа эл.адреске жөнелтілді!

...